«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Хосров І кезіндегі сыртқы саясат



бет33/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

Хосров І кезіндегі сыртқы саясат. Хосров І көрші елдеріне байланысты жаулап алу соғыстарын жүргізді. Кавада тұсында өріс алған Иран мен Византия арасындағы соғыс Хосров тұсында жалғасын тапты. 540 жылы Иран әскерлері Сирияның ең маңызды экономикалық орталығы болып табылатын Антиохияны жаулап алып, Оронт арқылы Жерорта теңізіне шықты. Антиохиядан әкелінген тұтқындарды арнайы соларға салынған Ктесифондағы бір жерге орналас тырған. Византия мен Иран Лазика үшін соғысты. Кавказдың шығысында Хосров күшті бекініс жүйесін тұрғызды.
Ирандықтар оңтүстікте ірі жеңістерге жетті. 570 жылы Иеменді жаулап алды. Иеменді жаулап алуы олардың Индиядан батысқа өтетін сауда жолына билік етуіне мүмкіндік алды. Иранның шығыс шекарасына эфталиттер қысым көрсете бастады. 600 жылдардың басында эфталиттерге ҮІ ғасырда ұлы держава құрған түріктер қысым көрсете бастады. Бұл жағдай Хосровқа эфталиттерді жеңу үшін көмектесті.
605 жылы Византиямен соғысты жалғастыра отырып, Иран әскерлері Армения жеріне енді. Кіші Азия арқылы Месопатамия мен Константинопольге өтті. Олар Босфор бұғазындағы Халкедонды жаулап алды. Иран жерлерінің бір бөлігі Сирия мен Палестинаға еніп, 614 жылы Ирусалимді жаулап алды. Сасанидтер армиясы Төменгі Египет жерінде өз ықпалын жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет