Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу



бет8/9
Дата04.01.2022
өлшемі82,1 Kb.
#109216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестация

3-тарау. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

      23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қоспағанда, жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғауды қамтиды.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 18577 тіркелген) бекітілген Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары сәйкес жүзеге асырылады.

      Қорытынды аттестаттау оны өткізудің алдын ала бекітілген кестесі бойынша өткізіледі.

      Қорытынды аттестаттауға академиялық қарызы жоқ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген білім алушылар жіберіледі.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім беру ұйымы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, оның тәсілін ұйым дербес таңдайды және оны өткізу тәртібінің сақталуын бақылайды.

      Білім алушыларды сәйкестендіру білім алушының жеке басын бейне камера алдында ашық түрде ұсынылған жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен визуалды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар байланыс жабдықтары мен арналарына қойылатын техникалық талаптар туралы алдын ала хабардар етіледі. Білім беру ұйымы білім алушылардың техникалық мүмкіндігіне байланысты алдын ала тексеру арқылы көз жеткізеді.

      Компьютерлік тестілеу ақпараттық жүйелерге енгізілген құралдардың көмегімен немесе жеке құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Тестілеу процесі автоматтандырылған. Тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу және сақтау қамтамасыз етіледі.

      24. Дипломдық жобаны (жұмысты) жұмысшы біліктілігі бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, экономикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алушылар орындайды және ол бітірушілердің арнайы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жүйелеуге, қорытындылауға және тексеруге бағытталған.

      Дипломдық жобаны (жұмысты) орта буын маманын, қолданбалы бакалавр дайындау кезінде техникалық, технологиялық және шаруашылық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер орындайды, және ол кейбір техникалық құралдар мен технологиялар жасауды немесе олардың есебін болжайды.

      25. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады.

      Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және оқу орнын басқарудың алқалы органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына қосымша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері кіреді.

      26. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

      27. Комиссия:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;

      2) білім алушылардың өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша нақты білім, іскерлік деңгейін және практикалық дағдыларын, кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін айқындайды.

      28. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайды.

      29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау, оның ішінде ҚБТ-ны қолдана отырып, оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және МЖМБС белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін, оның ішінде қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі, жұмысты ресімдеу ережесі, жұмыстың орындалу ұзақтығы, қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция беру тәртібі туралы нұсқаулық өткізіледі.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібімен таныстыруды білім беру ұйымы кемінде 20 жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      ҚБТ-ны пайдалана отырып қорытынды аттестаттауды өткізу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына берілетін жеке өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу үшін:

      1) білім алушыларды үздіксіз бейне және аудио бақылау, бейнежазба жүргізуді;

      2) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау кезінде білім алушылардың презентациялық материалдарын көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті жабдықтар жиынтығы бар бөлмелер жабдықталады.

      ҚБТ-ны қолдана отырып қорытынды аттестаттауға қатысатын білім алушылардың процедураның тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуі болады.

      30. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      1) мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;

      3) білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

      4) оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен сұрақтар тізбесі;

      5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен келісілген медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға арналған тест тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері мен клиникалық станциялар тізімі;

      6) күндізгі нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар;

      7) сырттай нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына және (немесе) жұмыс орнынан дәлелді құжаттар ұсынылғанына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар.

      31. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыру немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғау нысанында өткізіледі.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау олардың денсаулық жағдайына теріс факторлардың әсерін болдырмайтын және білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына жауап беретін жағдайларда жүргізіледі.

      ҚБТ-ны қолдану арқылы қорытынды аттестаттау нақты уақыт режимінде (онлайн) өткізіледі. Білім беру ұйымдары тарапынан қорытынды аттестаттаудың бағдарламалық құралдарын ұсынуға және техникалық қолдауға жауапты білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалған тұлға болып табылады, ол қорытынды аттестаттауды өткізудің техникалық шарттарын тексеруді басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.

      Пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар оқу бағдарламаларына сәйкес: бірнеше арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша сұрақтарды қамтитын ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысандарында өткізіледі.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім алушының жеке басын міндетті түрде сәйкестендіруді және кешенді емтихандарды өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыра отырып, компьютерлік тестілеу нысанында кешенді емтихандар өткізу қарастырылады.

      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Бір дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 (отыз) минуттан аспайды. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы ұзақтығы 10 (он) минуттан аспайтын баяндама жасайды.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар қорғауға жіберілген дипломдық жобаларды (жұмыстарды) рецензиялармен және презентациялық материалдармен ұсынады.

      Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауды өткізу уақыты бекітілген кестемен анықталады және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын білім алушылардың назарына жеткізіледі.

      Дипломдық жобаны (жұмысты), оның ішінде ҚБТ-ны қолдану арқылы қорғау презентация түрінде өтеді. ҚБТ-ны қолдану арқылы дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау процесі үзілген жағдайда, білім алушы оны жалғастыру туралы өтінішпен дереу басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе оқу бөлімінің меңгерушісіне жүгінеді.

      Ауызша қорытынды емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 (он бес) минуттан аспайды.

      ҚБТ-ны пайдалана отырып, қорытынды емтиханды өткізу кезінде жұмыстарды белгіленген уақыттан бұрын орындаған жағдайда, Комиссия төрағасының рұқсатымен бейнеконференцбайланыс сеансын мерзімінен бұрын аяқтауға рұқсат етіледі.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша практикалық жұмысты тапсыру нысанында орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, басшының міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. Практикалық жұмысты қорғау үшін білім алушы жұмыстың орындалу кезеңдері туралы ұзақтығы 15 (он бес) минуттан аспайтын баяндама жасайды.

      Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде есту қабілеті бұзылған білім алушылар үшін сурдоаудармашы тартылады.

      Қорытынды аттестаттауды өткізудің барлық рәсімі бейнеге жазылады.

      32. Біліктілік емтиханы жұмыс берушілердің кәсіпорындары (ұйымдар, мекемелер) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған өндірістік алаңдар, зертханалар, шеберханалар немесе оқу орталықтары болған жағдайда, оқу орнының базасында өткізіледі.

      33. Комиссияның шешімі бойынша ағымдағы оқу жылында тиісті оқу пәні және (немесе) модуль бойынша емтихан тапсыруға/дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға мыналар:

      1) қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз нәтиже алғандар;

      2) дәлелді себеппен қорытынды аттестаттауға келмеген (денсаулық жағдайына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушылар қайта жіберіледі.

      Қайта отырысты өткізу мерзімін комиссия айқындайды.

      Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша ғана жүргізіледі.

      Қорытынды аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша білім алушыға сол жұмысты тиісті пысықтаумен қайта қорғауға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

      Оң бағаны көтеру мақсатында қорытынды емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға жол берілмейді.

      34. Диплом жобасын (жұмыс) қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      35. Жекелеген жағдайларда, белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушыларға оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін екі айдан ерте емес мерзімде қорытынды аттестаттауды (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе ұзарту) жеке тапсыруға рұқсат етіледі.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері жанындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауды мерзімінен бұрын тапсыруға, жазасын өтеуден босату туралы мәселе шешілген жағдайда, оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін үш айдан ерте емес мерзімде жол беріледі.

      Дәлелді себептермен қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады және себебін растайтын құжатты ұсынады.

      Оң шешім алған жағдайда, білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының қорытынды аттестаттауды өткізу кестесінде көзделген басқа күні емтихан тапсырады және (немесе) дипломдық жобаны (жұмысты) қорғайды.

      Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар қаралмайды.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, білім алушыға басқа күні және (немесе) басқа уақытта қорытынды аттестаттаудан өту мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда техникалық хатшы электрондық актіні ресімдейді және актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.

      36. Қорытынды аттестаттау комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Қорытынды емтихандарды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

      Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар апелляцияға өтінішті ол өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Ерекше жағдайларда (оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында уәкілетті органның шешімі бойынша ҚБТ-ны пайдалана отырып оқыту кезінде) қорытынды аттестаттауға қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес өзге де мән-жайлар туындаған кезде, Комиссия осы Ереженің 31-тармағына сәйкес, қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін айқындау жөнінде шешім қабылдайды.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде нәтижелерді есепке алу электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қорытынды аттестаттау туралы мәліметтерді қағаз тасығышта сақтау міндетті болып табылады.

      37. Оқу пәндері және (немесе) модульдер, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша, оқу жоспарларының тәжірибелері бойынша есептердің сынақтар мен емтихандарының кемінде оқу бағдарламаларының кемінде 75 пайызын "жақсы" бағалармен ал қалғандарын – "жақсы" бағаларымен тапсырған және игерген және дипломдық жұмысты (жобаны) және (немесе) емтихандарды "жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушылар, білім беру ұйымының қорытынды аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша үздік диплом беріледі.

      Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім беру бағдарламасын "А", "А-", "В+", "В", "В-" бағаларымен игерген және тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды "А", "А-" бағаларымен тапсырған білім алушыларға, оқудың барлық кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсыру болмаған жағдайда, үздік диплом беріледі.

      38. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.

      39. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

      40. Комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған мамандық (кәсіп) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің және (немесе) модульдердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың даярлығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлар даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      41. Комиссия төрағасы педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.



 

Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізудің
үлгі қағидаларына
қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет