Аксумның гүлденуі ІУғ жатады. Аксумның патшасы тек қана Эфиопияның облыстарына билік жүргізіп қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Африка аймағында биледі. Аксум Суданның мемлекетінің Мероэ деген қаласын тартып алды. Шамамаен 353 жылы Аксум Византия патшалығымен сауда-саттықпен тығыз байланыста болған кезде, Аксум християн дінін жариялаумен байланысты болды.
УІІ ғғ. Арабтар саудагерлерінің қатысуымен Аксум құлдырай түсті. Саяси және әлеуметтік жағдайы да өзгерді. 630-640 жж. Арабтар Аксумның ішкі жағдайын құлатты. Армахан ислам дінін таратып, оңтүстік Эфиопияға әсерін тигізді. УІІ-Х ғғ. аксумдықтар ақырында Абиссин аймағына тарала бастады. Бұл процессс бірнеше 100 жылға созылды. Аксумдық патшалар орталығы биліктері әлсірей бастады. Аксум бірнеше бөліктерге бөлінді.
Хғ. Эфиопияның ескі астанасы құлады. Аксумдық патшалығы өмір сүруді тоқтатты. Эфиопия жаңа патшалықтың қолына түсті.(Фалаша-иудей тайпасы болуы мүмкін). Себебі Эфиопия жылнамаларында Хғ-дан ХІІ ғ-ға дейін Аксум туралы хабар бермейді. ХІІ ғ. билік християндық династия Загвей биледі. Бұлар Ласта ақсүйектерден шыққан. Осы династия 100 жыл өмір сүрді. Династины билеген Лалибала, тауларда християн шіркеуін қашап салдырған. Осы тамаша ескерткіштер орта ғасырлық Эфиопия архектурасының бірі.