Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхамед ибн Ахмед әл-Бируни – ұлы түркі ғалымы. 973 жылы қазіргі Қарақалпақстандағы Қият қаласының маңында туған. 1948 – 50 жылы Ауғанстан жеріндегі Ғазни қаласында қайтыс болған. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минерология тағы басқа ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл-Бируни көптеген тілдерді білген. 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «Әл-құруын әл-Һалия» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хамар тағы басқа ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның 1048 жылы жазылған «Асыл тастар» еңбегі екі бөлімнен тұрады, «1-бөлімде (36 тарау бар) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, жылан тасы тағы басқаларға сипаттама берілген. Ал, 2-бөлім (12 тарау бар) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы тағы басқа металдар мен солардың қоспаларын сипаттауға арналған. Ал, «Масғұд каноны» , «Минералдардың меншікті салмағын аңықтау ережесі» сияқты еңбектері белгілі. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45 астрономия мен математикаға арналған. Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек, дәрігерлік еңбектер жазған. Олар әлем тілдеріне аударылған.
Махмұт Қашқари, Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед – түркі халқының әлемге танытқан ұлы ғалым. Туған және қайтыс болған жылы белгісіз, XI ғасырда өмір сүрген. Махмұт алдымен Қашқар қаласында білім алып, кейін Бұхара мен Нишапур қалаларында жалғастырған. Махмұт Қашқари ғылымының барлық саласын қамтыған, өлмес мұра «Диуан Лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегінде түркілердің өмір-салтын барлық қырынан ашып берген. Онда XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының қалары, олардың туысқандық бөлініс, ас-ерекшелігі, дәстүр бәрі-бәрі қамтылған. Қазақ жерінде сол дәуірде болған оқиғалар жайында мол мәлімет берілген, Махмұт Қашқаридың еңбегі түркология ғылымының ірі жетістігі.
«Диуани лұғат ат-түрік» Махмұд Қашқаридың ірі еңбегі. Бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына. «Диуани лұғат ат-түріктің» автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатех кітабынан табылды. Ғалым А. Егеубайдың аударуымен бұл еңбек қазақ тілінде 1997 – 1998 жылдары жарық көрді
|