Орта және ұзын қашықтықтарға жүгірудің ережелері



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата22.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#64248
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Mamirkulov Orta



 



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі 



М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 

 

 

 

 

 

 

 

Қ.Қ. Мамырқұлов  

 

 



Орта және ұзын 

қашықтықтарға  

жүгірудің ережелері 

 

 

Әдістемелік нұсқаулық 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Тараз университеті» 

баспасы 

Тараз, 2018 




 

ӘОЖ  786.018.413. 



КБЖ 65.721.4. 

     


М 32. 

 

 



Мамырқұлов Қ.

Қ.

  

Орта және ұзын қашықтықтарға жүгірудің ережелері.Әдістемелік  

нұсқаулық. –Тараз: Тараз университеті, 2018. – 41 с. 

 

Пікір жазушылар:  



Әбдікерімов С.А.    – ТИГУ  доцентті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. 

 

Мінәрбеков І.Қ.        – ТарМУ-нің «Сұңқар»спорт клубының төрағасы, ҚР-



ның еңбек сінірген жаттықтырушысы. 

 

 



 

 

 



Бұл  әдістемелік  нұсқау  жоғарғы  оқу  орындарында,  колледждерде 

және  орта  мектептерде,  өндіріс  орындарында  дене  тәрбиесі  сабағында 

пайдалануға арналған. 

 

 



КБЖ 65.721.4. 

 

 



«Дене  тәрбиесі»  кафедрасы  (хаттама  №8  «29»  03.  2018ж)  және 

«

Мұнай  газ  және  механика»  факультетінің  әдістемелік  комиссиясы 



отырысында қарастырылған және ұсынылған (хаттама №4 «27» 04. 2018ж) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© Мамырқұлов Қ.Қ.., 2018  



©  М.Х. Дулати  атындағы ТарМУ, 2018 


 



Алғы сөз 

 

   


Жеңіл  атлетика,  спорттың  ең  көп  тараған  түрі.  Оған  әр  түрлі 

қашықтықта  жүгіру  мен  жүру,  ұзындық  пен  биіктікке  секіру,  спорттық 

снарядтарды  лақтыру,  жеңіл  атлетикалық  көпсайыстар  енеді.  Жеңіл 

атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, 

командалық  және  эстафеталық  жарыстар  болып  бөлінеді.  Халықаралық 

әуесқойлық  жеңіл  атлетика  федерациясы  (ИААФ)  1912  жылы  құрылған. 

Оған  қазір  200-ге  жуық  ұлттық  ассоциациялар  біріккен.  Олимпиялық 

ойындар  1896  жылдан  (1-Олимпиялық  ойын),  дүниежүзілік  чемпионат 

1983  жылдан  өткізіліп  келеді.  Жеңіл  атлетика  ойындары  өте  көнеден 

белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. 

Жеңіл  атлетика  дене  тәрбиесінің  ең  негізгі  бір  құрамы  болып 

табылады.  Жеңіл  атлетикасыз  дене  тәрбиесінің  бірде-бір  сабағы 

өткізілмейді десек те болады. Сондықтан ол өзінің сан салалығына және 

кең ауқымдылығына байланысты «спорт падишасы» деп аталады. Бұл өте 

дұрыс  қойылған  атау,  өйткені  жеңіл  атлетиканың  элементтері  спорттың 

барлық түрлерінде қолданылады. 

Жеңіл  атлетика  –  бүгінгі  таңда  тек  біздің  елде  ғана  емес,  дүние 

жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары 

– 

тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, 



ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс. 

Жүгіру  –  қысқа,  орташа  және  ұзақ  қашықтық  болып  үшке  бөлінеді. 

Қысқа  қашықтыққа  –  100,  200,  400  м  және  110м  кедергілі  қашықтық 

жатады. Орташа қашықтық 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 

м  кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа – 5000, 10000, 

20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс 

(дала жарысы) жатады.  

Жүру – 20 шақырым спорттық жүріс. 

Лақтыру – диск, найза, граната, балға, доп және ядро. 

Секіру  –  орында  тұрып  және  жүгіріп  келіп  ұзындыққа  секіру, 

биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру. 

Жеңіл  атлетикалық  көпсайыс  –  көпсайыс  құрамына  жеңіл 

атлетиканың  жаттығуынан  10  жаттығуға  дейін  кіреді.  Олар  -  жүгіру, 

секіру, лақтыру және кедергілерден өту. 

Жеңіл атлетика қандай бір міндетті шешсе де, мұның өзі қиындықсыз 

болмайды. Осыған орай спорттың бұл түрі өз атауын ақтай алады деп айту 

да  оңай  емес.  Сөйте  тұра,  жеңіл  атлетиканың  үйретпейтіні  жоқ  десе  де 

болғандай. Ол бойынша спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарды бір күн 

емес,  апта  бойы  қызықтайтынымыз  белгілі.  Жеңіл  атлетика  шешетін 

міндеттің  күрделілігі  мынада:  игеру  талап  етілетін  қозғалыс  дағдысын 

орындауда  жаттығушы  техникалық  қимылдарды  нақты  атқарып  қана 



 

қоймай,  тез  реакция,  күш  пен  төзімділік  шапшаңдығын,  сонымен  бірге 



органдар мен ағза жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін көрсете білуі тиіс. 

Спорт  тарихының  ежелгі  деректеріне  сүйенсек,  жүгіру  адамдардың 

қозғалыс  арқылы  алдына  қойған  мақсатына  жетуінің  ең  алғашқы  түрі, 

сонымен қатар ресми жарыстың бастауы екені даусыз. 

Жүгіру  жарысын  бәрінен  бұрын  ежелгі  грек  олимпиадалық 

ойындарының атлеттері бастағаны белгілі. 

Жүгіру  –  бұл  үлкен  ерік  пен  жігер  көрсету...  салмақсыздықты,  өз 

денеңнің  қозғалыс  жылдамдығын  сезіну,  бәрін  ұмыта  ұмтылу,  уақыт 

ағысын артқа тастау, ең ақырында, жеңістің жеңістің жақын екеніне сену. 

қуанышы!  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет