Оқу үрдісі кезінде рөлдік-сюжеттік ойын әдістерін құрастыру және қолдану Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі»



Дата30.04.2017
өлшемі166,95 Kb.
#15260
М.Өтемісов атындағы БҚМУ

оқытушы, магистр А.Г.Утарова


Оқу үрдісі кезінде рөлдік-сюжеттік ойын әдістерін құрастыру және қолдану
Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқытудың  барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі  20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін  белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың  сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен  қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден  үлкен шығармашылық  ізденісті талап етеді.

Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілеттерін  ұштауда ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барысында оқушылар өз пікірін айтып, дәлелдеуге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рөлдік ойындар оқушылардың  сөздік  қоры мен тілін дамытады, оқушыларға айтар  ойын жоспарлауға, автор ойын  жалғастыруға, өзге  адамның пікірін  бағалауға үйренеді.

Сабақтың ұйымдастырылуын, оқулықтардағы ойын тәсілдерінің мазмұнын және оқу материалының сабақтарға енгізілген сюжеттік-рольдік ойындармен үйлесімділігін анықтау мақсатында оқу – әдістемелік материалға талдау өткізілді.

Талдау жүргізу үшін Ресей Федерациясы аумағында бастауыш сынып оқушыларын оқытуда қолданылатын, келесідей шетелдік және отандық ағылшын тілі оқулықтары алынды:

- Ағылшын тілі: ағылшын тілін тереңдетіп оқыту мектептерінің 1 сыныптарына арналған оқулық (авторы И.Н. Верещагина) [4];

- Enjoy English-1: Бастауыш мектептерге арналған ағылшын тілі оқулығы (авторы М.З. Биболетова) [3];

- Family and Friends 1, Oxford University Press (авторы Naomi Simmons) [6];

- Incredible English: Starter Class Book (авторы Sarah Phillips) [6];

Аталмыш оқу құралдарының ұқсас та, айырмашылықтар жақтары да бар. Материалды ұйымдастыру жағынан, барлық оқулықтар сабақтарға бөлінген. Олар сонымен бірге, Enjoy English оқулығынан басқасы тақырыптар бойынша юниттерге бөлінген. Сабақтар мен юниттердің саны әртүрлі. Тақырыпты өткеннен кейін материалды қайталау және тақырып бойынша өз білімін бағалау үшін тарау бөлінген (Enjoy English-тан басқасы).

Enjoy English және Family and Friends оқу құралдарының қосымшасында қысқаша өткен грамматикалық материал ұсынылған, Incredible English оқу құралында өлеңдер мәтіні; И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілінің қосымшасында қосымша материал ұсынылмаған, оның ерекшелігі әр тоқсанның соңында материалды тексеруге арналған арнайы үй тапсырмалары мен топтамаларының болуы.

Материалды баяндау түрі бойынша, шетелдік оқу құралдарында материал толықтай ағылшын тілінде баяндалғанын атап өту керек, ал отандық оқу құралдарында жаттығуларға арналған тапсырмалар (кейде жаттығулардың өздері де) орыс тілінде берілген.

Сәйкесінше, отандық басылымдарда бір тілден екінші тілге аударуға берілген тапсырмалар болса, шетелдік оқулықтарда ондай тапсырмалар жоқ.



Оқытылатын материалға қатысты айтатын болсақ, ол да оқулықтарға байланысты ұсынылған. Отандық әдіскерлер оқулықтардағы көптеген тапсырмаларды ертегілердегі белгілі кейіпкерлер Винни Пух, Карлсон, Буратино және тағы да басқаларының негізінде келтірген, олар Ресейде тұратын балаларға өте жақсы таныс болғандықтан, балаларға тапсырмаларды орындау үшін қиялы мен фантазияларын қосуды талап етеді.

Family and Friends оқулығында басты кейіпкерлер ретінде бір отбасы берілген, Incredible English оқулығында басты кейіпкерлер ретінде балалар мен Kitty атты марғау (мысықтың баласы) берілген.

Одан әрі біздер оқу құралдарын тіл тарауларын оқытылу материалына енгізілу тұрғысынан қарастырдық. И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілі оқу құралында жаңа лексика тыңдалымның көмегі арқылы енгізіледі, ол оқулық беттерінде жабаша түрінде берілмеген.

Оқытылатын тақырыптар шеңберіне танысу, отбасы, ойыншықтар, ойындар кіреді. Enjoy English оқулығы жаңа сөздерді есту арқылы қабылдауға бағытталған және сөздерді жазбаша түрде берілмеген (кейбір дыбыстарды жетілдіруге арналған сөздерден басқасы). Аталған оқу құралында мына тақырыптар қарастырылады: танысу, жануарлар, отбасы, спорттық ойындар және тағы басқалары. Family and Friends оқулығында лексиканы оқыту тәсілі, жоғарыда қарастырылған тәсілдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Сөздер, сөйлемдер, сұхбаттар мәтіні жазылған суреттер түрінде берілген. Мынадай, танысу, мектеп оқу құралдары, ойыншықтар, дене мүшелері, отбасы, киімдер сияқты тақырыптар оқытылады. Олар тыңдалымның және өлеңдердің көмегі арқылы енгізіледі. Incredible English оқулығында сөздер тыңдалымның көмегі арқылы енгізіледі, олар оқулық бетінің төменгі жағында жазбаша түрде берілген. Оқытылатын тақырыптар шеңберіне танысу, мектеп оқу құралдары, жануарлар, жемістер енгізілген.

Аталған оқу құралдарының көмегімен грамматиканы меңгеру де әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады.

«Ағылшын тілі» оқулығында грамматика жеке тарау ретінде берілмеген, тұтастай алғанда грамматикалық ережелер де жоқ, сол сияқты мұндай жағдай Incredible English оқу құралында да кездеседі. Family and Friends оқулығында грамматика суреттері мен мысалдары бар жиектемелер және кестелер ретінде келтіріліп, соңында өткен ережелерді бекіту үшін жаттығулар берілген.

Грамматикаға Enjoy English оқулығында ерекше көңіл бөлінген, соның ішінде сөйлемдегі сөздер реттілілігіне, олар туралы ережелер арнайы кестелерге шартты белгілер арқылы (үшбұрыштар, шаршылар) жасалған.

Грамматиканы оқып үйрену бойынша практикалық жаттығулар коммуникативтік сипаттамада берілген.



Фонетика туралы айтсақ, бірде бір оқу құралында дыбыстарды меңгеру тілді меңгерудің негізгі бөлімі ретінде қарастырылмайды. Кейбір оқулықтар оқу мен әріптерді дұрыс жазу ережесін бірге берген (И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілі, Family and Friends), Enjoy English оқулығы бұған әріптерді қисындыстыра оқуды қосады (ашық және жабық буындар, әріптермен байланыстыру). Өлеңдерді ағылшын тілінде сөйлеуші адамдардың тыңдалым жазбалары арқылы жаттау, дыбыстардың дұрыс айтылуына, дауыс ырғағын меңгеруге мүмкіндік береді (И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілі, Family and Friends, Incredible English оқулықтары).

Графика мен орфографияға қатысты, жоғарыда аталғандардың ішінен тек екі оқулық та ғана дұрыс жазу ережесіне көңіл бөлінген.

Enjoy English оқулығында ағылшын әліппесінің әріптерін дұрыс жазуға арналған тапсырмалар бар. Family and Friends оқулығында бұған көп көңіл бөлінген, әріптерді дұрыс жазумен қатар, онда сөйлемдерді (сонымен қатар, бас әріптерді) дұрыс жазуға, тыныс белгілерін дұрыс қоюға арналған тапсырмалар бар.

Біздер сонымен қатар, оқулықтардың әртүрлі сөйлеу қызметінің түрлерін қарастырған оқулықтардың мазмұнын қарастырдық, өйткені төрт компоненттің де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қатысуы тілді меңгеру кезінде өте қажет.

Мысалы, тыңдалым барлық оқу құралдарында оқу процесінің едәуір бөлігін қамтыған. Тыңдалымға кейбір сөздер мен сұхбаттардың, сөйлемдердің, кішкентай әңгімелердің, өлеңдердің айтылуын тыңдату кіргізілген.



Айтылым шетел тілі сабағындағы ең маңызды әрекеттердің бірі болып табылады. Айтылым дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі тапсырмалар (сұхбаттарға, сұрақтарға жауап құрастыру, суреттерге сипаттама беру, тақпақтар, өлеңдер жаттау, естігенді қайта айтып беру); И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілінде келтірілген, одан кейін Family and Friends оқулығында (сұхбаттар құрастыру, суреттерге сипаттама беру, сұрақтарға жауап беру); Enjoy English оқулығына сұхбаттар құрастыру, өзің туралы айтып беру, өлеңдер жаттау түріндегі тапсырмалар енгізілген; Айтылым дағдысын дамытуға бағытталған тапсырмалар Incredible English оқулығында ең аз берілгендігін анықтадық, ондағы тапсырмалар негізінен диктордың соңынан сөздер мен сөйлемдері қайталауға және сұрақтарға жауап беруге негізделген.

Оқылымға қатысты айтсақ, бұл әрекетке Enjoy English оқулығында (әріптерді оқу, әріптер тіркесі, сөз тіркестері, сөйлемдер, қысқа мазмұнды әңгімелер) және Family and Friends оқулығында көп көңіл бөлінген (сөздерді, сөйлемдерді, сұхбаттарды, тақпақтар мен қысқа мазмұнды әңгімелерді оқу). «Ағылшын тілі» оқулығында тек әріптер оқылымы ғана қарастырылған, ал Incredible English оқулығында оқылым тіпті қарастырылмаған. Талдауға таңдап алынған оқу құралдарына сәйкес, жазылым әрекет түрінде ағылшын тіліне үйретудің бастапқы кезеңінде басты роль ойнамайды. Мұндай қорытындыға біздер екі оқулықта да (И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілі, Incredible English оқулығы) жазылымға арналған тапсырмалардың жоқтығынан келдік, Enjoy English оқулығында тек әріптерді дұрыс жазу ережесі бойынша ғана тапсырмалар берілген. Аталмыш әрекет бойынша көптеген тапсырмалар Family and Friends оқулығында (сөздерді дұрыс жазу ережесі, тыныс белгілерін түзетуге арналған тапсырмалар) берілген [1];

Біздің қызығушылығымызды тудыратын басты нәрсе, бұл аталмыш оқу құралдарында қолданылатын ойындар. Әрбір оқулықта кездесетін ойындарды мысалға келтіре отырып, ойындардың жалпы мазмұны мен бағыттылығына сипаттама берейік.

1) И.Н.Верещагинаның редакциясымен шыққан ағылшын тілі көптеген ойындарды қарастырады. Кейбіреулерін атап өтейік:

- «Әр елдерден келген қонақтар»: бір-бірімен танысу;

- «Ойлан, тап»: біреудің атын жасыру, басқалары табу үшін. «Yes», «No» деп жауап беру керек;

- Тізбек ойыны: жаныңда тұрған оқушылармен танысу;

- Сыныпқа жаңа оқушы келді деп ойлаңыз. Танысу керек;

- «Қуыршақ театры»: саусақ қуыршақтар әңгімесі;

- Хормен жүру-ойыны: біреудің аты туралы өлең айтып беру;

- «Сұхбат»: сізден сұхбат алып жатыр деп ойлаңыз, сұрақтарға жауап беру;

- «Кейіпкерді табу»: өзіңді ертегі кейіпкері етіп көрсету, өз ата-аналарың туралы айтып беру, басқалары сенің кім екеніңді табуы керек;

- «Хабарлама»: басқа елде тұратын, досыңа жауап ретінде, дауысты хабарлама жіберу;

- «Аудармашы»: хабарламалар аудармашысының ролін ойнау;

- Жарыс-ойыны «Кім көбірек»: командалар аталған әріпке басталатын көп сөздер айтуға тырысады.

Байқағанымыздай, барлық ойындар коммуникативтік сипаттамада берілген. Жеке және ұжымдық ойындар да, ойыншықпен және ойыншықсыз да ойнайтын ойындар бар. Қағазда ойнайтын ойындар жоқ. Ойындар, тапсырмалардың едәуір бөлігін қамтитынын атап өту керек. Ойындар қайталанбайды. Орташа бір сабаққа 2-3 ойыннан келеді.

2) Enjoy English оқулығы да көптеген ойындардан тұрады. Олардың кейбіреулерін қарастырып көрейік:

- Әңгіме құрайтын ребусты шешу;

- Ормандағы жануарларды табу;

- «Сәулетші»: өзіңді сәулетші ретінде сезініп, ұсынылған ғимараттардың ішінен біреуін таңдап алу;

- Есте сақтау қабілетін тексеруге арналған ойын: бір минут ішінде қанша жануар және қандай жануарлар бейнеленгенін жаттап алу;

- Өзіңді бір жануар ретінде елестетіп, не істеу білетініңді әңгімелеп беру;

- Суреттер бойынша оқиғаларды ойнап көрсету: адамдар не туралы айтуда;

- «Оптимист және қыңқылдақ»: не істеу білесің немесе не істеу білмейсің;

- «Қонақтар»: өзіңді үй иесі ретінде сезініп, қонақтарға бір ойын ойнауды ұсыну;

- «Құпия тыңшы көмекшісі»: құпия тыңшыға жасырған жануарды тауып беруге көмектесу;

- Жануарларға сипаттама беру және өз труппаңа ең үздік актерді таңдап алу.

Жоғарыда аталған ойындардан біздер жеке де, ұжымдық ойындарды да атап көрсете аламыз. Оқулық бойынша да ойнайтын, ешқандай нәрселерді де қажет етпейтін ойындар бар. Сонымен қатар, оқушы қиялын, есте сақтау қабілеті мен логиканы қажет ететін де ойындар бар. Орташа бір сабаққа 1-2 ойыннан келеді.

3) Келесі - Family and Friends оқулығына мынандай ойындар кіргізілген:

- Ертеде естіген бір оқиғаны ойнап көрсету;

- «Арыстан»: арыстан бейнесін өз қолыңмен жасап, оның дене мүшелері туралы әңгімелеп беру;

- Қимылдарды орындай отырып, «At the park» өлеңін айтып беру.

Аталған оқу құралдарында келтірілген ойындар, әрбір тарауда қайталанады және олардың мазмұны өзгеріп тұрады. Ойындар әртүрлі қызметтер атқаруына байланысты, әртүрлі сипаттама да берілген: коммуникативтік ойын (сюжеттік-рольдік), ұжымдық; жеке баланың шығармашылық қабілеттерінің қатысуымен; лексикалық материалды есте сақтауға бағытталған ұжымдық қозғалыс ойыны. Орташа бір сабаққа бір ойыннан (2 сирек) келеді.

4) Ең аз ойындар саны Incredible English оқу құралында, олардың арасында:

- «Бинго»;

- Ертеде естіген бір көріністі ойнап көрсету;

- Теректерді өз қолыңмен жасап, оның жапырақтарының түстерін атап беру;

- Өз қаламсауытыңның, оның ішіндегісінің суретін салып, қаламсауыттың ішінде не бар екендігі туралы әңгімелеп беру;

- «Colour mixing»: бояуларды араластырып, қандай түстер пайда болатынын атап беру.

Тұтастай алғанда, ойындар коммуникативтік сипатта берілген. Ойындардың көп бөлігі ұжымдық ойынға емес, жеке оқушыға есептелген. Сонымен бірге, көптеген ойындар әртүрлі нәрселерді (оқулықты, қарындаштарды, бояуларды т.с.с.) пайдалана отырып өткізіледі. Бір сабаққа, негізінен бір ойын кіргізілген.

Шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемесінде оқушыларды сабақ кезінде ынталандыру тақырыбы көбірек көңіл аударуда. Бастауыш сынып оқушыларына қатысты айтатын болсақ, мұнда оқушылардың қызығушылығын сабақ бойына сақтау үшін, әртүрлі ойын әдістерінің қолданылуы қарастырылады

Өзінің тәжірибелік және қарым-қатынастық бағыттылығының нәтижесінде сюжеттік-рольдік ойындарды қолдану танымалдылығы өсуде.

Біздер бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктерін, олардың қарым-қатынастық дағдыларын және оларды шетел тілдеріне оқытуда ойын әдістерін өткізудің теориялық негіздерін зерттедік.

Көптеген әдіскерлер мен балалар психологтарының пікіріне сәйкес, баланың сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларының дамуы, оның тұтастай алғандағы дамуына, құрбылары және ересектермен қарым-қатынасына, оның тұлға болып дамуына және дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді.

Ойын, баланың мектепке дейінгі жастағы басты әрекеті болғандықтан, бастауыш сынып оқушыларының сабақтарынан алып тасталмауы керек, өйткені ол балаларға оқу материалын еркін түрде қабылдауға, достық қалыптағы атмосферада оқылған тақырыптың бекітілуіне және шетел тілі сабағына ойын элементтерін кіргізу, балалардың бүкіл сабақ бойына қызығушылығы мен белсенділігінің сақталуын қамтамаыз етеді.

Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, сюжеттік-рольдік ойындар балалардың әртүрлі қарым-қатынас қабілеттерінің іске қосылуына әсер етеді, мысалы, басқа оқушының пікірі мен тілегін тыңдай білуі, өз ойын анық та, түсінікті жеткізе білуі, тілдік қарым-қатынасты бастап және әңгімені қолдай білуі, сұхбаттасушының пікірімен келісуі немесе сыпайы түрде келіспеушілігін білдіруі.

Бұдан басқа, сюжеттік-рольдік ойын балаларға әңгіме тақырыбына өздерінің қатынасын ымдар мен мимиканың көмегі арқылы білдіруге үйретеді, ал бұл қарым-қатынас міндеттерін орындаудағы маңызды аспектілердің бірі. Белгілі бір рольді орындау баланың алдына нақты міндеттер қояды және балаға қойған мақсатына жету үшін, оны өзінің бар дағдыларын пайдалануға ынталандырады.

Сюжеттік-рольдік ойындар бала тілінің айқындылығы, реттілігі, дербестігі сияқты әртүрлі аспектілерінің дамуына әсер ететіндігін атап өту керек.

Тұтастай алғанда, сюжеттік-рольдік ойындарды шетел тілі сабақтарына кіргізу баланың құрбыларымен өзара қарым-қатынасының дамытады, ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуге және мәселелерді бірге шешуге, мұның бәрі оны ересек өмірде алдына қойылған міндеттерді шешуге әзірлеп, үйретеді.

Сөйтіп, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру қоғамдағы өмірге қажетті маңызды факторлардың бірі, сондықтан оған бала жастан жеткілікті көңіл бөлу керек.

Сюжеттік-рольдік ойын ұйымдасқан педагогикалық процесс болып табылады, ол сюжеттің, қиялдағы жағдайдың және болжамды рольдердің көмегімен қарым-қатынас дағдыларын дамытуды жүзеге асырады, сұхбаттасушымен қарым-қатынас орнатуға және жалғастыруға, қоғаммен тиімді бірлесіп әрекет қылуға үйретеді[2];

Ойын – оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады. Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song», «Bingo» т.с.с. сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.

Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?


  • Қисынды ой – қабілетін дамытады

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

  • Зейіні қалыптасады

  • Байқампаздығы артады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  • Бір – біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Ағылшын тілі сабағында ойнатылатын ойындардың сан алуан түрлері бар. Олар:

  • Фонетикалық ойындар

  • Әріптерге байланысты ойындар

  • Оқу ережесіне, жаттығуларға байланысты ойындар

  • Дидактикалық ойындар

  • Сын есімге байланысты ойындар

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау барысында грамматикалық ойындарды қолдану тиімді.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалану керек. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.



Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс – тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін озық технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Аржакаева Т. А. Психологическая азбука. Начальная школа (Первый год обучения) / Т. А. Аржакаева, И. В. Вачков, А. Х. Попова. — М.: Генезис, 2012. — 144с.

  2. Ахметова М. Н. Педагогическое мастерство: материалы IV Междунар. Науч. конф. (г. Москва, февраль 2014г.) / М. Н. Ахметова – М.: Буки-Веди, 2014. – 156 с. – С. 80-82

  3. Биболетова М. З. Enjoy English-1: Учебник англ. яз. для нач. шк. / М. З. Биболетова, Н. В. Добрынина, Е. А. Ленская. – Обнинск: Титул, 2006. – 144 с.

  4. Верещагина И. Н. Английский язык: учеб. для 1 кл. шк. с углубл. изучением англ. яз., лицеев, гимназий и ст. групп дет. сада / И. Н, Верещагина, Т. А. Притыкина. – М.: Просвещение, 2006. – 160 с.

  5. Выготский Л. С. Проблема культурного развития ребенка (1928)/ Л.С. Выготский. - Вестн. Моск. ун-та. Сер. 14, Психология. 1991. N 4. С. 5-18

  6. Incredible English. Starter Class Book. Sarah Phillips. Oxford University Press. 2012. – 68 p.

  7. Обоева С. В. Игра как модульная технология работы педагога дополнительного образования [Электронный ресурс]: http://mrpdo-s.narod.ru/index/0-4




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет