БАЛАБАҚШАЛАРМЕНМЕКТЕПТЕРДЕГІІС-ШАРАЛАРБАРЛЫҚБАЛАЛАРҮШІН ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ.
Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың
1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда:
Білімалушылардыңмектептегіөзін-өзібасқаруыбілім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Дебат– зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады: