5-тарау. Жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтажы үшін ортақ
пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, бірыңғай
телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібі
35. Бейбіт уақытта пайдаланушылар байланыс саласындағы уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен соғыс уақытына арналған байланыс арналары мен
құралдарын броньдауды жүзеге асырады.
36. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің қалааралық және
халықаралық байланыс операторы алынған өтінімдер негізінде өзара байланысты
телекоммуникация желісінің мүмкіндігін ескере отырып, Соғыс уақытында
ұсынылатын байланыс арналарының (жолдарының) тізбелерін әзірлейді және
белгіленген тәртіппен оларды өзінің филиалдарына, басқа да байланыс
операторларына жеткізеді.
Пайдаланушылар байланыс құралдары құрамдас арналарда пайдаланылатын
барлық байланыс операторларымен және ведомстволық желі иелерімен
арналарды жалға алуға шарттар жасасады.
37. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінің
ресурстарын соғыс уақытында пайдалануға дайындау Қазақстан
Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспары, сондай-ақ мыналар
әзірлейтін жұмылдыру жоспарлары негізінде жүргізіледі:
1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган;
2) мемлекеттік органдар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері;
4) жұмылдыру тапсырыстарын алған байланыс операторлары және
ұйымдар.
38. Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын және
жұмылдыру жоспарын іске асыру үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы
уәкілетті орган мемлекеттік органдармен келісу бойынша тауарларды өндіру,
жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын әзірлейді. Жұмыстарды
орындау және байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстар жұмылдыру
тапсырыстарымен арналарды жасауға қатысатын операторларға, сондай-ақ
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
байланыс желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді
жүзеге асыратын ұйымдарға жүктеледі. Жұмылдыру тапсырыстарын орындау
тапсырыс берушілер (мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың әкімдіктері) мен орындаушылар арасында жасалған шарттардың
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
39. Қорғаныс мүдделерінде жұмыстарды орындау және байланыс
қызметтерін көрсету шарттарында сонымен қатар мынадай мәселелер көзделеді:
1) жұмыстарды орындауды (байланыс қызметтерін көрсетуді) бастау үшін
талап;
2) көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну кезектілігі (кезеңдері);
3) арнайы құралымдарды құру және оларды ұстау;
4) жұмылдыру резервтерін құру, оларға қолсұғылмаушылық, жаңғырту
және техникалық қызмет көрсету;
5) ұйымдардың жұмыс режимдері, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы
және соғыс уақыты жарияланған кезде байланыс қызметтерін көрсету базисіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
6) байланыс желілерін басқару орталықтарының өзара іс-қимыл жасау
тәртібі;
7) байланыс қызметтерін көрсетуді төлеу және оның сапасы бойынша өзара
міндеттемелер;
8) орындаушыға байланыс қызметтерін көрсету салдарынан келтірілген
шығынды өтеу.
40. Жұмылдыру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні
таңдау мақсатында байланыс операторлары, сондай-ақ байланыс желілеріне
техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және
құқық тәртібін қорғау органдарының сұрау салуы бойынша өндірістік, қаржылық
және қоймалық мүмкіндіктер туралы ақпаратты ұсынады.
41. Жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде соғыс
уақытына арналған қосымша арналарды ұсынатын қалааралық және халықаралық
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
байланыс операторларының, жұмылдыру тапсырыстары бар байланыс желілеріне
техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын
ұйымдардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру кезеңіне және соғыс
уақытына броньдау қағидаларына сәйкес мамандарды броньдаумен қамтамасыз
етіледі.
42. Соғыс уақытына арналған қосымша арналарды ұсынатын қалааралық
және халықаралық байланыс операторларының, байланыс операторларының және
жұмылдыру тапсырыстары бар байланыс желілеріне техникалық қызмет
көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдардың тұрақты жұмыс
істеуін арттыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың әкімдіктері арнайы құралымдарды құрады, оларды ұстауға арналған
шығындар республикалық немесе жергілікті бюджеттерден өтеледі, ал
жарақтандыру материалдық резервтен жүргізіледі. Одан басқа, мемлекеттік
органдар жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде арнайы
мақсаттағы байланыс желілерінің жұмысқа қабілеттілігін ұстау және оларды
өрістету үшін арнайы құралымдарды құрады.
Арнайы құралымдар мүдделерінде олар құрылатын мемлекеттік органдар
байланыс бөлімшелерінің және байланыс ұйымдарының басшыларына бағынады.
43. Бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстары негізінде жергілікті
атқарушы органдар төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңіне аумақтық
қорғаныстың байланыс жүйесін құрады.
Аумақтық қорғаныстың байланыс жүйесін өрістету барысында мыналар
көзделеді:
1) жоғары тұрған әскери басқару органымен және аумақтық қорғаныс
бөлімшелерімен тұрақты байланысты қамтамасыз ету;
2) арнайы құралымдар күштерінің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізуі;
3) байланыс мүлкінің резервтерін құру;
4) байланыс қауіпсіздігі іс-шараларын орындау;
5) телекоммуникация желілерін басқарудың орталықтандырылған жүйесін
құру;
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
6) телекоммуникация желілерінде ақпараттық қарсы күрес міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз ету.
44. Бейбіт уақытта жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган
қалааралық және халықаралық байланыс операторларын, сондай-ақ жұмылдыру
тапсырыстары бар байланыс операторларын тарта отырып, әскери-экономикалық
және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізеді. Осы мақсаттар үшін
байланыс қызметтерін көрсету бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен
қолданыстағы тарифтер бойынша жеке төлеммен жүргізіледі.
45. Жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс
уақыты кезеңінде қалааралық және халықаралық байланыс операторлары
қосымша байланыс арналарын беруді жүзеге асырады, жұмылдыру тапсырыстары
бар байланыс операторлары, байланыс желісінің иелері және ұйымдар
жұмылдыру жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауға кіріседі.
46. Көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша жұмылдыру
тапсырыстарын орындайтын байланыс операторларының және (немесе) байланыс
желісі иелерінің жауынгерлік іс-қимылдар нәтижесінде келтірілген шығындары
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес
бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
47. Жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты жарияланған жергілікті
жерлерде байланыс саласындағы уәкілетті орган өкілі тиісті әскери басқару
органы құрамында жұмылдыру тапсырмасын орындауға кіріседі.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмылдыру, соғыс
жағдайы, соғыс уақыты жарияланған кезде байланыс саласындағы уәкілетті орган
құзыреті шегінде қорғаныс органдарының жұмылдыру жоспарларын,
тапсырмалары мен шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді.
48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс,
қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтажы үшін байланыс
операторларының шарттарда көзделмеген байланыс қызметтерін көрсетуі
кейіннен қолданыстағы тарифтер бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен
шығындарды өтеумен уақытша жалға алу шарттарында әскери басқару
органдарының өкімдері бойынша жүргізіледі.
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын байланыс операторларының
нұсқауларын басқа операторлар дереу орындайды.
49. Қорғаныс мұқтажы үшін қажетті байланыс саласындағы қызметті жүзеге
асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс құралдары Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реквизициялануға жатады.
50. Жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде азаматтық
қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған телекоммуникация желілерінің
объектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың тиісті аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің күзетуіне жатады.
_________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |