«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет32/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

Хосрова I реформасы. Халық көтерілісі орын алған Сасанидтер мемлекет терінде ескі тәртіптің сақталып қалуы мүмкін емес еді. Сондықтан жаңа сасанид шаханшахы Хосров І Аноширван (531-579) елде феодалдық тәртіпті орнықтырып дамыту мақсатында реформалар жүргізе бастады. Халық көтерілісі кезінде алынған жерлер конфикацияланып, мемлекеттің жеріне кірді. Жердің басқа бөлігі, яғни құлиеленушілердің жері жаңа жер иесіне берілді.
Билеуші тап өкілдері арасында да өзгерістер пайда болды. Жерінен айырылған ақсүйектер өкілдерін Хосров патшалықтың қызметіне қабылдады. Осы арқылы ол ақсүйектерді өзіне бағынышты қылдырмақ болды.
Хосров І реформасының ең маңыздысы салық реформасы болып табы лады. Бұл реформа бойынша ол көптеген салық түрлерін алып тастады. Негізгі деген екі салықтың түрін қалдырды. Олар хараг және гезит деп аталады, бұлар жер салығы болып табылады. Каваде мен Хосров І тұсында жерлер өлшеніп соған байланысты салық мөлшері белгіленген. Егер де жер өлшемі көп болса, салық көп мөлшерде алынған. Салық ақшалай түрде алынған.
Деректерде билік басындағы адамдардың кірісі ұлғайған сайын, олар өздерінің шаруаларына жер мен жерге себетін тұқым берілді. Осы реформаның жүргізілуі Сасанидтер державасында феодалдық қатынастардың дамуына себеп болды. Реформаның салдарынан шаруалардың экономикалық жағдайы біршама жақсарды. Хосров І реформасының нәтижесінде азат-дихкандар феодалдық қоғамда әскери сословиеге кірді. Маздакит қозғалысының жойылуынан кейін бұл әлеуметтік топ өкілдері мемлекеттің әскери және административтік қызме тін атқарды. Елде төрт әскери округ құрылып, әскери және азаматтық билік болып бөлінді. Ел төрт аймаққа бөлінді, азаматтық аймақтық билік әскери бастыққа, яғни спахабадаға бағынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет