физика-математика мектептеріне арналған – 6 (білім беру деңгейлері және оқыту тілдері бойынша №93-98 қосымшалар).
олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне, спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне арналған үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы) – 4 (№105-108 қосымшалар).
ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұн) – 10 (№ 4, 5, 9, 10, 111-116 қосымшалар).
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары бойынша әзірленген үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы
№496 бұйрығымен бекітілген (www.nao.kz).
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172).
Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:
әр сыныпқа жеке-жеке;
параллель сыныптарға;
мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |