Хаттама№1 Қатысты: 58 Қатыспады: 0



Дата27.09.2023
өлшемі49,83 Kb.
#182698
Байланысты:
ХАТТАМА 1 бірлестік




Хаттама№1


Қатысты:58 Қатыспады:0
Күн тәртібінде:
1.Өткен жылды қорытындылау,2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу
2.2022-2023 оқу жылына арнап жылдық жоспарларды қарап шығу, құрастыру
3.Жас мамандарға тәлімгер бекіту
4.Марапаттауға мұғалімдер ұсыну
5.Аттестацияға мұғалімдер ұсыну
6.Озат тәжірибелік жұмыстарын тарататын мұғалімдерді анықтау, ұсыну,зерттеуге алу
7.Инклюзивті оқытуға байланысты курстан өту Тыңдалды:
1-мәселе бойынша бастауыш сынып бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Избергенова Байрамгул сөз сөйледі. Жаңа оқу жылымен мұғалімдерді құттықтап өткен оқу жылының қорытындысын айтып өтті.2022-2023оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен әр бір мұғалім танысу керек деп атап өтті.Әдістемелік нұсқау хатта өзгерістер жайлы тоқталды. Бастауыш білім беруде 1-сыныптарда мынадай өзгерістер енгізілді.Шет тілі және орыс тілі пәндері оқытылмайды.Көркем еңбек пәні екіге бөлінеді. «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес,жалпы білім беретін ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар боған кезде жүзеге асырылады.Шет тілі пәні 2-сыныптан бастап оқытылады.2-4 сыныптарда сабақ ұзақтығы 45 минут,1-сыныптарда 35 минутты құрайды.Қазан айынан бастап 1-сыныптарға 45минуттан сабақ өткізіледі.Оқу жылының ұзақтығы 30 мамырға дейін болады. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру.Ерекше білімді қажет ететін білім алушыларға тиімді психалогиялық- педагогикалық қолдау көрсету.Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу.Осы өзгерістер жайлы танысып,сол бойынша жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.
2-мәселе бойынша пән бірлестік жетекшісі Утепова Сырғаш сөз сөйледі. 2022-2023 оқу жылына арнап жылдық жоспарларды қарап шығу, құрастыру туралы айтып өтті.Жылдық жоспарды құрастыруда,оқу бағдарламасын негізге ала отырып жасау керек екендігін атап өтті .
3-мәселе бойынша жас мамандарға тәлімгерлер бекітілді.
4,5-мәселе бойынша Марапаттауға мұғалімдер ұсыну ,аттестацияға мұғалімдер ұсыну
Көп жылдық тәжірибесі бар,атқарып жатқан жұмыстарын ескере отырып мұғалімдерді марапаттауға ұсынды.Аттестацияға мұғалімдерді ұсынуда,санат мерзімі аяқталуға жақын мұғалімдер өтініш беру керек деп айтылды.
6-мәселе бойынша бастауыш сыныптар арасында өздерінің іс-тәжірибесін жинақтап таратуға ұсынып отырған мұғалімдердің жұмыстары қаралды.



Аты-жөні

Тақырыбы

1

Сагинова Гүлназ

Математика сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу

2

Бақытжанова Құндыз

Оқушыларды көркем жазуға баулу жолдары



3

Тилекешова Зулфия

Дүниетану сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану

4

Алимбетова Калия

Ойын технологиясының тиімділігі

Әріптестер арасында талқыланып жатқан іс-тәжірибе жинақтарын ортада талқылау жүрді.Талқылау барысында іс-тәжірибелерін ұсынып отырған мұғалімдердің еңбектері сабақтар барысында қалай қолданып жүргендері әріптестер арасында қызығушылық оятқандары айтылды.
7- мәселе бойынша инклюзивті білім беруде курстан өтпеген мұғалімдер болса,куртан өту керек деп атап өтілді.
Қаулы:
1.Өткен жылды қорытындылау,2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысып,сол бойынша жұмыстар атқарылсын
2.2022-2023 оқу жылына арнап жылдық жоспарларды қарап шығу, құрастыру,оқу бағдарламасына сай жүргізілсін
3.Жас мамандарға тәлімгер бекіту
4.Марапаттауға мұғалімдер ұсыну
5.Аттестацияға мұғалімдер ұсыну,санаты аяқталған мұғалімдер жұмыстансын
6.Озат тәжірибелік жұмыстарын тарататын мұғалімдерді анықтап, ұсыну,жұмыстары таратылсын
7.Инклюзивті оқытуға байланысты курстан өтпеген мұғалімдерді,курстан өтуі жүзеге асырылсын

Пән бірлестік жетекшісі: Утепова Сырғаш


Хатшы: Мадатбаева Айгул

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет