Жеңіл атлетикадағы жүгіру және оның түрлері
Спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс
жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен),
кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық
Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер
бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің
заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар
бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы
192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол
кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған.
17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда
болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Жүгіру - жалпы
жеңіл атлетика спорттың ең кең тараған түрлерінінң бірі. Ертеде Гректер
«Егер күшті болғың келсе – жүгір, егер әдемі болғың келсе – жүгір, егер
ақылды болғын келсе – жүгір» деген екен. Шапшаң жүгіру үшін аяқты
тез-тез қозғап, кең адымдап, тізені көтеріп,қолдың қозғалысы еркін,
саусақтар бүгілген болуы керек. Шапшаң жүгіру, ең алдымен адымды кең
ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша кең ашып
жүгірген адам жүгіріп өтуге тиісті қашықтықты белгіленген уақытында
9
толық жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша тез жүгіргенмен,
уақыт жағынан ұтылады. Яғни белгілі бір қашықтықты көрсетілген уақыт
ішінде жүгіріп өте алмайды. Сондай-ақ жүгіруші адымын кең ашқанымен,
тез аттап жүгірмесе, ол жоғары көрсеткішке жете алмайды. Демек шапшаң
жүгру үшін әрі кең адымдап, әрі тез аттап жүгіру керек.Жүгіру - адамның
тәніндегі жылдамдық пен шыдамдылықты жақсы жетілдіретін қарапайым
жаттығулар тобы. Жылдам жүгіру үшін көп жаттығып, жүгірудің, әдіс-
тәсілдерін жақсы білу қажет. Ж-умен айналысу кезінде жүрек-қан
тамырлары жүйесіне, тыныс алу органдарына, бұлшық- еттеріне үлкен
күш түседі.Жүгіру жаттығуларында қимыл-қозғалыстар ұзақ уақыт бойы
бір қалыпты қайталанып отырады. Сондықтан олар адамның ерік күшін
жақсы дамытады. Жаттығу кезінде жасалған қимылдар бір қалыптан өтіп,
сол қалыпқа қайтадан келеді. Мұнда аяқ-қол, дене барлығы да бір
қалыпты күнделікті өмірде кездесетін қимылдарды қайталайды. Мұнда
табанның жермен жанасу уақыты аяқтың алға қарай сермелу уақытынан
аз. Бір аяқ алға сермелген соң оның сол қимылын екінші аяқ қайталайды.
Осы екі аралықты ұшу фазасы деп атайды.Сөйтіп жүгірудің бір циклі екі
рет табанның жерге жанасу және екі рет ұшу фазасынан тұрады.
Жүгірудің қашықтығына байланысты оның әдісі мен қимылы да, оны
пайдалану жиілігі де әрқилы.
60-
400 м. Жүгіру қысқа; 800-2000 м. Орта; 3-10 км. Ұзақ; 20, 25, 30
км. Жүгірулер өте ұзақ қашақтық деп аталады; бұдан кейін бір сағат
уақытта өтетін және – 42 км, 195 м.- марафондық қашықтық бар.
Бұлардың барлығы да жайдақ жолмен жүгіру деп аталады.
Тәжірибеде жүгірудің басқа түрлері де кездеседі. Олар: 60, 100, 110
және 400 м.-кедергімен, 3000 м.- тосқауылмен жүгіру және ұзақтығы
әртүрлі (5000м.-12 км) кросстар, 4×100, 4×400 м. Эстафеталық жарыстар.
Осы жүгіру түрлері мен қашықтықтырдың көбісі республика, Азия Ә.ч-
ттарының, О.о-дың бағдарламасына енді, рекордтар тіркелді.Жабық,
залдарда өтетін жарыстар айналатын жолдың көлеміне байланысты кейбір
жағдайларда өзгеріп отырады.
Жеңіл атлетикадан сабақтар өткізу үшін жүгіретін жолдардың ені 1м
25 см-ден кем болмауы қажет, жолдардың аралығы 5см сызықпен (әдетте,
ақ сызықпен) белгіленеді, сөренің алдында 3-5м бос жер, ал мәреден кейін
12-
15м бос жер болуы қажет.
Білімгерлерді
дене
шынықтыруға
тәрбиелеуде
жүгіру
жаттығуларының алатын орны зор. Жүгіру табиғи қолданбалы
жаттығулар.
Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш
түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы
жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үлесімділігі, қайсарлық, табандылық
қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығұларына үйрету барысында
10
төмендегі міндеттерді шешу қажет: білімгерлерді дұрыс жүгіруге үйрету,
ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.
Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру,
бірінің артынан бірі жүгіру, қарама-қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап
жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру,
ырғақты дем алу үйретіледі.
Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне
сәйкес «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге
үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы
үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты
қалыптастыру болып табылады.
Жүгіру жаттығұларының дұрыс орындалуы техникасының негізі:
жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы (денені тік ұстау немесе алға еңкею
қолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді;
итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі,
сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі; қолдың
шынтағы (90
0
-
қа дейін) бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір
екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген (оң қол, сол қол).
Білімгерлермен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз
еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайында байланысты жүгіреді.
Сондай-ақ, бірінше сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі
қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші
сынып оқушыларын жүгіруге үйррету барысында мұрын арқылы дем
алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3
адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару санлар
үйлесімділігін тең келуі қажет.
Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет.Ырғақты жүгіруге үйрету
барысында мұғалім сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті
жағдайды ұстауды ұсынады.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы – жүгіру. Жүгіру- жеңіл
атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын,
жеңіл атлетикамен шұғылданғанда ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін
меңгеруі керек.
Жүгірудің бірнеше түрі бар дедік. Бірақ әрқайсысының жүгіру тәсілі
бар. Айталық, қысқа қашықтыққа жүгіру үшін аяқтың соншалықты
адымдаудың қажеті жоқ. Жалпы жүгіру тек қана аяқтың алысына
байланысты екенін білу керек. Ал ұзақ қашықтыққа жүгіргенде мүмкіндік
болғанша, аяқты алшақтап адымдауға мүмкіндік туады. Себебі, үнемі
алдыға қарай, яғни, қысқа қашықтыққа жүгіргендей еңкейіп отыруға
болмайды. Міне, жүгірудің осындай өзіндік айырмашалағы бар.
Жүгірген кезде дененің салмақ түсеті нүктесі өзгеріп отырады. Оның
себебі сол, адамның итерілетін аяғына байланысты болады. Егер де
11
терілетін аяғы қаншалықты серпілсе, дененің салмақ түсетін нүктесі
соншалықты өз мезгілінде өзгеріп отырады.
Адамның қолының қозғаласы, тек сол адамның салмақ түсетін
нүктесіне байланысты қозғалып отырады.Міне, табиғи жағдайдағы
қолдың қозғалысы да жүгіргенде үнемі жылдамдықты үдету үшін аса
ерекше рөл атқарады. Жүгіріп бара жатқанда біреу қалып жоғары сермеуі
мүмкін, енді біраз қолының қимылын иық деңгейінен асырмайды. Бұл
деген, жүгірудің айлатәсілін меңгеруіне байланысты.
Білімгерлердің еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады.
Алғашқыда жүгіру бір бағытта, кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.
I-
II курс білімгерлермен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде
өткізіледі. Жеңіске жеткен білімгерлер аңықталмайды.
III-
IV курс білімгермен жылдам жүру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін
өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 мәреден 3-4 бөлікке бөлінеді. Бірінші
бөліктегі білімгерлер (топтағы 3-4 бала) жай, екінші-жылдам, үшінші-өте
жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жай жүгіруді
жылдам жүгіруге ауыстырады.
Білімгерлер жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін,
жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергілерден өту әдісі
қарастырылады (үрленген доптар, секіртпелер, тіректерге байланған
жіптер, т.с.с.). Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте –бірте
түрленеді.
Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:
а) білімгер көрсетеді және түсіндіреді;
ә) жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді,
түсіндіріледі;
б) бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;
в) 2-3 білімгерге түсінгенін көрсетуі ұсынылады;
г) топтағы барлық білімгерлерге үйретіледі.
«Сөреге!» бұйрығы бойынша білімгерлер сөрелік сызықтың алдына
тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің
артында бірі, «Көңіл аудару» бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір
қолы бүгілген, екінші қолы артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене
салмағы алда тұрған аяққа түседі. «Жүгіріндер» бұйрығында оқушылар
жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адам
жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.
Білімгерлерге бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл
сөреде сол (оң) сөрелік сызықтан 20-25см қашықтыққа қойылған, оң аяқ
(сол) бірінші аяқтың артына 20-25 см қашықтыққа аяқтың ұшымен
қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |