Орталық Азия ұғымының тарихи, географиялық негіздері(§1-2)



бет115/185
Дата06.09.2024
өлшемі0,75 Mb.
#203912
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   185
Байланысты:
10-CЫНЫП 1-60 тақырып (1)

жайылымдары қысқаруы, 2) қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын болды, 3) патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді

  1. Қазақстандағы патшалық Ресейдің басты мақсаты: өлкенің негізгі тұрғындарын жерінен айырып, қоныс аударушыларға босатып беру және қазақ қоғамында патша билігі үстемдігін бекіту

  2. Қазақ шаруашылығында қосымша кәсіптер: аң және балық аулау

  3. Аң аулауда қолданылған тәсілдер: қыран құс салу, құмай тазы жүгірту, қақпан және тұзақ құру

  4. Балық аулау едәуір дамыған аймақтар: Арал, Каспий теңіздерінде

  5. Балық көп ауланған өзендер: Ертіс, Жайық

  6. Егіншілік кәсіп ертеден дамыған өңірлер: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу

  7. Қазақтардың кәсіптері: малшаруашылығы, егіншілік, аңшылық, балық аулау

Қолөнер мен кәсіп(§3-4)

  1. Көне дәуірден Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің тікелей мұрагері: қазақтар

  2. «Қазақстан жеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі төрт мың жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келді» - деп жазған антрополог, ғалым: О. Смағұлов

  3. 1969 ж. Есік қорғанындағы қару-жарақтар мен күміс тостаған, ағаш ыдыстар және қыш құмыраларды ашқан археолог: К. Ақышев

  4. Қазақ халқы киіз үй жасауды білді: сақ заманынан бері

  5. «Жезқазған маңындағы кен орындары бұл аумақтың көне металлургия орталықтарының бірі болғанын айғақтайды»: Ә. Марғұланның тапқан кен орындары

  6. Көшпелілер тұрмысындағы малдың маңызын дәл сипаттаған: Ш. Уәлиханов

  7. «Көшпеліні ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін малының аман болғаны қымбат. Қазақтардың амандасуы «мал-жан аман ба?» деуден басталады» - деп жазған: Ш. Уәлиханов

  8. Көнкөрістің негізгі көзі: мал өсіру

  9. Мал өнімі теңелген ұғым: обал, күнә

  10. Халық шеберлері түрлі қобдишалар, музыкалық аспаптар мен үй жиһаздарын көмкеру үшін пайдаланды: сүйек пен мүйізді

  11. Үй және жабайы жануарлардың мүйізінен жасалған бұйым: тарақ

  12. Берік арқан жасалды: жылқы жалынан

  13. Қойдың тезегін пайдаланды: отын үшін

  14. Үйдің сыртын сылауға пайдаланды: жылқы тезегін

  15. Жоғары сапалы қара сабын қайнатылды: төрт түлік сүйектерінен

  16. Кілем мен киіз дайындалды: жүннен

  17. Киіз түрлері: сырмақ, текемет, аяққап, тұскиіз, алаша

  18. Жаңа заман зерттеушілерінің қазақ қолөнер кәсібін жіктеуі: ерлер және әйелдер кәсібі

  19. Алтын және күмістен түрлі бұйымдар жасады: зергер-ұсталар

  20. Ерлер жасаған жұмыстар: темір бұйымдар, киіз үйдің ағаш сүйектерін, ыдыстар жасау

  21. Әйелдер шұғылданған жұмыстар: жүн өңдеу, киіз басу, киім тігу, тоқыма, кесте, өрнек салу, тері илеу мен тон пішу

  22. Зергерлер жасаған әшекей бұйымдар: сырға, білезік, түйреуіштер, шашбау, шолпы

  23. Ерлер кәсібі: ұсталық, зергерлік, ағаш, сүйек, тас өңдеу

  24. Ұсталар темірден жасаған бұйымдар: таға, үзеңгі, пышақ, самаурын кернейі, қайшы, орақ, кетпен

  25. ХІХ ғ. соңында ел арасында үлкен абыройға ие болды: темір ұсталары

  26. «Темір ұсталары балта, үзеңгі, ер-тұрман, пышақ жасады… Бұл заттардың сапасы біздегі Ресей бұйымдарынан кем түспейді» - қазақтарға жоғары баға берген: И.Я. Словцов

  27. Сүйек ұқсататын шеберлер тұрмыстық бұйымдарды әсемдеуге пайдаланған мал сүйектері: жауырын, қабырға

  28. Үй жануары мен жабайы аңдар мүйізінен жасалды: қанжар, қамшы, пышақ сабы

  29. Насыбай сақтайтын шақшаны жасауда қолданылған мүйіз: қойдык

  30. Ожаудың сабы, тарақ жасауда қолданылған сүйек: ірі қараныкы(сиыр)

  31. Үй жиһаздары: төсағаш, асадал, адалбақан, сандық, кебеже

  32. Қазақ өмірінде ежелден маңыз алған бұйымдар: тері және былғары бұйымдары

  33. Жабайы аң терісінен пішілді: тон (ішік)

  34. Үй малы терісінен жасалған ыдыстар: саба, торсық, мес

  35. Тас қашау өнерінің кең таралған аймағы: Батыс Қазақстан

  36. Ағаш ұсталары жасаған бұйымдар: ер-тоқым, жерағаш, келі-келсап

  37. Ыдыс түрлері: күбі, астау, шара, тегене, тостаған, ожау

  38. Қайың, қараағаш, үйеңкі ағашынан жасалған құрал-саймандар: айыр, тырма, күрек

  39. Қазақ ыдыс аяғы жасалған материалдар: тері, ағаш

  40. Теріден бие саууға арналған ыдыс: көнек

  41. Ағаштан шабылған ыдыстар: тегене, шара, ожау, астау

  42. Құсмұрын округінің аға сұлтаны: Шыңғыс Уәлиханов

  43. «Жейде, шапан, тон аң терісінен тігіледі. Малақай, шалбар, бешпент, қамзол, тақия

– осының барлығын әйелдер өздері дайындайды, сатып алмайды» - деп әйелдер кәсібі туралы сипаттаған аға сұлтан: Шыңғыс Уәлиханов

  1. Әйелдер киізден жасады: сырмақ, тұскиіз, текемет, кілем

  2. Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай аталады: түкті және тақыр

  3. Кілем тоқуға қолданылған жүн: қой және түйе

  4. Кілем берудегі қазақ дәстүрі: қалау

  5. Кілем тоқу бойынша өткізілген ежелгі салт-дәстүр: кілемасар

  6. Далалықтардың негізгі байлық өлшемі: қой

  7. Қошқармүйіз өрнегінің мағынасы: байлық пен молшылық, дәулет пен еркіндік

  8. қазақ халқының қолөнер саласында кең қолданылып келе жатқан көне өнердің бір түрі: ою-өрнек

  9. Қазіргі қазақ оюларымен ұқсас: Алтай және Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер

  10. «Бұл өнер туындысы сақ, үйсін, ғұн, түркі, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалар өнерінің негізінде қалыптасты» - деп жазған академик: Ә. Марғұлан

  11. Ою-өрнектер түрлері: зооморфтық (аңдық стиль), космогониялық (қиял- ғажайып), өсімдік, геометриялық

  12. Ең жиі кездесетін ою-өрнек: зооморфтық

  13. Зооморфтық өрнектер кездеседі: Батыс Қазақстанда

  14. Қабыр үстіне салынған зооморфтық өрнек түрлері: мүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, сыңармүйіз

  15. Үй малына байланысты өрнектер: табан, түйемойын, қазмойын, өркеш

  16. Өсімдік тектес өрнектер: ағаш, жапырақ, үшжапырақ, шиыршық, гүл, жауқазын

  17. Өсімдік өрнектердің білдіретін ұғымы: бірлік пен келісім

  18. Космогониялық өрнектер: күн, ай, жұлдыз

  19. Космогониялық өрнектер білдіреді: аспан әлемін

  20. Геометриялық ою-өрнек: сүйірбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, айқышты, сопақша

  21. Көк түстің мағынасы: аспан

  22. Қызы түстің мағынасы: от, күн

  23. Ақ түстің мағынасы: ақиқат, қуаныш, бақыт

  24. Сары түстің мағынасы: ақыл, парасат

  25. Қара түстің мағынасы: жер

  26. Жасыл түстің мағынасы: жастық, көктем

  27. Белгілі бір аймақтың ежелгі жергілікті халқы: автохтонды

  28. Өзіне ұнаған затты, бұйымды үй иесінен сұрап алу тұрмыстық салты: қалау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет