Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы әлменова Нұргүл Айкөргенқызы


§22 Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы



бет2/5
Дата26.06.2018
өлшемі5,17 Mb.
#44876
түріСабақ
1   2   3   4   5
§22 Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы

Жоспар:
1)Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары

2)Ежелгі жазба және сәулет ескерткіштері

3)Ғылым мен әдебиеттің дамуы

4)Сыр бойының даналары



Қалалық отырықшылықтың дамуы, жартылай көшпеліліктің отырықшылыққа ауыса бастауы рухани мәдениеттің әртүрлі бағыттарының жандануына ықпалын тигізді.Әсіресе отырықшылықтың күшеюі қала санының өсуіне, онда тұрғын үйлер сапасының артуына , қоғамдық құрылыс жүйелерінің жақсаруына мүмкіншіліктер туғызды.Х ғасырдың басында Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан болса, оның ұлы Мұса ислам дінін қабылдап 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жарияланған.Осы кезден қоғамдық құрылыс орындары мен сән салтанатты сарайлардың іші-сырты әшекейлендіріліп, түрлі ою-өрнектермен безендірілді.Мешіт, кесене сияқты ғимараттар өрнектермен айшықталып, сәулет өнері дамыды.


Әсіресе Жетісу аймағы Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам, Түркістан, Тараз, Отырар сияқты қалаларда мешіт, медреселер, кесенелер салынып, түркілер арасында ислам діні кең түрде тарала бастады.Осы кезде Айша бибі, Бабажа хатун,Қарахан ғимараттары салынды.Діни наным сенімдерге байланысты мүсін өнері де дамыды.


Өлген адамдардың зираттарының басына әртүрлі жануарлардың бейнесін қою салты қола дәуірінің соңынан ақ басталған.Түркі дәуірі кезінде тастан адам бейнесін жасап қою салты болған.

Тарихта ондай бейнелерді тас мүсіндер немесе балбал деп атаған.



Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда жерімізден табылған

Алтын киімді адам.Алматы облысындағы Алтын адам 1970 жылы Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Алтын адам 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс,бұлан, таутеке, арқар, құс бейнелерін беретін хайуанат нақышында жасалған.Сонымен қатар ағаш ыдыс-аяқтар т.б заттар қойылған осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениеттің болғандығын дәлелдейді.



Сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасына ене бастағандығын көрсетеді.Көне түркі жазуын арғы ата-бабаларымыз бұдан 1500 жыл бұрын пайда болған. 1773 жылы яғни бұдан 1300 жыл бұрын жоқтау түрінде жазылғанымен түрік қағанатының тарихын толық ұғуға болады. Күлтегін сияқты батырдың елін қорғау жолындағы шайқастары да елдер арасындағы қарым-қатынастарда халықтың діни наным сенімдерінде толық қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет