жайылымдары қысқаруы, 2) қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын болды, 3) патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді
Қазақстандағы патшалық Ресейдің басты мақсаты: өлкенің негізгі тұрғындарын жерінен айырып, қоныс аударушыларға босатып беру және қазақ қоғамында патша билігі үстемдігін бекіту
Қазақ шаруашылығында қосымша кәсіптер: аң және балық аулау
Аң аулауда қолданылған тәсілдер: қыран құс салу, құмай тазы жүгірту, қақпан және тұзақ құру
Балық аулау едәуір дамыған аймақтар: Арал, Каспий теңіздерінде
Балық көп ауланған өзендер: Ертіс, Жайық
Егіншілік кәсіп ертеден дамыған өңірлер: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу
Қазақтардың кәсіптері: малшаруашылығы, егіншілік, аңшылық, балық аулау
Қолөнер мен кәсіп(§3-4)
Көне дәуірден Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің тікелей мұрагері: қазақтар
«Қазақстан жеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі төрт мың жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келді» - деп жазған антрополог, ғалым: О. Смағұлов
1969 ж. Есік қорғанындағы қару-жарақтар мен күміс тостаған, ағаш ыдыстар және қыш құмыраларды ашқан археолог: К. Ақышев
Қазақ халқы киіз үй жасауды білді: сақ заманынан бері
«Жезқазған маңындағы кен орындары бұл аумақтың көне металлургия орталықтарының бірі болғанын айғақтайды»: Ә. Марғұланның тапқан кен орындары
Көшпелілер тұрмысындағы малдың маңызын дәл сипаттаған: Ш. Уәлиханов
«Көшпеліні ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін малының аман болғаны қымбат. Қазақтардың амандасуы «мал-жан аман ба?» деуден басталады» - деп жазған: Ш. Уәлиханов
Көнкөрістің негізгі көзі: мал өсіру
Мал өнімі теңелген ұғым: обал, күнә
Халық шеберлері түрлі қобдишалар, музыкалық аспаптар мен үй жиһаздарын көмкеру үшін пайдаланды: сүйек пен мүйізді
Үй және жабайы жануарлардың мүйізінен жасалған бұйым: тарақ
Берік арқан жасалды: жылқы жалынан
Қойдың тезегін пайдаланды: отын үшін
Үйдің сыртын сылауға пайдаланды: жылқы тезегін
Жоғары сапалы қара сабын қайнатылды: төрт түлік сүйектерінен
Кілем мен киіз дайындалды: жүннен
Киіз түрлері: сырмақ, текемет, аяққап, тұскиіз, алаша
Жаңа заман зерттеушілерінің қазақ қолөнер кәсібін жіктеуі: ерлер және әйелдер кәсібі
Алтын және күмістен түрлі бұйымдар жасады: зергер-ұсталар
Ерлер жасаған жұмыстар: темір бұйымдар, киіз үйдің ағаш сүйектерін, ыдыстар жасау
Әйелдер шұғылданған жұмыстар: жүн өңдеу, киіз басу, киім тігу, тоқыма, кесте, өрнек салу, тері илеу мен тон пішу
Зергерлер жасаған әшекей бұйымдар: сырға, білезік, түйреуіштер, шашбау, шолпы
Ерлер кәсібі: ұсталық, зергерлік, ағаш, сүйек, тас өңдеу
Ұсталар темірден жасаған бұйымдар: таға, үзеңгі, пышақ, самаурын кернейі, қайшы, орақ, кетпен
ХІХ ғ. соңында ел арасында үлкен абыройға ие болды: темір ұсталары
«Темір ұсталары балта, үзеңгі, ер-тұрман, пышақ жасады… Бұл заттардың сапасы біздегі Ресей бұйымдарынан кем түспейді» - қазақтарға жоғары баға берген: И.Я. Словцов
Сүйек ұқсататын шеберлер тұрмыстық бұйымдарды әсемдеуге пайдаланған мал сүйектері: жауырын, қабырға
Үй жануары мен жабайы аңдар мүйізінен жасалды: қанжар, қамшы, пышақ сабы
Насыбай сақтайтын шақшаны жасауда қолданылған мүйіз: қойдык
Ожаудың сабы, тарақ жасауда қолданылған сүйек: ірі қараныкы(сиыр)
Үй жиһаздары: төсағаш, асадал, адалбақан, сандық, кебеже
Қазақ өмірінде ежелден маңыз алған бұйымдар: тері және былғары бұйымдары
Жабайы аң терісінен пішілді: тон (ішік)
Үй малы терісінен жасалған ыдыстар: саба, торсық, мес
Тас қашау өнерінің кең таралған аймағы: Батыс Қазақстан
Ағаш ұсталары жасаған бұйымдар: ер-тоқым, жерағаш, келі-келсап
Ыдыс түрлері: күбі, астау, шара, тегене, тостаған, ожау
Қайың, қараағаш, үйеңкі ағашынан жасалған құрал-саймандар: айыр, тырма, күрек
Қазақ ыдыс аяғы жасалған материалдар: тері, ағаш
Теріден бие саууға арналған ыдыс: көнек
Ағаштан шабылған ыдыстар: тегене, шара, ожау, астау
Құсмұрын округінің аға сұлтаны: Шыңғыс Уәлиханов
«Жейде, шапан, тон аң терісінен тігіледі. Малақай, шалбар, бешпент, қамзол, тақия
– осының барлығын әйелдер өздері дайындайды, сатып алмайды» - деп әйелдер кәсібі туралы сипаттаған аға сұлтан: Шыңғыс Уәлиханов
Әйелдер киізден жасады: сырмақ, тұскиіз, текемет, кілем
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай аталады: түкті және тақыр
Кілем тоқуға қолданылған жүн: қой және түйе
Кілем берудегі қазақ дәстүрі: қалау
Кілем тоқу бойынша өткізілген ежелгі салт-дәстүр: кілемасар
Далалықтардың негізгі байлық өлшемі: қой
Қошқармүйіз өрнегінің мағынасы: байлық пен молшылық, дәулет пен еркіндік
қазақ халқының қолөнер саласында кең қолданылып келе жатқан көне өнердің бір түрі: ою-өрнек
Қазіргі қазақ оюларымен ұқсас: Алтай және Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер
«Бұл өнер туындысы сақ, үйсін, ғұн, түркі, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалар өнерінің негізінде қалыптасты» - деп жазған академик: Ә. Марғұлан
Ою-өрнектер түрлері: зооморфтық (аңдық стиль), космогониялық (қиял- ғажайып), өсімдік, геометриялық
Ең жиі кездесетін ою-өрнек: зооморфтық
Зооморфтық өрнектер кездеседі: Батыс Қазақстанда
Қабыр үстіне салынған зооморфтық өрнек түрлері: мүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, сыңармүйіз
Үй малына байланысты өрнектер: табан, түйемойын, қазмойын, өркеш
Өсімдік тектес өрнектер: ағаш, жапырақ, үшжапырақ, шиыршық, гүл, жауқазын
Өсімдік өрнектердің білдіретін ұғымы: бірлік пен келісім
Космогониялық өрнектер: күн, ай, жұлдыз
Космогониялық өрнектер білдіреді: аспан әлемін
Геометриялық ою-өрнек: сүйірбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, айқышты, сопақша
Көк түстің мағынасы: аспан
Қызы түстің мағынасы: от, күн
Ақ түстің мағынасы: ақиқат, қуаныш, бақыт
Сары түстің мағынасы: ақыл, парасат
Қара түстің мағынасы: жер
Жасыл түстің мағынасы: жастық, көктем
Белгілі бір аймақтың ежелгі жергілікті халқы: автохтонды
Өзіне ұнаған затты, бұйымды үй иесінен сұрап алу тұрмыстық салты: қалау
Достарыңызбен бөлісу: |