ҰМЖ 6-бөлімі: XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері
|
Мектебі: Жеңістің 30 жылдығы ат. орта мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар -
|
Қатыспағандар -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Неліктен екінші Апиын соғысы осы күнге дейін қытай халқының есінде?
|
Оқу мақсаттары
|
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансиясының Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4- «Экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория»
ұғымдарын қолдана отырып тауар ақша қатынастарының дамуын түсіндіру.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлығы: Апиын соғыстарының мәнін түсінеді;
Цинь үкіметінің осыған байланысты ұстанған саясатын біледі;
Көпшілігі: Апиын соғыстарының зардаптарын анықтайды;
Кейбірі: европалықтармен жасалған келісім шарттардың Қытайды күштеп «ашуының» салдарлары екендігін тұжырымдайды.
|
Ойлау дағдылары-
ның деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критериі
|
Еуропалықтардың отаршылдық экспансиясының Шығыстың дәстүрлі
қоғамдарына ықпалын анықтайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар Апиын соғыстарының себеп-салдарын, зардабын, отар елге айналу барысын түсіндіреді; шетелдіктердің Қытайды отарлауы- ның қоғам дамуы үшін маңыздылығын бағалайды
Негізгі сөздер мен тіркестер: Апиын соғыстары, шетелдік экспан- сия, жартылай отар, Гунхан монополиясы; Нанкин,Тяньцзинь, Айгунь келісім-шарттары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер:
Ағылшындарға Қытайға апиын әкелу ............................тиімді болды.
Сыртқы сауда тек Гунхан арқылы жүру себебі.................................. .
Қытай үшін Нанкин келісімінің маңызы ........................................... Апиын соғысының осы күнге дейін қытай халқының есінде қалу себебі............................................................деп ойлаймын.
Талдауға арналған тармақтар:
Қытайды күшпен ашу, әділетсіз келісім-шарттар, жартылай отар ел, экономикалық тәуелділік
Жазылым бойынша: «1 минуттағы ой», «Аяқталмаған сөйлем»,
«Тоғыз гаухартас» ойыны, кестемен жұмыс, жүйелік органайзер, терминмен жұмыс, т.б
|
Тарихи концепт
|
маңыздылық, интерпретация
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |