Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымдар?
Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы
Жоспары:
1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі.
2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы.
Лекция мәтіні :
1.Ж.Б. Ламарк өзінің эвалюциялық теориясын “Зоология философиясы” деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын.
Ламарктың эвалюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның философиялық және жалпы биологиялық концепцияларымен танысуға тиістіміз. Көптеген басқа деистер сияқты , Ламарк та материяны және табиғатты, яғни оның қозғалыс заңдарын құдай жаратты деп түсінеді.Құдіреттің жарату ісі осымен тынады. Табиғаттың барлық келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы жүзеге асырылып отырылды.
Ламарк ақырғы мақсат (себеп) принципі жайындағы теология ұғымына қарсы шығып, табиғатта мақсат бар, ондағы әрекеттер санамен орындалып отырылады деп түсінуші табиғат зерттеушілері адасып жүр дейді. Ол рухты материяға қарама - қарсы қою дұрыс емес, себебі, бұл материяның функцясы деп қарайды. Материя белгілі мөлшерде жаралды, бірақ ол өзгерісте болатындықтан , онда үнемі жаңа түзіліс болып отырады.
Сыртқы жағдайлар органикалық және онорганикалық табиғатқа әр түрлі ықпал етеді: өлі денеге әсер етіп, оны бұзады: ал олар тірі денеге әсер етіп тіршілігін сақтайды. Өлі заттардың ұлғаюы , мысалы ; кристалдың ұлғаюы сыртынан үстеп қосылу жолымен, яғни сол дененің сыртына жаңа бөліктердің қосылу жолымен жүреді, организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардың ену нәтижесінде болады, олзаттар тірі дененің заттарына ұқсас болып, денеге қосылып соның мүшесіне айналып отырады. Анорганикалық табиғат қоректі керек етпейді, органикалық табиғатқа қоректену процесі қажет, себебі, бұл денедегі ыдырау мен жаңару санымен байланысты. Өлі зат ұрықтан басталады. Ең ақырында, ешбір анорганикалық дене өлмейді, себебі онда тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір тірі дене сөзсіз өлуге тиіс.
“Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен тірі денелердің үлкен айырмашылық , терең үзіліс (hyatus) бар; екінші сөзбен осы екі түрлі денелердің бір – бірінен алшақтығы сонша , ешбір анорганикалық дене ең қарапайым деген тірі денеге жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде оны құрап тұрғандардың бәрі , тірі денелердің , барлық тіршілігі жоқ денелердей елеулі айырмашылығы бар көрсетеді”. Егер тірі денелердің осындай ерекшеліктері болса, онда олар тіршілік жайындағы өзінше ілім – биология пәнінің обьектісі болуы тиіс.
2.Ламарк жануарлар дүнйесінің табиғи системасын дамыта отырып,К. Линней жасаған класты қосып алып, жануарларды он төрт класқа топтастырды. Ол өзінің системасында ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүтқоректілер класы) арасына құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық кластарды орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі айтылғандарға мүлде қарама – қарсы болатын ; яғни сүтқоректілерден басталып қарапайым құрлысты құрттпен аяқталып келеді. Ламарк егер кластарды осылай (Линнейше) орналастырсақ, жануарлар систематикасына шолу жасағанда, олардың құрылысы деградациялағаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ, жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеніп отыратындығын – гродацияны көреміз. Мұнда он төрт клас алты сатыға орналастырлып, Ламарк ойынша бұлардың әрқайсысы келесіне органдарының негізгі системалары жөнінде нерв және қан тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен айырмашылықтары бар, мұнда да өсімдік топтарының құрылысының күрделігіне қарай орналасады ондай қатарлар (градация) жануарлар дүнйесінде де қарапйымнан басталып күрделі құрылысты денені организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай тарихи даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді. Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына тікелей әсер етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына және дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады. Егер бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және өсуіне қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса, бұлардың арасында елеулі айырмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде шалғындық шөптер нашар өседі, әлсірейді, аласа күйінде гүлдеп , жеміс береді. Көктемгі жауында болатын кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.
Ламарк жануар организміне орта жағдайларының тигізетін ықпалын айта келіп, мұнда орта жағдайы өсімдіктердегідей тікелей әсер қана қоймай, жануарлардың нерв системасы арқылы жанама әсер етуі мүмкін деп қарайды. Ламарк орта мен бүкіл ішкі органдарды өз ара үйлестіру міндетін атқаратын механизм- нерв системасы екенін түсіндірмекші болады. Нақтылы материалдың тым аздығымен қорытындығын көлемділігі жөніндегі сәйкесіздік сол сияқты нервтік процестерді механикалық формада ұғыну XVIII ғасырдың табиғат зерттеушілеріне тән сипат болатын. Ламарктың ой өрісі де осындай.
3.Ламарктың бірінші заңы. Өзінің даму шегіне жетпеген, қандай жануар болсада , кез келген органның жиі және ұзақ пайдалануы мерзімнің ұзақтығына сәйкес сол органды біртіндеп әлдендіреді, дамытады және оны ұлғайтып күш енгізеді, ал ұдайы пайдаланбау органның қайсысын болса да біртіндеп әлсіретеді, кері кетіреді, үнемі оның қабілетін төмендетіп отырады, ең аяғында жойылып кетуіне себепкер болады.
Ламарктың екінші заңы. Бұрыннан тіршілік еткен орта жағдайының әсерімен табиғаттың жануарлар тұқымына қосқаны не жойғанының бәрі, демек денедегі кейбір мүшені ұдайы пайдалану немесе пайдаланбау салдарынан болған қасиеттің бәрі, егер иеленген өзгерістер екі жынысында да болса да не олардың өздері шыққан ата- аналарында болса ондай өзгерістер өсіп- өнуі арқылы жаңа особьтарда сақталып отырады.
Бақылау сұрақтары
1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастары?
2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы?
|
Достарыңызбен бөлісу: |