Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата18.12.2021
өлшемі194,25 Kb.
#102564
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ақпарат қр

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 164 қаулысымен

бекітілген



Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас 

телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін 

қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану

қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2019 № 902 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас 

телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік 

органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының 

қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-

бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау 

органдарының мұқтажы үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация 

желілерін, бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және 

пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аумақтық қорғаныстың телекоммуникациялар (байланыс) жүйесі –

төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде аумақтық қорғаныс әскерлерін 

басқаруды қамтамасыз ету үшін әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 

қолданылатын телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалануға 

бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;



 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

2) байланыс арналарын ауыстыру немесе зақымданған жағдайда оларды 

қалпына келтіру жөніндегі шұғыл шаралар – резервтегі байланыс арналарын, 

желілерін, құралдарын, қосалқы мүлік пен керек-жарақтарды пайдалануды

жұмыс уақытынан тыс жұмыстарды, түнгі уақыттағы жұмыстарды жүргізуді, 

жұмыскерлерді демалыстардан және іссапарлардан шақыртуды, басқа ұйымдарды 

және арнайы құралымдарды тартуды қамтитын байланыс қызметтерін көрсетуді 

жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешені;

3) басым тәртіппен көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну – кезектен 

тыс және кезектілік тәртібінде немесе бұрын жасалған шарттардың талаптары 

бойынша көрсетілетін байланыс қызметтерін алуға құқығы бар барлық мүдделі 

жеке және заңды тұлғалармен келіспей, байланыс қызметтерін көрсету;

4) бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстары – ортақ 

пайдаланылатын, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілері, ведомстволық, 

бөлінген, корпоративтік ақпарат беру желілері, теледидарлық және радиохабар 

тарату желісі иелерінің көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуының 

техникалық және әкімшілік мүмкіндіктері;

5) ерекше маңызды жұмыстар мен іс-шаралар – мемлекет және үкімет 

басшыларының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруіне 

байланысты жұмыстар мен іс-шаралар;

6) Қазақстан Республикасының қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін 

қорғау органдары – Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі 

істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

қызмет, экономикалық тергеу қызметі, олардың аумақтық бөлімшелері, оларға 

ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер;

7) телекоммуникация желілерін дайындау және пайдалану – 

телекоммуникация желілері арқылы байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз 

ететін жағдайларды жасауға және пайдаланушылардың мұқтажын 

қанағаттандыру үшін оларды тікелей көрсетуге бағытталған шаралар кешені.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет