Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені



Дата10.11.2016
өлшемі77,36 Kb.
#1411
Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. Христианшылық және антикалық философия. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндеп өмір тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Діни дүниетанымға деген философиялық рефлексия стратегиясының қалыптасуы. Неоплатонизм дүниетанымдық ізденістердің жапа сергіген діни бағыттылығының көрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Философиялық ой кешудің жаңа теоцентристік тәсілінің ерекшелігі.

Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің ролі. Адамның құндылығы және құтқарылу туралы ілім. Қоғамдағы адамның құқықтық жағдайының иерархиялық тәртіптіленген суретін сомдаудағы ортағасырлық философияның ролі.

Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика фнлософиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында. Рухани құндылықтардың, батыс адамы санасындагы моральдылықтың басымдылығын қалыптастыруға ортағасырлық діни философияның әсері. Батыс адамының өмірлік таңдауы мен стратегиясына христиандық дін мен дүниенің христиандық моделінің әсері арқасында оның дүниетанымдық көкжиегінің өзгеруі.

Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.

Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлемді құдай жаратты ма, әлде ол өзімен өзі өмір сүре ме? Адамның ерік бостандығы мен құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады?

Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Қалай және не нәрсеге сүйене отырып, сену керек. Неге сену керек?

Осындай сұрақтар төңірегінде іздене отырып, философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан (160-220), мәртебелі Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349). Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды;


    • материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді;

    • құдай алдын ала белгілеп қойғандықтан адам еркінің бостандығы жарияланды;

    • әлемді Құдай арқылы тануға болатындығы есепке алынды;

Орта ғасырлар философиясының негізгі принциптері жарату және ашылу догматтары.

Жарату догматы бойынша:



    • құдай әлемді ештеңеден жаратты;

    • әлемнің жаралуы құдай еркінің нәтижесі;

    • әлем құдайдың күшімен жаратылған;

    • әлемдегі жалғыз шығармашылық бастау – Құдай;

    • Құдай мәңгі, тұрақты;

Ашылу догматы бойынша:

    • әлемді тек Құдайды тану арқылы ғана тануға болады;

    • құдайды тануға болмайды, бірақ ол өзін Библия арқылы танылтады;

құдайды және әлемді танудың жолы – Библияны оқу.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.

Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.

Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.

Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті.

V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді.

IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.

Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский.

Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады.

Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.

Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға.

Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан.

Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.

Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.

Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады.

Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады.

Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды.

Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған.

IX-XIV ғасырлар арасында схоластика дамыды. Бұл тарихи дәуірде антикалық философияның өкілдері Платон мен Аристотельдің идеяларына ерекше көңіл бөлінді.

Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.

Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.

Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.

Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.

Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады. Рим

Оның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың.

Фома Аквинский католиктік философия – томистік бағыттың негізін қалады.

Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес, тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.

Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот, ағылшын философы Уильям Оккам.

Пьер Абеляр реализм мен номинализмнің біржақты пікірлерін толықтыруға тырысты, сөйтіп өзіндік ерекшелігі бар концептуализм ілімін жасады. Абеляр Аристотельдің Платон идеялары туралы ойларын қайтадан жаңғыртты. Ойшылдың пікірінше, жалпы нақты заттардан тыс бола алмайды. Ол заттармен бірге, оның болмысымен біте қайнасқан. Адам ақылы оны заттан бөліп, сол арқылы заттың ішкі мәні мен мағынасын анықтайды, сөйтіп жалпы ұғымдарды тудырады. Жалпы ұғым адамның ақылында концепт ретінде өмір сүреді.

Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оған

монотеистік принцип – Құдай біреу, жалғыз деген догматиты мойындау:

креационистік принцип – Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау;

провиденциалдық принцип – адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.

Орта ғасырлардағы діни философияның маңызы мынада:



    • ол антикалық және жаңа дәуір философиясының арасындағы дәнекер болды;

    • философияның жаңа салаларға бөлінуіне жағдай жасады;

    • тарихи процесті түсінуге қызығушылық туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет