Орта және ұзын қашықтықтарға жүгірудің ережелері


Ордың  екінші  жағына  шыққаннан  кейін  ,  кідірместен



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата22.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#64248
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Mamirkulov Orta

Ордың  екінші  жағына  шыққаннан  кейін  ,  кідірместен 

одан әрі жүгіре беру керек.  

Осындай  әдіспен  жолшыбай  құлап  жатқан  ағаштардан  аттап  өтуге 

болады.  өте  жуан  ағаштардың  үстінен  басып  өтеді.  Жүгірудің  бастапқы 

кезінде,  әлі  аяқтың  тың  кезінде,    аяқтың  ұшымен  жүгіру  ұсынылады. 

Бірақ,  жүгірушілердің көпшілігі, әдетте, толықтай табанмен жүгіреді. Тек 

қана даярлығы өте жақсы жүгірушілер ғана барлық қашықтығын аяқтың 

ұшымен  жүгіруге  қабілетті.  Жерге  түйісу  кезінде  аяқ  түзу  жағдайда 

болады.  

Қозғалыс  шапшаңдығы  жүгіру  адымдарының  ұзындығына  және 

жүгірудің  екпініне  байланысты.  Қозғалыс  екпіні  –  бұл  1  мин-тағы 

қозғалыстың  саны.  Шапшаңдықты  арттыру  қажет  болса,  адым  кеңдігімен 

екпінді  арттыру  керек.  Жеткіліксіз  қыздырыну,  бастапқы  шапшаңдықта 

организмнің толықтай жұмысқа қосылуын қиындатады.  

9-

сынып  оқушыларына  бағдарлама  дала  жарысының  жоғарыда 



айтылған механикасын толық меңгеру үшін бастапқы кезде тегіс жерде 400-

600м  бір  қалыпты  жүгіру,  кейін  уақыт  есептеп,  1200-1800  м  қашықтыққа 

жүгіру ұсынылады.  

Кроссқа  жоғары  сөреден  жүгіріп  шығады.  Бірқалыпты  жүгіруге 

дағдылана  білген  жөн.  Осылай  жүгіргенде,  жүрек  пен  өкпе  қалыптасқан 

ырғақта жұмыс жасайды.  

Жаттығуға  қызығушылықты  арттыру  мақсатында  дала  жарысына 

дайындықты әр түрлі ойын ретінде өткізген пайдалы болмақ..  

Жүгіріс кезінде үйлесімділікті жетілдіру үшін төмендегі жаттығуларды 

дайындық кезінде жасаған жөн: 

1. 

тізені жоғары көтеріп жүгіру; 



2. 

кібіртіктеп жүгіру; 

3. 

жүгіріс кезіндегідей қолмен сілтеу қимылдарын жасау; 



4. 

сирақты  артқа  қарай  сілтеп  жүгіру.  Бұл  жаттығуға  секіргішті 

пайдаланған жөн; 

5. 


басқышпен жүгіру; 

6. 


ылдиға қарай жүгіру, 

7. 


секіріп жүгіру, көп қайтар ыршып секіру; 

8. 


шалқалап  жатып  немесе  жауырынмен  немесе  денені  қолмен  ұстап 

тұрып аяқпен жүгіру қимылдау жасау, 

9. 

шарбаққа  ағашқа  тіреліп  тұрып,  бір  орында  жоғары  шапшаңдықпен 



жүгіру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет