Орта білім беру



бет191/240
Дата23.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127961
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   240
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1) (копия)

Жұмысмазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша

әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп

болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу

мақсаттарын анықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып

келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен

оқу мақсаттарын анықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін

жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін

консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа

тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру

кестелерін жоспарлау принциптері:



  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі

мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл




жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;

тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.


Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын

толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу



16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол

жеткізу


17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың

біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу



18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын

толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу



19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы

оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру



20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау

Аталған шараларды келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтап, күрделі тақырыптар бойынша консультациялар, қосымша сабақтар беру ұсынылады.

Мысалы, пән бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін 11-сыныпта 10-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады:



«Қазақстан тарихы» пәні бойынша:

  • «Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары»;

  • «Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер»;

  • «Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттердің саяси ұйымы»;

  • «Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері»;

  • «Қазақ халқының мемлекеттік егемендігін қалпына келтіру үшін күресі»;

Дүниежүзі тарихы бойынша:

  • «Ежелгі әлем өркениеті»;

  • «Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы»;

  • «Заманауи өнердің даму тенденциялары».

«Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың білімдегі олқылықтарын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде, құқық жүйелі ғылым болғандықтан алдымен негізгі тақырыптар бойынша олқылықтарды анықтау үшін оқу материалының негізгі бөлімдерінен 11-сынып білім алушыларының біліміне мониторинг жүргізу ұсынылады.



10-сынып бойынша мониторинг жүргізуге ұсынылатын оқу мақсаттары:

10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт);

10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);


        1. Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру;

        2. Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар);

10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау, 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау;

10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер);



        1. азаматтық құқық субъектілерін анықтау;

        2. азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу;

10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;

10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;



        1. қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру;

        2. қылмыстық процесс субъектілерін ажырату;

        1. азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау;

        2. азаматтық процестің субъектілерін ажырату.

Сонымен қатар білім алушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру, заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге және оларды практикалық жағдаяттарды шешу кезінде тәжірибеде қолдануына көңіл бөлу ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, нақты құқық нормасына сілтеме жасай отырып, өз көзқарасын дәлелдей білуге ерекше назар аудару қажет.

«Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру құралы ретінде жаңа тақырыпты зерделеуде өткен тақырыптарды салалық белгі бойынша біріктіру ұсынылады.

Мысалы, 10-сыныпта 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру оқу мақсатын 9.1.1.1 әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

ұғымы мен рөлін түсіндіру оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады; 11-сыныпта 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіруде 10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау және 10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу оқу мақсаттарымен кіріктіру ұсынылады.

Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша қосымша сабақтар, шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру кезінде оқу пәндері бойынша келесі тақырыптарды меңгерту ұсынылады:


  • «Құқықтық мемлекет ұғымы және принциптері»;

  • «Адам құқықтары ұғымы және оның негізгі түрлері»;

  • «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар».

Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде белсенді оқыту әдістерін (кейс-технологиялар, графикалық органайзерлер, имитациялық ойындар) және интерактивті (кластерлер, пікірталастар, дебаттар) қолдану ұсынылады.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым- қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет