Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет1/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны


Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар
Етті өңдеу кәсіпорынның негізгі түрі ет комбинаты болып табылады. Одан басқа ет өнеркәсібінде арнайы кәсіпорындар бар. Мысалы, шұжық фабрикалары, консерві зауыттары, кейбір кәсіпорындар тек қана сонымен айналысатын және майды өңдеу-сою орындары бар. Әр түрлі ет өнімдерін (шұжықтар, жартылай өңделген өнім) өндіретін етті өңдеу зауыттары соңғы уақытта кең таралған. Олар тек қана мұздататын немесе тоңазытылып әкелінетін шикізатпен (етпен) жұмыс жасайды. Ет комбинатының құрылыстары типтік жоба бойынша жұмыс жасайды.
Ет өнімдерін өндіретін нысандардың қуаттылығы бір ауысымдағы өңделген ет көлеміне қарай анықталады. Олар мынандай нысандарға бөлінеді:
1) бір ауысымда 3 тоннаға дейін ет өнімдерін өңдесе - ол шағын қуатты;
2) 10 тоннаға дейін - орташа қуатты;
3) 10 тоннадан жоғары болса жоғарғы қуатты болып саналынады.
Нысан пайдалануға берілгенде етті және ет өнімдерін өндіру көлеміне және түрлеріне тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруі керек.
Ет комбинаттары тағайындалуы бойынша әкететін және тұтынатын деп бөлінеді. Малшаруашылық аудандарда әкететін ет комбинаттары салынады. Олардың жұмысына малдарды сою және өңдеу жатады. Мұндай ет комбинаттарының қуаттылығы жоғары және онда ірі мұздатқыштар бар. Ал, тұтынатын ет комбинаттары, керісінше, жақын жатқан аудандардағы халықты ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етеді. Кез-келген етті өңдеу кәсіпорындары қуаттылығы мен тағайындалуына, құрылымы бойынша цех құрамы мен қондырғыларының орнатылуына тәуелсіз санитариялық ережелер мен жобалау нормаларына сай болу қажет. Жергілікті жердің рельефіне, грунт суларының деңгейіне, жергілікті су қоймаларының болуына, жол құрылғыларының қолайлылығы және санитариялық-техникалық құрылысқа көңіл бөлу қажет. Егер нысан қаланың өнеркәсіп аудандарында орналасқан жағдайда санитариялық тұрғыда бір кәсіпорынның келесі кәсіпорынға қолайсыз әсерін болдыртпау қажет.
Орта және аз қуаттылықты ет комбинаттары бірқабатты ғимараттарда жобаланады. Бір қабатты ғимаратта цехтардың орналасуы қолайлы.
Ұйымның қуаты мен саласына қарамастан өндіріс үрдісі барысында мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) технологиялық үрдістің тоқтаусыздығы;
2) таза үрдістер мен лас үрдістердің оқшаулануы;
3) цехтардың арасында ыңғайлы байланыс және технологиялық үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру.
Нысанды орналастыру, жер телімін бөлу, құрылысын жүргізуге және қайта жаңарту, пайдалану үшін жасалынатын жобалық құжаттар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары және мемлекеттік мал-дәрігерлік қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда ғана орналастырылады. Нысан жеке аумақта орналасуы керек. Ұйымның тұрғын үй ғимараттарында мал соятын орындарды шұжық өнімдерін және ет ыстайтын орындарды қарастыруға болмайды.
Ұйымның қуатына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылығы саласындағы қолданыстағы СанЕжН талаптарына сай санитариялық-қорғау аумағы анықталады. Осы кәсіпорындардың жобалануына қойылатын санитариялық нормаға сәйкес малды сою алдындағы күту базасы бар ет комбинаты мен тұрғын үй және мал қоралары арасындағы санитариялық қорғау аймағы 200 м-ден кем болмау керек.
Малды сою алдындағы күту базасы жоқ кәсіпорын мен жеке тұрған ет өңдеу кәсіпорындарына арналған СҚА 50 м-ден м-ден кем болмау керек. СҚА өндірістің қуаттылығы мен сипатына байланысты 50м-ден 1000 м-ге дейін орнатылады.
Нысан аумағы қоршалынып, көркейтіледі. Құрылыстан бос аумақтар периметрі бойыша көгалдандырылады. Аумақта өсімдіктердің гүлдеу кезінде шашылатын талшықтар беретін, өнімі салбырап тұратын ағаштар мен бұталарды егуге рұқсат етілмейді. Аумақ жаңбыр, қар және жуынды суларды ағызып жіберетін жүйемен жабдықталуы керек. Аумақтың кіріп шығатын екі есігі болып, күн сайын тазалануы керек. Жазда - сумен шайылып, қыста - қар мен мұздан тазаланып, құм себілуі керек.
Нысан аумағында төмендегідей негізгі аймақтар болуы керек:
1) әкімшілік - әкімшілік үй-жайлары орналасқан ғимараттан, бақылау жүргізіп жіберетін пункттен және жеңіл көліктер тұруға арналған алаңнан тұрады;
2) шаруашылық - қосалқы шаруашылыққа арналған ғимараттар, бақылау пункттері, механикалық жолмен жөндеу жүргізетін шеберхана, жағар май, құрылыс және қосымша материалдарды сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар, қоқыс пен қалдықтар жинайтын қоқыссалғышқа арналған алаң, аулалық дәретханаларды орналастыруға арналған алаң жатады;
3) малды сою алдындағы күту аумағы (базасы) - оқшаулайтын карантиндік бөлімшеден және оқшаулағыштан, санитариялық сою орнынан (қасапхана), автокөлікті санитариялық өңдеу мен зарарсыздандыратын пункттен құралады. Санитариялық қасапхананың жеке кіріп шығар жолы болуы керек;
4) өндірістік-негізгі өндірістік ғимараттар орналасқан аумақтың бір бөлігі; сондай-ақ өндірістік зертхана, (егер жұмыскерлер саны 50 мен 300-дің аралығында болса) медициналық пункт, ал 300-ден көп болса денсаулық пункті; тұрмыстық үй жайлар; егер ауысым ішіндегі жұмыскерлердің саны 30-дан көп болса, асхана; егер ауысым ішінде жұмыскерлердің саны 30-ға дейін болса, тамақ қабылдайтын бөлме, сондай-ақ мал дәрігерлік инспекторлар үшін қызмет бабындағы үй-жай қарастырылуы керек;
5) су құбыры және канализациялық құрылғылар орналасқан алаң.
Тиеп-түсіретін алаңдар, темір жол және автокөлік платформалары мен ашық мал ұстайтын жерлерден өтетін жолдар, санитарлық блок аумағы, малды айдау жолдары, автокөлікке арналған жолдар тегіс, су өткізбейтін асфальт-бетонды қабаты бар, жууға және зарарсыздандыруға ыңғайлы болуы керек.
Аумақтағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар:
1) шикізаттар мен дайын өнімдердің өзара;
2) мал дәрігерлік тексеруден өткен, сояр алдында ұстайтын орынға жіберілген дені сау мал мен карантинге, оқшаулауға, немесе санитариялық сою орнына жіберілген ауру немесе ауруға қаупі бар малдың өзара;
3) тағамдық өнімдердің малмен, қимен, өндірістік қалдықтармен өзара қиылысуын болдыртпайтындай орналасуы керек.
Қоқыстарды жинау үшін темір контейнерлер қолданылады, олар, көлемі контейнердің түбінен 3 есе үлкен асфальтталған алаңда, өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 метрден (бұдан әрі-м) кем емес қашықтықта орналастырылады. Қоқыстар жиналатын алаң 3 жағынан, биіктігі 1,5 м бетондалған немесе кірпіштен қаланған қабырғамен қоршалуы керек. Қоқыстар мен қалдықтар контейнер сыйымдылығының 2/3 бөлігі толған кезде шығарылады, бірақ күніне кем дегенде бір рет тазалануы керек. Босаған контейнерлерді жуып және зараpсыздандырады.
Автокөліктердің дөңгелектерін зарарсыздандыру үшін кәсіпорынның аумағына кіретін және шығатын қақпаның жанында эпизотиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты арнайы зарарсыздандыратын ерітіндімен толтырылған зарарсыздандыратын кедергілер болуы тиіс. Зарарсыздандыратын кедергілер жылдың суық мезгілдерінде зарарсыдандырғыш ерітінділер қатып қалмас үшін, жылыту құралдарымен жабдықталуы керек.
Ет өнімдерін өндіру барысында шығарылатын өнімдердің түріне және нысан қуаттылығына қарай мынандай үй-жайлардың тобы қарастырылуы керек:
1) малды сояр алдында ұстауға арналған базада карантинді, оқшаулағыш, санитариялық сою орны (бұдан әрі- карантин бөлімшесі). Базаға көшеден енетін жеке жол болып, малды қабылдайтын алаң, жұмыскерлерге тұрмыстық бөлме қарастырылуы керек;
2) малдың ұшасын, ішек-қарынын, ішектерін, тағамдық майларды, техникалық альбуминды алғашқы өңдеуден өткізетін және теріні сақтайтын бөлімшесі бар цех;
3) шұжық жасайтын цехта (етті сүйектен айыратын, ет турамасын дайындайтын, тұздау, бүйендейтін, тығыздайтын, қайнататын, ыстайтын, кептіретін және басқа да цехтар мен камералар) болуы керек. Шұжық цехында жартылай дайындалған ет өнімдерін (аспаздық ет - ірі және ұсақ ет туралған, тоңазытылған еттік -ұндық бұйымдарды, вакуумдалған өнімдерді) дайындауға рұқсат беріледі;
4) шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын тоңазытқыш камералар;
5) консервілеу цехы;
6) мал азығы және техникалық өнімдер цехы;
7) медициналық препараттар цехы;
8) қосымша цехтар (цех ішіндегі жиһаздарды, айналыста жүретін қаптама құалдарды жекелей жууға арналған, дайын өнімдерге, шикі заттарға, бос ыдыстарға қосымша материалдарға, тағамдық қоспаларға арналған қоймалық үй жайлар);
9) құс еттерін өңдеу үшін негізгі цехтың жанында оқшауланған жеке бөлімше қарастырылады.
Ет, шұжық, консерві, ішек-қарын шикізаттарын, техникалық фабрикаттарды өндіретін цехтарды корпустарда және жеке тұрған ғимараттарда орналастыруға болады.
Өндіріс цехтары- етті-майлы, шұжық, консервы және т.б. сәйкес корпустарда орналастырылуы керек. Өндірістік- тағамдық өнімдердің өндірістік- техникалық өнімдерден толық шектелетін болса, барлық цехтарды (малды сою алдындағы күту базасынан басқа) ғимараттың бір блогында орналастыруға рұқсат етіледі. Өндірістерде цехтардың дұрыс жинақталуының эпидемиологиялық маңызы зор. Техникалық өнімдер цехын біріншілік өңдеу цехына жақын орналастыру қажет, бірақ та ол ет комбинаты тағамдық цехынан бөлек болуы керек және оның өнімді шығаратын бөлек есігі болу керек.
Техникалық альбуминді шығару бөлмесі тағамдық мақсаттағы қаннан жасайтын өнімді шығару, буып түю және сақтау бөлмелерінен бөлек болу керек.
Теріге арналған қоймаларды жеке орналасқан бөлмеде жайғастыру қажет. Техникалық өнімге арналған платформада теріні жекелеп шығаруға арналған орны болу керек.
Медициналық препараттарға арналған цех кәсіпорынның жалпы кешенінде жеке ғимарат түрінде жобалануы мүмкін. Тағам цехтары арқылы дайын медициналық препараттар мен шыны ыдыстарды тасымалдауға болмайды.
Өндіріс цехтарын жинақтағанда технологиялық үрдістерді қамтамасыз ететін қажетті температуралық жағдайды ескеру қажет. Мысалы, басты өндірістік ғимараттың алаңында минус температуралы бөлмелерді, плюс температурада салқындатылатын бөлмелер мен жоғары температурадағы бөлмелерді дұрыс топтастыру қажет. Осы талаптарды сақтағанда әр түрлі өнімдердің түрлеріне температура факторының зиянды әсері төмендейді.
Өндірістік цехтарда және ұйымның санитарлық блок үй-жайларында өндірістің қуаттылығы мен бағытына қарамай қабырғалардың панелі мен коллонасы әйнекеленген тақтайшамен әрленуі немесе 2 м биіктікке дейін түсі ашық майлы сырмен боялуы керек. Цех ішіндегі құбырлар өзінің орындайтын бағытына қарай ерекшеленетін түске боялуы және таза ұсталуы керек. Жергілікті көлікті (арба, автокар) қолданылатын үй-жайлардағы колонналардың бұрышын зақымдалудан сақтау үшін 1 м биіктікке дейін, ілінбелі жылжымалы көлік жүретін орындарды 2 м биіктікке дейін қаңылтырмен қаптап, қорғау керек. Есіктердің төменгі жағы 0,5 м биіктікке дейін қаңылтырмен қапталуы керек.
Барлық үй-жайлардың едендері тегіс, су өткізбейтін материалдармен қапталып, жұмыс орындары және су ағатын жолдар мен траптарға қарай еңіс болуы керек. Жұмыс барысында көп су бөлінетін еден маймен ластанатын өндірістік цехтардың едендері ағаштан жасалған тор көздерімен жабдықталуы керек. Үй-жайларға ағымдағы жөндеу жұмыстары керек болған жағдайда кем дегенде 6 айда 1 рет жүргізіліп отыруы керек.
Өндірістік, тұрмыстық және көмекші үй-жайлардың қабырғалары мен төбесін әктегенде немесе сырлағанда зарарсыздандыру жұмысы қоса жүргізілуі керек.
Өндірістік үрдіс барысында едендері мен қабырғалары маймен былғанатын май өңдейтін және кейбір ет өңдейтін цехтарда оларды ыстық сабын ерітіндісімен күніне кем дегенде 2 рет жуады. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген сілтілі ерітіндімен немесе басқадай майсыздандыратын заттармен жууға болады.
Ауысым соңында барлық цех ішінде орналасқан есіктерді, жуынды суға арналған трап пен науаларды, тасымалдауыштарды, конвейерлерді, лифттерді жуып, шайып, зарарсыздандырады. Терезенің шынысын, оның рамасының ішкі бетін 15 күнде бір рет, ал сыртқы бетін оның кірленуіне байланысты жуып сүртіп отыру керек. Жазғы мерзім кезінде ашылатын терезелерді шыбыннан қорғау үшін металлдан жасалған торлармен қаптау керек.
Жинап-тазалау құрал-жабдықтарына белгі салынып, олар арнайы шкафта сақталуы керек. Оларды басқа мақсатта қолдануға болмайды. Жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар жеткілікті мөлшерде болып, арнайы қоймада немесе шкафта сақталуы керек.
Кеміргіштерден қорғану үшін мыналарды орындау керек:

  1. есіктің табалдырықтары мен есікті (40-50см биіктікке) қаңылтырмен немесе темір тормен қаптау керек;

  2. жертөле терезелері мен желдеткіш жүйесінің тесіктері қорғағыш тормен жабылуы керек;

  3. қабырғалардағы, едендердегі, су қүбырлары өтетін жерлердегі тесіктерді металл жаңқалары қосылған цементпен жабу керек;

  4. цехтарды тағам қалдықтары мен кездейсоқ түсетін өнімдерден тазалап, жұмыс соңында тағамдық шикі заттар мен дайын өнімдерді мұқият жабу керек.

  5. дератизация шаралары жүргізілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет