«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Қазіргі кездегі зерттеулер



бет5/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

Қазіргі кездегі зерттеулер: Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлы «Шыңғыс хаған кім?» деген мақаласында ұлы тұлғаның өмір жолының кейбір тұстарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ «Қазақ заңдары және Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы» деген мақаласында Шыңғыс ханның жүргізген мемлекет реформасына тоқталды. Жұмахан Қожамқұл Жалайыр «Шығыстың көкжалы – Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның қазаққа орны толмас қасірет-қайғысы туралы жазады.
Араб халифатының тарихына қатысты деректер мен зерттеулер мөлшері тым шектеулі. Деректер негізінен орыс тіліне аударылып, көпшілікке тараған. Тақырып бойынша арнайы монографиялардың жұтаңдығы мен қазақша оқулықтардың жоқтығы көбіне Араб елдерінің тарихын оқып үйренумен қатар терең танысуға кедергі жасайды.
Маңызды деректерге «Құран», мұсылман ренессансының көрнекті ғалымдарының еңбектері жатады. Тағы бір дерек көзі ретінде Абу-ль-Фарадж аль-Исфаханидың [1] деректерін атап өткен жөн. Көрнекті ғалым В.В. Бартольдтың [2] шығармаларының 9-томы біздің нысанамызға алынып отырған Араб халифатына қатысты зерттеу еңбектері топтастырылған. Е.А. Беляевтың [3]еңбегін арабтардың өмірі, діні және ерте ортағасырлық кезеңдегі тарихына ден қойып, жан-жақты зерттелген монографиялық еңбек ретінде қарастыруға болады. Халифат тарихына қатысты жазылған іргелі еңбектер қатарына О.Г. Большаковтың [4] зерттеуін жатқызамыз. К.Э. Босфорт [5] мұсылман әулетінің билеушілерінің генеологиясы мен хронологиясы жөнінде жүйелеу жұмыстарын жүргізе отырып, анықтамалық жасаған. Қарастырып отырған кезеңдегі шығыс қоғамындағы шаруаны тарихи субъект ретінде қарастырған Гордон А.В. [6], Азиядағы мемлекет ерекшеліктері [7], Таяу және Орта Шығыстағы дін иелері мен саяси өмір туралы [8] еңбектер қарастыры потырған кезеңнің тынысымен танысуға мүмкіндік береді. Арабтардың көрші елдерге жорықтарына дейінгі ерте феодалдық қатынастардың қалыптасуын шығыстанушы тарихышалар Жюльен Ш.А. [9], Ю.В Качановский [10] атап көрсетеді. Б.Н. Заходер [11] және Петрушевский И.Л [12] араб мемлекетінің қоғамдық-экономикалық құрылыс мәселелері, мемлекеттің құрылуы, ерекшеліктері, басқа елдердің дамуына ықпалын аша түскен, Омейя дәне Аббас әулеттерін сипаттап жазған. Араб мәдениетінің дамуы, оның көрнекті өкілдері, араб-мұсылман мәдениетінің дүние жүзілік өркениетке қосқан үлесі жайлы мәліметтер осы Конрад Н.И. [13], Мец А. [14] еңбектерінде және де зерттеулеріндеерекше аталып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет