технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным, қоршаған орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Табиғи материалдардан құрастыру.
Тақырыбы: Кірпі (жаңғақ, шемішке, ермексаз).
Мақсаты: орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, шемішке дәндері, үлгі көрнекіліктер.
Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, табиғи материалдар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог кірпі туралы жұмбақ жасырады. Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, бүгінгі жасайтын кірпінің ерекшелігі туралы айтады.
Балалар жұмбақтың
шешуін табады. Ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгіні қарап
көреді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кірпіні табиғи материалдардан жасау
жолдары:
- кірпі жасау үшін қара шекілдеуік, ақ
ермек саз, жүгеріні таңдап аламыз;
- аң ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз;
- жасалынған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін қадаймыз;
- кірпінің көзі мен тұмсығына жүгері қолданамыз.
Кірпі жасау үшін
өздеріне қажетті
заттарды таңдап
алады, оларды үлгі бойынша ретімен орналастырып, кірпіні жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға жіберуге таңдап аламыз деп балалардың қызығушылығын арттырады. Үстел үстінде орман декорациясы жасалады, бірнеше кірпілер орналастырылады.
біледі: әртүрлі заттарды пайдаланып, кірпіні жасауға болатынын;
игереді: кірпінің тіршілігі жайында жаңа мәліметтерді;
меңгереді: кірпіні жасағанда ұқыптылық қажет екенін.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Біздің қаладағы көше.
Мақсаты: балалардың қала көшелері туралы білімдерін бекіту, құрылыс материалдарынан қала көшелерін құрастыра білуге үйрету және өзінің тұратын қаласы жайлы мағлұмат беру. Қала көшелерін құрастыруға қажетті заттарды дұрыс қолдануға және жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрастыру материалдары, үлгі суреттер, ұсақ ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қала көшесі, адам жүретін жолдар - тротуар, көлік жүретін жолдар.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетіп, талдау жаса лады. Көшелердің ерекшелігіне, ағаштардың қалай орналасқанына, көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын
таңдап а лады.
Балалар
суреттерді қарап,
құрылыс материал дарын іріктейді.
Ұйымдастырушылық -ізденістік
Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына
ағаштарды орналастырамыз.
Енді адамдар жүретін жолды -кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз.
Ортасынан ашың көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жаң бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді
көлденең қойып тіземіз. Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық.
Ұсақ ойыншың машиналарды көлік
жүретін бөліктерге, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса - қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді.
Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді.
Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.
Балалардың
әрқайсысы өзалдарындағы
таңдап алғанқұрылыс материалдарымен
қала көшелерінқұрастыруға
кіріседі, құрылысматериалдарын дұрыспайдалануға, қала
Біледі: қала көшесінің құрылысы жайында және оның ерекшелігін;
Игереді: құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекеті не сәйкес дұрыс пайдалануды;
Меңгереді: қала көшелерінің ерекшеліктеріне сай құрастыруды.
Ортаңғы топқа арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Қошақан.
Мақсаты: үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолаң қағаздарды орайтын қарындаштар, жолаң қағаздар т.б.
Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог балаларға қошақандар туралы өлең оңып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншың қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз
болып жүргенін айтып балалардан:
«Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?» - деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді.