Қортабаева гүлжамал қыдырбайқызы қазақ ономапоэтикасы



бет2/6
Дата14.12.2016
өлшемі0,87 Mb.
#3824
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
, Арзанкүл, Ашгүл, Әбиіркүл, Ойбике, Құтбике, Әділгүл, Сәуегүл, Зәрубике, Қайзада, Солзада, Кімов, Мынаугүл, Елбике, Даугүл, Жәнегүл, Заңғой, Даусоғар, Таққұмар, Дигитоним – адамға берілген қоғамдағы орнын ерекшелендіріп тұратын қосымша атақ іспетті князьдық, дворяндық титул аттар. Дигитонимдік СЮП-тер: Ақпатша, Байбатша, Нарбатша, Бухан, Бөріхан, Елесхан, Елікхан, Үрмехан Жалаухан, Ханөлмесов, Князев (герман “тек”). Мифоперсоним: Аяз ата, Албасты, Желаяқ, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Мыстанқыз, Жаппаргүл, Үрбіл (діни ұғымдар), Таусоғар, Бізбике (Алдар көсе), Сұрапыл (дауылдың аты), Шынашақ (халық ертегісі).

Политоним (гр.мемлекеттік іс+атау) - мемлекеттің әр түрлі символдарын білдіретін жалқы есім түрі. Сатира, әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда ел өміріне әлеуметтік - саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау, қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе түсті. Елімай, Елқайғы, Елімбаев, Жалаухан, Хатшыбай, Нұсқаубай, Жарлықбай, Қызылбай, Уәкілбек, Мөрбасар, Жарнагүл, Оңшылбаев, Солшылбаев, Заман, Бұйрықбаевич, Большевиктеров т.б. Сатиралық проза мен поэзия өмірдегі, тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі “антропонимия – тарих” (Никонов).

Білім-ғылымға байланысты туған аттар: Ақылдым, Ақылқалта, Әліппе, Әріпбек, Білімгүл, Білгішбай, Емле, Жұрнақ, Үтір, Ноқат, Сұраубай т.б.

Жанрлық аттар: Әлқисса, Әзілбай, Әзіл Сықақов,Әзіләлі, Әңгіме, Бәдік, Боссөз, Жырау, Келеке, Құрғақсөзов, Өлеңбаев, Тілмар, Тұспал, Жырдария, Калжынбасұлы, Мысалжан, Мақалбике, Пародияғали, Панфлетхан, Оспақ, Сатирин, Ұйқасбай, Эпиграммабай т.б. Сауда-финанс: Ақтеңге, Арзангүл, Теңгегүл, Тиын Тебенқызы, Шаштеңге, Пұлсыз, Пұлжеген, Пұлбай Тиынсызов, Қарызхан, Алыпсатарұлы, Саудабек, Салықбай, Көктиын, Бестиын т.б. Порейоним- Машинатегі, Вагонбек, Пойызбек. Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей, Кәрісбай, Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Сартбек, Өзбекулла. Хрононим (гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға аттары. Адам Ата, Хауа Ана “өте ертеден”, Ақпатша (Романовтар династиясы билеген кез), Байбатша (кеңес өкіметіне дейінгі кезең), Байқұл (феолдалдық дәуір), Қарашаруа, Демоним - Мыстанқыз, Сайтанбек, Жезтырнақ, Албасты, Жындыбаев, Теоним – Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Япыраевич

1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған СЮП-тердің жалпы саны – 250.

Соматикалық атаулар (60) бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ, т.б кейіпкердің аталуына уәж болғаныны анықталынды.

І. Бас аймағынан жасалған СЮП-тер саны -70. Олар: Алтыбас, Бақырбасов, Бұзаубас, Додабас, Дарабас, Дыраубас, Ешкібас, Жайбас, Жалаңбасов, Жалпақбас, Жапсарбас, Жарғақбас, Жүндібасович, Жарықбас, Зілбас, Итбас, Киізбас, Көкебас, Кірбас, Көнгенбасов, Қабанбас, Қазанбас, Қайқыбас, Қалтақбас, Қарынбас, Қасқабас, Қисықбас, Қоқыбас, Масбас, Маубас, Ожаубас, Сарыбас, Қубас, Қағанақбас, Майбас, Тақырбасов, Таспабас, Тесікбас, Түктібас, Топайбас, Топырақбас, Шаштыбас, Шақшабас, Шалабасов, т.б. Мысалдар “бас” атауымен тіркескен кейіпкер аттарының тізімі ғана емес. Әр кейіпкер атының астарында ғасыр бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенімнен туындайтын құбылыс – этнолингвистикалық ерекшелік жатыр. Тарихтағы саяси ұлы тұлғалардың аттары: Таспабас (Сталин), Қасқабас (Хрущев), Дыраубас (Брежнев), Қыраубас (Горбачев).

ІІ. Бет аймағы – 60. Бет: Бетонбет, Бетсіз Бетібелдиева, Жұтаңбет, Жылмаңбет, Күлбет, Қарабет, Шықшытбет. Көз: Ақкөз Қызылкөзұлы, Ақиған Көккөзов, Алайкөзов, Биякөз, Бадырақкөз, Көзкөрген, Көзжұмбаев, Иткөз, Мысықкөз, Сусликкөз, Текекөз, Шақкөз. Адам жанының айнасы – көз, адам характерінің көзге байланысты түрлі қыр-сыры ашылады. Мұрын: Дөң+мұрынов, Маймұрын, Мұрын, Мұрындық, Иттұмсық, Тұмсық, Танауғали. Құлақ: Ақпақұлақ, Жарқұлақ, Кірқұлақ, Қосқұлақ,Саққұлақ, Сабауқұлақ, Тасқұлақ, Ұзынқұлақ. Ауыз: Ауыз Жаппасов, Бейпілауыз, Жаманауыз, Өңешгүл, Жайынауыз, Ешкіауыз, Кемиек. Тіл мен жақ: Құлқынгүл, Тастаңдай, Тілмарович, Тілқатпасов, Тілемсеков, Заржақ, Қужақ, Самыржақ, Ұртбай, Ұртымай, Сойдақтіс.

ІІІ. Мойын–10. Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ, Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.

ІV. Кеуде–20. Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын, Месқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбай, Қарынбөлеев, Сауқарын, Талақ, Жұлынбай, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б.

V. Қол – 15. Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал, Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ, Шеңгелов, Бессаусақов.

VІ. Жамбас – 9. Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы, Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт, т.б.

VІІ. Аяқ20. Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов, Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов, Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан. Басқа байланысты – Тазша, бетке-Бедірейгенова, көзге–Адырақбаев, Ақима, Қылипа, Бадырақ, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай; құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға–Шеңгелов; денеге – Айтыртық Тырдай Жалаңашов; шашқа Үрпек, Бұйра, Шүйкебик Шаштеңге, Шашбике, Қолаңшаш, Тұлымтай; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа –Айталтақ, Маймақ, Зыпберген т.б.

1.3.2.Зоофорлық (zooгр.“жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті. Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай. Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum - “таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.

Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз, Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б. Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық.

Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев, Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба. Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, топастық.

Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт, Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов, Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара, Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат. denotatum – “белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік.

Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген, Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан, Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық, адуындық, самарқаулық, жалқаулық.

Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл, Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар.

Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл, Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала, Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.

Ит – “жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да мінез табылады. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы: сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін “ит” деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: “Адамдарды тани түскен сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи > ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің бірігуінен жасалған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атынан баяндалады: “Иттей боп дем алған екенсің. Иттің құлағына алтын сырға, мен өзі сөз арасында итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі – жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров).

Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов)

Түз аңдары атауынан жасалған ЗА: Айдаһар, Аюбай, Аюкен, Балпақ, Борсық Бөрігүл, Бөлтірік, Бөкен Арыстанович, Жыланкөз, Елікханов, Ешкіемер, Киікгүл, Көкжал, Көжек, Қоянгүл, Қоян Қорықпасов, Қодыкен Сусликкөз, Қоңырқұлжа, Таутан ,Төкеш Түлкібаев, Түлкібике, Түлкібақ. Бұдан басқа су жыртқыштарынан – Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре, ұсақ балықтар – Лақа, Шабақ, қос мекенділерден – Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек, Сары Шая, инсектонимдерден – Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл, Таскене, Көбелек), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер бар.

Орнитонимдерден жасалған ЗА: Аққу, Әтеш, Бөдене Бұлдырықов, Бытпылдақ, Дуадақ, Жарғанат, Ителгиев, Кекілік, Көкекгүл, Күйкентаева, Қаршыға Бүркітов, Қораз Қоқиев, Қыран, Қырғигүл, Қызғышов, Қытқытбек, Құсбегин, Құсмұрын, Құрбек, Құзғынбай, Сауысқан Саққұлақов, Тауықбике, Тауықтөс, Тырнабай, Үкісарықыз, Үйрекович, Шүрегей, Шымшықбек. Қораз Қоқиев < қоқи қораз. “Ешкіммен тілдеспейді, амандаса қалсаң, бас-аяғыңды тексеріп шығып, оң қолының сұқ саусағымен көзілдірігін көтеріп жоғары қарап тұрып “с-с...” деген болымсыз дыбыс шығарады. Көзілдірігімен бірге көтерілген танауы біразға дейін делдиіп тұрып алды” (С.Жортанов)

1.3.3 Фитофорлық (өсімдік атауынан жасалған ЖқЕ-дер аттар) Ағаш: Ағашбай, Сандалбай, Тасеменов, Шыбық, Зәйтүн Бұтақ: Бұтағали, Жапақ, Қияқ Қамысов, Қамысбай, Қурай, Шілік, Шигүл, Шибұт, Шиборбай. Шөп: Адыраспанов, Ажырық, Бұзаубас, Ебелек, Запыран, Жантақ, Желбіржекен, Қалақай, Қаңбақтай, Миягүл, Нашабек, Шағыр, Шөңгебай, Усойқы. Дақыл: Арпабай, Тарыбай, Жүгерин, Күрішбек, Мақтажан, Уытбай. Бау бақша: Әңгелек, Бүлдірген, Бәдірең, Жаңғақ, Жуагүл, Көсік, Пістебек, Түйнекбай, Шиебайұлы, Шатырашұлы, Пәшек, Бошақ Гүл: Гүлдерай, Гүлбазар, Инегүл, Қызғалдақ, Сарғалдақ, Гүлжапырақ, Бәйшешек, Ләйлікөк, Сарыкүл, Шайкүл.

Фитонимдерден жасалған кейбір ФА-дың жасалым уәжін түсіндіре кетейік. Усойқы < усойқы - хош иісті ақ гүлі бар улы өсімдік, улылығына байланысты ащы, қыршаңқы тілді адамдарды усойқы деп атайды. Уытбай < уыт - арақ, бозаны ашыту үшін салатын құлмақ тәріздес дән, ащы дәм тілінің шақпа, уыты бар адам жөнінде уәж болып тұр. Ебелек < ебелек - құмды жерде өсетін бір жылдық өсімдік, шөптің ұшып жүретіндігі жеңілтек, ұшқалақ кейіпкердің жасалуына мотив болған. Мысалы, “елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген” деген содан шыққан. Қалақай < қалақай - тиген жерін дуылдатып, ащытатын өсімдік, тілі шақпа адамдарды “қалақай тілді” дейді. Қаңбақ < қаңбақ - шөлді жерде өсетін шар тәрізді, домалап, ұшып жүретін өсімдік. Жеңілтек адамдарды қаңбақ сияқты “қалбалаңдаған” дейді.

1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы жағынан талдауымыз, яғни СЮП-тердің жасалуының қайнар көзі “жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады” [4, 6] деген пікірді дәлелдейді. Қазақ әдебиеті бойынша жиналған материалдың тілдік табиғатын тануда әдебиет – тіл – сатира үштігімен ұластырдық. “Әдебиеттен тілді бөле қарау “ала қойды бөле қырқу” тәрізді ғой. Бұл екеуі бірінсіз бірі күн көре алмас керек. Сондықтан да біз әдеби әсерді айтқанда, тілге тіреліп, ал тіл қорын зерттегенде, әдеби туындыларға сілтеп отырамыз” [5, 36].

1.4.1. Көне сөздерден жасалған СЮП-тер (90). Академик Р.Сыздықованың “архаизмдерді екі-үш топқа бөліп қарастыру керек” деген принципі бойынша, кейіпкер аттарын 1.мүлде қолданылмайтын (Білте, Мыршым, Сопықұл, Пырақбаев, Тәңірқұл), 2.қолданыстан шығып қалған, бірақ мағынасы түсінікті (Сайтанбек, Жебе, Пірімқұл, Жамбы, Жосын, Садақ), 3. қазіргі қолданыста бар, бірақ өзгеше мағынаға ие болған сөздерден жасалған кейіпкер аттары (Бақсы, Құдайқұл, Шатыраш, Шырбітпес, Молдабай) деп бөлдік. Теофорлық аттар қазақ бір нәрсеге табынғанда, сыйынғанда, жалбарынғанда аузына жалғыз құдайды алмайды, бұл қатарды “тәңірім”, “жаратқан ием”, “алла тағалам”, “пірім” тәріздес сөздер толықтырады. Зерттеу барысында Апырай, Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Тақуаұлы, Бақсыбаев, Япыраевич тәріздес патронимдер кездесті.

1.4.2 Диалектілік негіздегі СЮП-тер (120) – диалектілік лексемалар мен форманттар негізінде туған жалқы есімдер. СЮП-тердің шамамен 5%-і тіліміздегі жергілікті құбылыс ретінде ұғынылып жүрген сөздердің қатысымен жасалған: Аппаз “жиырма тиын”, Алқынды “ сабынның қалдығы, Ауыш “ есінен ауысқан, Ауқатжан “тамақ, Әпкіш “иінағаш, Әбиіркүл “абырой, Әйдік “үлкен, Әуей көңілдес, Бозымгүл “түйе, Бақыраштай ыдыс, Бәдірең “қияр, Балқаймақ “тағам түрі, Бөстек “текемет, Дәлдүріш – “ақымақ, алаңғасар Долы “бұршақты жаңбыр, Далбай құлақшын, Доқ “бұйрық, Елпек “жұмсақ, Иісмай “крем, Кібіт “қойма, Көпек “еркек күшік, Кәржік “ мұрын, Кәубас “үлкен бас, Кекіре “арам шөп, Киеңкі “ауру, Қойтан “ақымақ, Құлжа сақа, Қоспақ “ақымақ, Қақпыш текпішек, Қырпық тері, Қырт мылжың, Қыпық бидай, Лақы “күлдіргіш, әзілкеш адам, Ләмбөк “мата, Пәшек шырмауық, Пістебек, Шөлмекбай “арақ, Тайқар екі жастағы ұрғашы есек. Сипанский < сипан+ский ауызекі тілде сипап кету “ұрлап кету” дегенді білдіреді, - ский орыстың аффиксін қосып сөйлеу жалпы халықтық сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып табылады.

1.4.3 Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған СЮП-тер (110).

Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан шығыс тілі (араб, парсы, иран), орыс тілі (грек, латын, француз, неміс, ағылшын т.б) және алтай тілдері арқылы енген сөздерден жасалғандығы анықталды. Түркі Әпенде, татар – Башмачкин, Мәшура, Колбаса, өзбек –Тәшкенбай, Узбекулла, Ташматов. Башмачкин дейтін кейіпкердің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып “башмақ” мағынасында жұмсалады.Монғол тілінен - Ойрат+хан, Cояу+бай< соео-азу тіс, Келеке< хэлгий –сақау, Дом+бай<дом –ем, бақсылық. Қытай тілінен – Әпелсин< appel+ Chіna –Қытай алмасы, Заң+ғой, Шай+кұяр, Шай+бике, Әтір+шай өсімдіктің кептірілген жапырағы, Сипаң, Шыныбек. Сипаң+бай сөзінің шығуы жөнінде жазушы Б.Қыдырбекұлы мынандай қызықты дерек келтіреді: “Сипаң - қазақ жеріне діндар болып келген қытайлықтың аты. Жүрген жерінде елді алдап, маймөңкелеп, жаманның өзін әдемілеп жіберуге бейім болған”. Сипаң сөзіндегі маймөңке коннатациясынан ЖқЕ Сипаңбай жасалған деуге негіз бар.

Араб тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (100).

Академик Р.Сыздықова “көп сөздердің түп-негізі араб-парсыныкі болғанымен, халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған” деп санайды [6,154]. “Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздігі (Е.Бекмұханбетов) және “Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері” (Л.Рүстемов) пайдаландық. Арақ, Әзәзіл, Әбілет, Әулиебайулы, Әліпби, Әлқисса, Бәрекелде, Бейберекет, Дүлей, Дұғай, Дұғакүл, Жалақор, Зәрубике, Зәреқұт, Зікір, Запыран, Ләм, Мим, Молдабай, Мұсылманұлы, Қыдыр, Нашабек, Надан, Натрибек, Пайдабек, Пәтуасыз, Пәлеқор, Пырак, Пірімқұл, Сайтан, Сауық, Сүндет, Сұрқия, Талак, Тәспиық, Таһуа, Тұмар, Тұмарбек, Хақымбар, Шарапбике, Шүкір, Ібіліс т.б.

Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (50): Барабдал, Бадал, Албасты, Әбігер, Әмпей, Бетпақ, Дырау, Жадыгөй, Дуанбек, Зәре, Зікір, Қалжа, Далбаса, Алуа, Орамалова, Дардана, Гүлдария, Меймангүл, Мұнтаз, Жорабай, Найсап, Кебіс, Пәлек, Орамалова, Бетперде, Шілдебай, Шарбақбай т.б.

Орыс тілі арқылы енген СЮП-тер саны (120), сөздердің шығу тегін анықтау үшін “Краткий этимологический словарь русского языка” және В.И.Дальдің “Толковый словарь русского языка” сөздіктері қолданылды.

Славян тілінен - Сорокбай < сорокъ - қап, көйлек; Сусликкөз < сусьлъ < сусати - ысылдау; Көржік < коржик тәтті нан; Сөлке+бай < целковый < целый -бүтін сом; Айболит < ай, болит< Айболит - аң дәрігері (К.Чуковский); Самогон < дәнді дақылдардан, жасалатын ішімдік; Мұжықбай < мужик < қара шекпен; Пожарский <пожаръ-ыстық; Латыннан - Бетонбет betumen - битум, Виноқұл <вино < vіnum- ветвь, Спиртбай < спирт < spіrіtus - дем, дем алу, Насеком < Дефицитұлы<дефицит-тапшылық, Актішілов < асtus , Алиментшин < alіmentum - асырау-бағу, Папиросбек < papyrus – қағаз; Кереует < krabbtіon, Металті, ГазоваПародияғали
, Паразитович
Понетек< фонетика phone - дыбыс ; Неміс тілінен - Рәпира < рапира - сайыс қылыш, Вагонбек < wagen -арба, Князов < kunіng - ру басы, Долларбек < taler -ақша өлшемі; Поляк тілінен - Бөтелке <бутылка < botelka < лат. buttіs- кеспек; Итальян - Кәмпит < confetto< лат. confectum - дайындалған дәрі, Тенорбек < tenore- еркектің биік даусы, Cонета <сонет- лирикалық өлең, Шарлатан < сіarlare - алдаушы, көз бояушы; Француз тілінен - Ботинка< ботинка, Коньяк <коньяк, Шампан+гүл, < vіn de Champagne < Шампань -провинцияның аты, Скелетбай < скелет, Панфлетхан < панфлет; Испан тілінен - sіgarro игарет < Сигаретин; Ағылшын - Футболбай < foof - аяқ, ball – доп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет