Орта буында ағылшын тілін оқытуда тақПАҚтар мен өЛЕҢдерді пайдаланудың тиімділігі магистр, аға оқытушы Н. Рысбекқызы Түйіндеме



Дата15.09.2017
өлшемі60,69 Kb.
#32204
ОРТА БУЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ТАҚПАҚТАР МЕН ӨЛЕҢДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Магистр, аға оқытушы Н.Рысбекқызы
Түйіндеме: Елбасы жолдауында кез-келген орта санатты мектептің балаларына ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгеруге аса мән беріліп отыр. Шет тілін үйрету барысында пән мұғалімдері оқушыларды сөздердің дұрыс айтылуына қай сыныпта болмасын үлкен мән беріп отыруы тиіс.

Тірек сөздер: тілдік және танымдық біліктілік, эстетикалық тәрбие, шығармашылық

тапсырма, коммуникативтік дағды.

Оқу қазақ, орыс тілінде жүретін мектептерде ағылшын тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері күнделікті еңбек барысында әр түрлі болуы қажет.

Тіл материалын (лексиканы, фонетиканы, грамматиканы) ірктеп алуда лексика жетекші рольді атқарады. Ең алдымен лексика іріктеліп алынып, соған сәйкес грамматикалық материал іріктеледі. Орта мектепте оқытылуға тиісті грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап, қорытатын грамматикалық ережеледі іріктеп алу керек. Бұдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, мәтіндер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.

В.А. Бухбиндер мен В. Штраусстың редакциясымен шыққан «Шетел тілін оқыту методикасының негіздерінде» оқытудың мазмұнына тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады. Білім берудің практикалық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру оқушылардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сферасында да әсер ету арқылы іске асырылуы тиіс.

Грамматикалық материалды, жаңа лексиканы енгізу, тілдік материалды бекіту барысында тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың тіл үйрену процесі барысында берері мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысындағы музыканың алатын орнына тоқтала кетейік. Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға болады деген сөзі бар. Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерінде әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады.


Шет тілін үйрету барысында да музыканың ықпалы мол. Олай болса тіл үйренудегі музыканың әсеріне тоқтала кетейік.

1. Ән тілдік қарым қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оқушының сөз қорының кеңейіп, бекуіне ықпал етеді, Ән тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қарқыны өсіп, студеттің есінде тез сақталады. Әндерде жер-су атаулары, географиялық атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер жиі кездесетін болғандықтан, студенттің тілдің стилистикалық ерекшеліктерін түсініп, сезінуіне ықпал жасалады.

2. Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта түсетіндіктен, оқушының грамматикалық құрылымдарды еске сақтауы жеңілдей түседі. Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп, мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
3. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.

4. Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып, эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта түспек.

5. Әнмен жұмыс оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.

Тақпақтар мен өлеңдер – орта буын оқушыларының (5-8 сынып), әсіресе, есте сақтап қалу қабілеттерін және қызығушылықтарын арттырады.

Тәжірибеде ағылшын тілі сабақтарында тақпақ пен ұйқастырмаларды пайдаланамын және оқушылар өлеңдерді тыңдап, мұғаліммен бірге айтады.

Осы әдістерді пайдаланған кезде оқушының белсенділігін, мақсатқа ұмтылуы, шапшаңдығы мен еркінділігі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қандай тақырып, сынып болса да мұғалімнің шеберлікпен жүргізген сабағы оқушы үшін мол білімнің көзі болуы керек.

Орыс, қазақ мектептерінде ағылшын тілін оқыту – орта буын оқушыларының сол елдің тарихын, ата – дәстүрін, мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге, қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан-жақты терең ұғындыру үшін сабақта түрлі әдістер пайдалану қажет.

Шет тілі сабақтарында берілетін әндер мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады. Сабақ барысында әрбір мұғалім текстің өлеңді түріне де көңіл бөліп отыру керек. Ол да практикалық міндетті шешумен бірге оқушыларды эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, шетел тілі сабағының қызықтылығы мен әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Өлеңді текспен жұмыс істеу бірнеше кезеңнен тұрады.

Біріншіден мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал, ия болмаса аударма арқылы түсіндіреді. Оқушылар өлеңнің жалпы мазмұнын түсінген кезде өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде мұғалім өлеңді өзі оқып береді. Соңынан оқушылар қиын сөздер мен күрделі сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен мұғалімнің соңынан бәрі бірдей, әрі жекелей қайталап айтады. Өлең жолдары өте қиын болмаса, толық жатталады, біршама қиын өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқуға алдын ала дайындық жасалады. Ол үшін мұғалім өзі оқушыларға дауыстап, мәнерлеп оқып беруге міндетті. Өлеңдермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сөздік қорын дамуы, поэзияға деген қызығушылығы пайда болады. Үйге өлеңді оқу немесе жатқа айту, өлең түріндегі әдеби аударма жасауға тапсырма беріледі. Сабаққа қажетті өлеңді таңдау сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және грамматикалық материал мазмұнымен, оқулықтағы тест немесе ауызша әңгіме тақырыбымен, сондай-ақ қызыл даталы күндермен байланысты анықталады.

Мысалы, көктемгі аналар мерекесі қарсаңында төмендегі өлең жолдарын сабақ барысында пайдаланып, жаңа лексикамен оқушыларды таныстырып, қазақша баламасын беруге болады.



My dear, dear mummy
I love you very much
I want you to be happy
Today and every day
Be happy, be happy
Today and every day
Be healthy, be healthy
Today and every day

6 – сынып оқушыларына Present Continuous Tense грамматикасын түсіндіргеннен кейін, оқушылардың осы грамматикалық материалды жеңіл түрде түсінуі үшін мына өлең жолдарын ұсынуға болады.

Five little monkeys are jumping on the bed


One fell off and bumped his head
Mama called the doctor,
And the doctor said
No more monkeys are jumping on the bed

Қазіргі таңда жалпыға білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабақтарында Т.А.Аяпованың «Ағылшын тілі» оқулығы қолданылуда. Орта буында 8-9 сыныптарда Conditional Sentences, яғни шартты сөйлемдерге қатысты тақырыптар кездеседі. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында мына өлең жолдарын оқушыларға беруге болады.



If You Are Happy And You Know It (text, lyrics):

If you’re happy and you know it, clap your hands.


If you’re happy and you know it, clap your hands.
If you’re happy and you know it,
And you really want to show it,
If you’re happy and you know it, clap your hands.

Орта буында ағылшын тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқу процесінде мұғалімнің, жолдастарының, екі бір адамның сөзін түсініп, түрлі типтік ситуацияларда «Танысу», «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада» т.б. сөйлеумен бірге қазақша дұрыс мәнерлеп оқу, сауатты жазу техникасын меңгерту. Сондай-ақ, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауда қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дуниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіңдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ыкпал ететін жаңаша білім мазмұнын кұру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бipi. Ceбeбi, бұл қaзipгі бiлiм беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып окушыларының жас ерекшелегіне, психологиялық, саралығы, шығармашылық кабілетінің даралығына қарап, әpi қарай жалғастыра беруге болады. Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар бергенде, олар суретпен жасаған көркем әлемге өзінің «кішкене әлемін» қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Формирования лексических навыков//Учебное пособие под ред. Е.И. Пассова,

Е.С. Кузнецовой.- Воронеж: НОУ, Интерлигва, 2002

2. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В,

2007.


3. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5

4. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет