қалада Ахмет Йасауи кесенесінің тұрғызылуы
Қазақ хандарының саяси астанасы болған қала: Түркістан
«Түркістан Орта Азия мен Қытай аралығында атақты сауда бекетіне айналған» - деп дерек берген ортағасырлық тарихшы: Рузбехан
«Йасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала көпестердің теңделген жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын есептелінді» - деп жазған: Рузбехан
Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан ортағасырлық ірі сауда қалаларының бірі: Сауран
Сауран қаласы туралы алғашқы мәліметтер берілетін уақыт: Х ғ.
«Сауран – бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан» - деп сипаттаған: әл- Макдиси
«Бұл қала керемет көркем, ауасы өте таза, адам жанын көркейтіп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақшалар мен әртүрлі ағаштарға толы, қаланы айналдыра биік дуалдар қоршап тұр, ал оның етегіне терең ор қазылғандықтан жау ала алмайды» - деп 16 ғасырда Сауран туралы жазған: Рузбехан
Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендерге қауіп төндірді: қарақшылар
Ежелгі және орта ғасырлардағы аса ауыр қылмыстың бірі: керуен тонау
Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық- түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді» - деп жазған араб тарихшысы: ибн Фадлан
Мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді: Жібек жолының Қазақстан қалалары арқылы өтуі
Жібек жолы арқылы дипломатиялық байланыстар орнатқан елдер: Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы
Жібек жолы бойында табылған сақтардың бұйымдарындары жасалған стиль: аңдық
1987 жылы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасын қабылдау қандай ұйым шешімі арқылы жүзеге асты: ЮНЕСКО
1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен декларациясында басты нысан болды: Ұлы Жібек жолы
1996 жылы түркі мемлекеттері президенттерінің кездесуі өткен қала: Ташкент
1997 жылы «Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру» туралы Жарлыққа қол қойды: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев
1998 жылы Жібек Жолына байланысты бекітілген мемлекеттік бағдарлама: «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау»
Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша жүргізіліп жатқан стратегиялық бағдарлама: «Бір белдеу, бір жол»
Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша жүзеге асырылып жатқан бастама: «Жібек жолының экономикалық белдеуі»
Қазақстаннан өтетін автокөлік дәлізі: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
Қазақстан транзит болу арқылы мол қаржы түсіретін жоба: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
Достарыңызбен бөлісу: |