27. Бағалау стандарттарына (пән бойынша оқу бағдарламалары) сипаттама беріңіз.
Бағалау бойынша нормативтік құжаттар:
1.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен енгізілген өзгертулер ескерілген Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізу және ұйымдастыру Ережесі;
2.ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаметінің № 11-4/744 13.04.2017ж. күнгі хаты;
3.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 19.04.2017ж. (№ 17 хаттама) шешімімен бекітілген Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережесі.
Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы өзгерістер мен толықтырулар:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2018 жылдың 14 маусымындағы №272 өзгерістермен);
2. 2018 жылғы 26 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» № 32 бұйрығы.
42.Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану кезеңіндегі мұғалім міндетін сипаттаңыз.
Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану кезінде қандай оқу мақсаттары, дағдылар бағаланатыны туралы ойлану қажет. Бұл кезеңде мұғалім үшін негізгі міндет – барлығына түсінікті болатын бағалаудың құрылымы мен моделін анықтау. Бұл бағалау компоненттерін логикалық талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе теорияны зерделеу немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау немесе зерттеу нәтижелерінің дәлелдерін алу үшін теория мен тәжірибені пайдалану) арқылы сипатталады.
Бағалаудың құрылымы мен нысаны – нені өлшеу керектігін және қандай маңызды компоненттер мен аспектілерді бағалау қажет екендігін білдіру үшін қолданылатын анықтама. Оқу бағдарламасының бөлімін немесе тақырыпты бағалау үшін оқушының оқу жетістігін бағалауға көмектесетін және бағалау талаптарын айқындайтын сұрақтарды, яғни бағалау критерийлерін қарастыруға болады. Мысалы,
Оқу нәтижесін түсіндіруге қатысты қандай критерийлер ұсынуға болады?
Жоғары, орташа және төмен деңгейлердің көрсеткіштері, дәлелдері қандай?
Осы сұрақтардың жауабы бағалау процесін түсінуге көмектеседі. Бағалау құрылымын немесе нысанын таңдауда нені өлшеу (бағалау) керектігін және оны бағалау критерийлерінің өзара қалай байланысты екенін анықтау маңызды.