Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
2. Шыңғысханның монғол-татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары. ХІІІ ғасырдың басында Амур өзенінің жоғарғы ағысы мен Қытайдың солтүстік шегарасында өмір сүретін монғол тайпаларының ханы Темучин (1155-1227) монғолдың әртүрлі тайпалары мен татарларыды біріктіруге қол жеткізді. 1206 жылы Құрылтайда (Онон өзенінің жағасында өткен) Темучин ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан деп атала бастады. Монғолдардың үлкен әскери одағының құрылуы ірі жаулап алу жорықтарының басталуна әкелді. Бұл үшін алғышарттары бар еді. Темучин күшті әскери тайпалық ақсүйектерді басқарды. Оның әскери пайдаға құныққан тәжірибесі әскери күші болды. Монғол тайпаларында көп мөлшерде қатардағы әскердің резерві болды . Көшпелі мал шаруашылығы салтымен өмір сүретін монғолдарда жылқы баптау жоғарғы дәрежеде дамыды. Ал егіншілікпен өмір сүріп отырған халықтардың қарсы тұруы қиын болды. Бұнымен қатар көршілес Қытаймен көп соғыса отырып, әскери техниканы қытайлықтардан өздеріне енгізді. Шыңғысхан аз ғана жылда Оңтүстік Сібірде жасайтын көптеген халықтарды бағындырды. Олардың арасында: буряттар, якуттар, қырғыздар тағы басқалар болды. 1211 жылы Шыңғысхан Солтүстік Қытайды жаулап алуды бастады, бұл тек өмірінің соңғы жылдарында аяқталды. Қытайды түгелдей жаулап алудан алдын Шыңғысхан Орта Азияны жаулап алу саясатын бастады. 1218-1223 жылдары өте үлкен Хорезм мемлекетін бағындырды. Ол кезде Хорезмнің құрамына Хорезмнің өзінен бөлек Шығыс Иран, Бұхара, Ауғаныстан кірді. Шыңғысхан жаулап алған елдер мен қалаларын аяусыз қырып жойып отырды. Шыңғысханға қарсылық көрсетуге тырысқан Самарқан, Бұхара, Үргенш (Хорезм астанасы), Отырар қалаларының тұрғындарын аяусыз өлтіріп, тек кейін қолөнершілерді құлға айналдырды.