Бике сөзі мен тіркескен СЮП-тер саны (70): Аңқаубике, Әтірбике, Барқытбике, Бесбике, Бекбике, Бытбике, Елбике, Жалғызбике, Жалаңашбике, Жыпбике, Зәрубике, Зыпбике, Зырбике, Иісбике, Күлбике, Күнбике, Кердеңбике, Құйысқан бике, Лыпбике, Мақалбике, Маздаубике, Мұзбике, Насбике, Ойбике, Пернебике, Салбике, Сұлубике, Сыбысбике, Сырғабике, Сыпбике, Тасбике, Тәуірбике, Түлкібике, Топарбике, Тоқбике, Тойбике, Торымбике, Тауықбике, Танабике, Тырылбике, Ұлбике, Шарапбике, Шәйбике, Шүйкебике, Шылымбике.
“Бике” сөзімен тіркескен кейіпкер - бізге аңыз әңгімелерден (Алдар көсе оқиғалары) Бізбике атты Шық бермес Шығайбайдың қызы арқылы таныс. Бике – алғашқы мағынасында, яғни тума ат болып тұрғанда қыздарға, әсіресе ханшайым, бай қыздарға қосымша берілген ат, атақ іспетті. Сатира мен юморлық кейіпкер аттарында бике ерке пейоратив кесір, жеңілтек мәнінде жұмсалып, әйел жынысы екенін білдіретін мағынаны білдіретін суффикске айналған. Бике сөзімен келетін аттар некен саяқ кездеседі, тілімізде қайынбике туыстық қатынасты білдіретін сөз. Ғайша сөзімен жасалған экзонимдер тілімізде ұлтқа тән дыбыстық ерекшелігіне қарай қалыптасқан: Азанқайша, Жанқайша, Жымыңқайша, Зілқайша, Миниқайша.
Қыз сөзімен тіркескен СЮП-тер саны: Аққыз, Әліқыз, Дәріқыз, Мырзақыз, Мыстанқыз, Қарақыз, Кенжеқыз, Пернеқыз, Үкісарықыз, Қыз Жүлік (Қыз Жібек).
Қыз Жүлік “Азан шақырып қойған аты – Қыз Жүлік. Атына заты сай, бетіне “сорпасы” шыққан сорақының жоғары сорты. Отырған жері айқай-шу, ұрыс шыққан жерде шаштан жұлу, бет жырту. Күйеуін көктен алып, көрге салатын көкбеттер арасында жарыс өтсе, “бас бәйгені шаппай бер ” дейтіннің нағыз өзі” (Тұрымбет А).
Ай сөзімен тіркескен СЮП-тер: Ай+күміс, Гүлдер+ай+ым, Гүлдер+ай,
Жоғарыда көрсетілген гүл, -бике, -қыз, -бала, -зада, -ғайша, ай антропонегіздерден басқа екі түбірдің бірігуінен көптеген ойдан шығарылған аттар ерекшеленіп тұрады: Әпитөк, Күлшашар, Қиқу, Байсүйер, Шөпжелке, Зырбике,
Қиқу қиқу айғай, шу. Осы қиқу дыбыс жүрген жері айғай-шу, долы, бетпақ әйел атының қойылуына уәж болған. “Дәлізден шыққан дүрсілден Қиқу апайдың келе жатқанын білдік. Салыңқы бұғақ, шүріппе ерін Қиқу апамыз кіріп келді. Кіре сала орындықты ырғап-ырғап бажылдатты. Апайдың жыны уақыт, жер таңдамайды. Еден екі рет солқ етті...Стол үш рет бұрқ етті. Екі көпіршік екі езуге жарыса ытып шықты да, шарланып барып жоқ болды. Кабинет есігі қалай Қиқу апайдың қолында кетпегеніне таңырқадық. Терезеден қарасақ, асфальттың көбесін сөгіп жіберердей тарпи басып тартып барады” (Сабыржанов Ж).
2.3. Гендерлік негіздегі СЮП-тер. Адамның жынысына қатысты атаулар гендерлік (ГП) деп аталынып жүр. Бұл топтағы кейіпкер аттары антропоним, патроним түрінде жасалады. Талдау жасалынған ГП-дің жалпы саны - 70-тей.
І. Қыз– келіншек– әйел– қатын– кемпір сөзінің қатысымен жасалған кейіпкер аттары бар. Әлібала, Дәрібала, Қызбала, Балагүл, Бұйбала, Майбала, Шайқұяр. Қыздаркұл, Қыздыкүл, Қызтапқан, Қыздықой, Қызтумас, Қызтаев, Қыздай Жеңге, Аққыз, Әліқыз, Дәріқыз, Мырзақыз, Мыстанқыз, Қарақыз, Кенжеқыз, Пернеқыз, Үкісарықыз,Әйелбек, Келіншек Көңілшекова Қатынсөз, Қарақатын, Ақкемпір, Қаракемпір, Бескемпір, Үшкемпір, Кемпірбай, Кемпіргүл.
ІІ. Бала– ұл– жігіт– бойдақ– еркек– шал. Ұлшығар, Ұлемес, Ұлтабар, Ұлдабай, Ұлболмаған, Ұлкерек, Ұлбике. Сүрбойдақ Жанынжепжүргенов. Еркекбасымен Өсекайтқанов. Мыңжігіт, Майлыжігіт, Серіжігіт. Ақшал, Қаңбақ шал, Бармақшал, Матишал, Мотишал, Қарашал, Тырнақшал, Ырымшал, Қыршаңқы қария. Саңырақ шал, Ақсақал, Кәріғали, Пәлен қарт. ұл, шал атаулары. Тілімізде қара шал қолданылғанмен, ақ шал деп жұмсалмайды, ақ сақал деп қолданылады.
2.3.1. Патронимдер мен матронимдердің жасалу үлгілері. Патронимдік (грек.раtros “әке” атауы) patronyme әке атауы ) және матронимдік (matronymіc ана атауы) фамилиялардың жасалу жолдары, құрылымдық түрлері мен сандық көрсеткіштері 500-ге жуық. Олардың ішінде -ұлы (80), -қызы (20), -ов (120), -ев (100), -ова (50), -ева (30), -ович (40), -евич (30), -овна (15), -евна (10), -ин (12), -ина (3), түркі изафеті (15), -ич, -еш, -ыч, -ыш,
-ыбыш (15), еш қосымшасыз (6), -и (5), -тегі (1), тархан (1), -ский (2) т.б.
түркі изафеті түріндегі патронимдер халық ауыз әдебиеті нұсқалары негізінде жасалған: Талтақтың Сүлігі, Тазыбайдың Қаншығы, Телпектің Тентегі, Басабайдың Бөдені, Таңқыбайдың Тәмпіші, Тәмпіштің Таңқыгүлі, Дырылдақтың Бөрібасары, Торсықтың Титығы, Күйікбайдың Кетігі, Итаяқтың Ұлтарағы,т.б.
-и үлгісімен аз кездесті: Бұлаққұйрық Бәстеми, Жалпақбет Жұмалақи, Менменхан Жолтапқани, Сұңғыла ибн Талап әл Таланти
-тархан Қайрақ Егеу-бек Тасқайрақ тархан Малтатас -тегі: Сәндіаяқ Дөңгелекұлы Машинатегі.
-ұлы Ақылбай Несиеұлы, Дәмесін Қарайгөрұлы, Маубасқұл Есінеұлы,Қысқабай Нұсқабайұлы, Асаған Жасағанұлы, Аңғалбек Жаңғалақұлы, Момын Аңғалұлы,
-қызы: Әйпін Әрекеқызы, Ирек Шапанқызы, Қайынсіңлі Бикешқызы, Ойбике Ойбайқызы, Ойбике Сұрқияқызы, Тиын Тебенқызы, Төркінгүл Некебұзарқызы, Бәтіңкеқызы т.б.
-ов/-ев дара: 1) фамилия (Адыраңбаев), 2) ат + отчество (Ахахау Одағаев) және 3) үш тұлғалы болып келеді: ат +отчество + фамилия.Үшінші үлгі бойынша Тамыр Танысович Туысқанов, Науқасбай Сырқатұлы Кеселов, Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов т.б
-ова / -ева Құдағи Құлпырғанова, Долыгүл Бетпақова, Аузыбасы Сүйреңдегенова, Бірдібірге Шағыстырғанова т.б.
-ович /-евич, -овна/-евна: Әупілдек Япыраевич, Сарымсақ Сасықбаевич, Мырқымбай Мырқалович, Екатерина Маубасовна, Дардана Шиқанбаевна т.б.
-еш, -ыш, -ыч, -ыбыш: Итбаеш, Бақа Бақыш, Балпақ Жалпақыч, Тойған Тойғаныч, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Әлләзи Әпендич, Күңкілдек Бүлкілдекич
-ин / -ина: Алиментшин, Әлімжеттин, Әзіләлі Сатирин, Семізқарина, Жүгерин, Жымысқин, Құбылмалин, Қатынсарин т.б. -ский Симпанский, Пожарский; еш қосымшасыз Табаны Қышыған, Текекөз Ешкіауыз, Тұрлаусыз Телегетай, Сорбақ Сынықсүйем, Арман Таудай, Қалтақағар Қырсықпа
2.4. Синонимдес немесе өзара мәндес СЮП-тер: Бедел Даңқыбаев бедел ~ даңқ, Егеуәлі Қайрақұлы егеу ~қайрақ, Жалақор Пәлеқоров жалақор ~ пәлеқор, Малта Сықпаұлы малта ~ сықпа, Көкірек Кеудебаев көкірек~ кеуде, Қойбағар Малбағаров қой бағар ~мал бағар, Қымқыр Жымқыров қымқыр ~жымқыр, Науқасбай Сырқатұлы науқас ~сырқат, Пәленбаев Пәштуан пәлен ~ пәштуан, Шалшықбай Балшықбаевич шалшық ~ балшық т.б.
Кейбір патронимдер мағыналары жақын, ұқсас келгенмен, таза синонимдік қатар түзбейтіндіктен, оларды ұштас мәнді патронимдер деп атадық: Алабас Шалабасов < ала бас ~ шала бас, Бөдене Бұлдырықов<бөдене ~бұлдырық, Бұрқан Талқанович<бұрқан ~ талқан, Жаңғалақ Ұшқалақов < жаңғалақ ~ұшқалақ, Желсөз Қаңқусөзүлы Өсекаяңов < жел-сөз~өсек-аяң, Жебірбай Ашқарақов< жебір ~ашқарақ, Жылпос Қуаяқов <жылпос ~қуаяқ, Ебелек Көбелеков < ебелек~көбелек Мыңқетпес Тапжылмасов<мыңқетпес ~тапжылмас Қалжыңгүл Қалжаққызы< қалжың ~ қалжақ, Қартайған Қожырағанов < қартайған ~қожырайған, Қойшы Қойбағаров < қойшы ~қойбағар, Сыңғыт Қылғытұлы <сыңғыт ~қылғыт, Таптырмас Дефицитұлы<таптырмас ~дефицит, Ыржалақ Күлкішиев < ыржалақ ~ күлкішіл, Бақталас Күндесұлы < бақталас ~күндес т.б
Антоним немесе қарама-қарсы мәнді патронимдер ирония жасаудағы тамаша әдіс: Дырдай Жұрдаев <дырдай “үлкен, бар болу” ~ жұрдай “жоқ болу”, Барбол <бар бол ~ Жоқбол <жоқ бол, Бөкен Арыстанович <бөкен “жуас” ~ арыстан “сұсты”, Жұдырық Кеңірдеков < жұдырық “күшті” ~ кеңірдек “әлсіз”, Көжек Тайлақов <көжек “қорқақ” ~ тайлақ “асау, тентек”, Жасқали Кәріғалиев <жасқали “жас” ~ кәріғали “кәрі”, Қоян Қорықпасов <қоян “қорқақтық” ~ қорықпас “батылдық”, Қамысбай Жантақов <қамыс “ұзын” ~ жантақ “аласа”, Пұлбай Тиынсызов <пұл “ақша” ~ тиынсыз “ақшасыз”, Шырпы Шымырбаев <шырпы “әлсіз” ~ шымыр “мықты”.
2.5. Қос сөз түріндегі СЮП-тер сөзді қайталаудан не қосарланып келуден юморлық кейіпкер жасауда ерекше тәсіл болып табылады, стилистикалық қызметі өзгереді, ұлғайту, яки солғындату реңкі жамалады. Ардыңгүрдіңова ардың-гүрдің, Бөлек Салақович бөлек-салақ, Бұрқан Талқанович бұрқан - тарқан, Жігжаппаров жік-жаппар, Пәленше Түгеншиев пәлен - түген, Шымшытырықов шым - шытырық, Аузыбасы Сүйреңдегенова аузы - басы, Қазы Қартабаев қазы - қарта, Таныскүл Тамыровна таныс - тамыр, Өсекаяңов өсек - аяң, Тәптіш Түкпішев тәптіш - түкпіш, Айқайұлы Ұйқай айқай - ұйқай, Тиын Тебенұлы тиын - тебен, Қиқым Сиқымов қиқым - сиқым, Пәштуан Пәленбаев пәлен - пәштуан, Ішекқарынұлы ішек - қарын т.б, Кемпіршалов кемпір-шал, АпайТопаевич апай-топай. Қосарланып айтылатын Қымқигаш қым-қиғаш, Бүкшік бүк -шік, Зымзия ~ зым-зия, Ыңқыл Тыңқылович ыңқыл-тыңқыл, Шалашарпы ~ шала-шарпы, ым-жым ~ Ым, Жым, Ымыра, Жымыра, ебіл-себіл ~ Ебіл Себіл, әлду-бәлду ~ Әлду, Бәлду, кедір-бұдыр ~ Кедір, Бұдыр, пәлен-пәштуан ~ Пәлен, Пәштуан, көди-сөди ~ Көди, Сөди , ақи-тақи ~ Ақи, Тақи, кәкір-шүкір~Кәкір, Шүкір, ырду-дырду ~ Ырду, Дырду, тамыр-таныс ~ Тамыр Танысович, мыж-тыж~Мыжбан, Тыжбан, ләм-мим~Ләммим, бұрқан-талқан~Бұрқан Талқанович, дік-дік ~ Дікдік.
Омпай Томпаев іс-әрекеті омпай-томпай, кеудемсоқ, өзінен басқаны кем тұтатын әйтеуір жазушы-сымақ. “Жазатындардың бәрін өзінен төмен сырғытып отырады. Ә, анау кім бе? Сол да жазушылар одағына мүше болып алды, ә? Не болмаса: Әй, ол кім өзі? Мен танымайтынды несін жазушы дейсіңдер? дейді. Прозаның басын да, жамбасын да, төсін де өзі мұжып, бар пұшпағын өзі илеп жүрген боп шығады сөйтіп” (Ғ.Қабышұлы). Ғалым Г.Әзімжанованың “Қайталама оқырман мен тыңдаушыға эмоционалды әсер етіп, оның назары сол қайталанған элементтерге ауады, әр түрлі деңгейде олардың мағыналары түсіндіріледі, айтылар ой өрбиді, қайталанған сөздің экспрессиясы күшейеді, текстің мәнерлілігі айқындалады, ерекше ритм туғызылады. Сөз зергерлері бұл әдісті психологиялық суретті тереңдету үшін де қолданады” [11,11] деген пікірді осы Омпай Томпаев тәрізді жасалған кейіпкер аттары дәлелдейді.
2.6. Фразаланған немесе сөйлем сипатты СЮП-тер құрылымы жағынан бастауыш -баяндауышы бар белгілі ойды білдіретін аттар болып келеді: Алыпқоев алып қой, Аткелтір “ат келтір”, Қозыбағар “қозы бағар”, Ешкібағар' ешкі бағар', Сиырбағар сиыр бағар, Түйебағар'түйе бағар', Итбақбас'ит бақбас', Аузыбасы Сүйреңдегенова аузы – басы сүйреңдеген, Аспанды Тірептұрғаныбыш аспанды тіреп тұрған Боссөзге Құлқыжоқова бос сөзге құлқы жоқ, Дәмесін Қарайгөрұлы дәмесін қарай көр, Ештеңе Ешкімбілмесов ештеңе ешкім білмес, Ештеңе Айтпайтынов ештеңе айтпайтын, Еркекбасымен Өсекайтқанов еркек басымен өсек айтқан, Қазақ Туғызар қазақ туғызар, Қашқынбай Таптырмасов қашқын таптырмас, Қатынсөз Көпжүргенова қатын сөз көп жүрген, Мейлі Бәрібірович мейлі бәрібір, Танабике Тапбергенова тана тап берген, Үндемес Үйбұзарұлы үндемес үй бұзар,Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов шала-шарпы салған, бітпей қалған, Жосылбай Осындаевич т.б.
*Жертебер Көрпеберов (Т.Әлімбекұлы) – желмая ақын. Кейіпкердің аты -жөні “жер тебер” және “көрпе бер” деген сөз тіркестерінен тұрады. “Ол жер тепкілеп айтысқанда астыңыздан алты балдық екпін соғады. Айтысқа кеткен сайын ағайыным бар, ауылдастарым бар мені базардан қайтқандай күтеді. Берсе, керек тастың ауырлығы жоқ қой, не болса да ала берер ем”,– тебініп, желігіп, жүлдені бер” деп айтысқа халқы үшін емес, қалтасы үшін келгенін дәлелдейді.
Профессор Ж.Манкееваның: “Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер туып жатады”,- [9,53] деген сөзі жұмысымызға бағдар береді.
2.6.1. Юкспозитивті немесе сөз тіркесі түріндегі СЮП-тер, екі не одан да көп сөздердің бірігіуінен жасалған күрделі ЖқЕ: Ауыз Жаппасов ауыз жаппас, Ақпақұлақұлы ақпа құлақ, Бөксегүл Жалаңашова бөксесі жалаңаш, Жұмсақжанов жұмсақ жан, Иегі Қызылова иегі қызыл, Кемпіргүл Шүйкедеева шүйкедей кемпір, Келіншек Көңілшекова көңілшек келіншек, Ирек Шапанқызы ирек шапан, Менменханов менмен хан, Түпсіз Тереңбаев түпсіз терең, Тазтелпеков таз телпек, Түкті Орамалова түкті орамал, Қисық Танауов қисық танау, Сүйегі Қурағанов сүйегі қураған т.б.
Тырдай Жалаңашев-аудандық “Қаратер” атты моншаның меңгерушісі. Елудің бәлендей жылын Тырекең тырп етпей отырып су мен тұздың арасында өткізді. Сол Тырекең бәленбай жыл аудан жұртшылығын ерлерін бір бөлек, ұрғашы...тоис, әйелдерін бір бөлек адастырмай, араластырмай шомылдырып келді (О.Әубәкіров “Ауыз тағдыры” ).
2.6.2. ТТ-ден жасалған СЮП-тердің көпшілігі күлкі-әжуа, келеке, әзіл-сықақ, юморлық қасиетке бай. Ақкөз ақ көз надан, ақымақ, Ақкөңіл ақ көңіл арамдығы жоқ, ниеті таза, Ақсақалов ақсақал көпті көрген, аузы дуалы, сөзге шешен, жасы үлкен қарт кісі, Алакөз араз, қырғи қабақ Ақпақұлақ ақпа құлақ, сөз ұқпайтын парықсыз, Бірдібірге Шағыстырғанова арандатушы, Безбүйрек без бүйрек, қатал, Десбермес дес бермеу, сөз бермеу, Мізбақпас міз бақпады, селт етпеді, Нансоғар нан соғар, арам тамақ, Домалақарыз, Көктиын, Көзжұмбай, Қарабет, Құрғақсөз, Қызылкөз, Таныс Тамыровна Тасжүрек, Табаны Қышыған, Тырдай Жалаңаш, Тоңмойын, Сары Уайым, Сужұқпас, Сумұрын, Сұржебе, Ұртымай т.б.
Суаяқов Сулы ауданындағы техникумның оқытушысы ретінде – бір мезгілде үш жерде қызмет атқарып, бес айда өзі еңбек ақысынан тыс бір мың жеті жүз сом ақшаны қылғыта салған. Онысымен қоймай, сол өзі істейтін басқармада жолдасы Сужұқпасов дегенге аталған оқу орнының есебінен бір жылда үш мың сом “сыйға” тартқан (Е.Жаппасұлы)
Мақал-мәтел типтес СЮП-тер – халық психикасы дамуының айнасы. Кейіпкер атының жасалуына ММ-дер де мотивтік фактор ретінде негіз бола алады. Өйткені аталым ретінде қолданылып отырған лексеманың заттық мотиві халық санасында әбден қалыптасқан ММ типтес аттар зерттеуімізде аз болса да кездесті: Алмақтың да салмағы бар Алмақ Салмақ Асарын асап, жасарын жасап Асаған Жасағанұлы Бас ал десең, шаш алады Басал Шашалұлы Тек жүрген тоқ жүреді” Текжүрген Тоқжүрген Өзі қысқа,өзі нұсқа”, Қысқабай Нұсқабайұлы Мың асқанға бір тосқан ” Асқан Тосқан Көп көрген көсем болады. “Алмақтың да салмағы бар” деген мақалдан патроним жасалған. Алмақ Салмақов “Алекеңнің не жазатынынан гөрі не жазбайтынын санап беру оңай. Әсіресе рецензия мен алғысөзге әуес-ақ” (Ғ.Қабышұлы).
Диссертацияның 3-тарауы “Кейіпкер аттарының этнотанымдық арнасы” деп аталады. Қазақ – қалжыңқой халық, сын - сықақ, әзіл - оспақты сүйеді. Демек, сатира қазақ халқының әр кездегі салт - санасының көрінісі, жан сыры. Ұлы адамдардың айтуынша, заман сипаты, заман трагедиясы, кезең рухы оның күлкісінен танылады. “Сатира, юмор–әрі көңілді, жеңіл, әрі зілді қуаныш-ренішке бейім өнер” [12,16] болғандықтан, оның кейіпкерлері де шетінен әзілқой, сықақшыл, қалжыңқой, мысқылшыл болып келеді, олардың аты-жөнінде “эстетикалық, эмоциялық т.б информация болады” [2,45].
3.1. Этнопоэтикалық СЮП-терге ұлттық ерекшелікті білдіретін салт-дәстүр, ырым-сырым, әдет-ғұрып тәріздес ұғымдар жатады. Оларды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу –ономопоэтиканың қызықты мәселелерінің бірі.
Ұлттық атаулардан жасалған СЮП-тер: Сауғабай, Қаракемпір, Қарашал (қазақтық), Ақсақал бір рудың, елді қадірлі адамы, жасы ұлғайған кісі. Сөздің астарында қадірлеу, сыйлау, құрметтеу ұғымы жатыр. Қазақтың қартын “қара шал”, “қара кемпір”, жасын “қара бала”, “қара қыз”деп атау ұлттық үрдіс. Тіліміздегі “қара халық”, “қара тобыр”, “қара табан”, “қара кедей” деген тіркестерде жалпылық, жұпынылық, қарапайымдылық семасы бар. Қарашал, Қаракемпір аттарынан жабырқау тірлікте жұпыны ғұмыр кешкен қазақтың қарттары, яки ұлттық бейне көрініс тапқан.
Салттық көрініс Әупірімов “жан қиналғанда айтылатын сөз”, Біржамбас “жату әдебі “Жамбассипарұлы “ұрын бару салты”, Көріпкелов “болашақты болжаушы”, Некебұзарұлы неке бұзар, Табаны Қышыған “жол жүру дейтін ырым”, Құсбегин “саят құстарын баптаушы”, Тобықбаев тобық сыйлау “ұлттық ойын”, Шүкіров “тәубе ету сөзі”, Базынагүл біреуге өкпе-реніш мәнінде айтылатын сөз, Көзайым, Тойбазар, Тойболсын, Тойбике т.б.
Әдеттік құқық Заңғой, Айыппұл, Барымталин, Бітімбай, Даугүл, Даусоғар, Даулан, Даубаев, Домалақарызов, Жарлық, Жосынбай, Үкімбай, Қамшыбаев Шағымбек, Балаби, Мырзаби, Тампаби, Діни дәстүр: Зікір, Садақа, Мінажат, Намазбай, Дұғақұл, Бойтұмар, Талақ, Сәуегүл, Шүкір. Дәстүрлі ғұрып баланың дүниеге келген күнінен бастап, әр кезеңді дәстүрлі той-мерекеге айналдырып наным-сенімнің кейбір түрлерінен жасалған: Шүмек, Түбекбай, Сүндет, Ашамай
Ұ
Достарыңызбен бөлісу: |