Орталық Азия ұғымының тарихи, географиялық негіздері(§1-2)



бет32/185
Дата06.09.2024
өлшемі0,75 Mb.
#203912
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   185
Байланысты:
10-CЫНЫП 1-60 тақырып (1)

ҚАЗАҚТАРДЫҢ РУ-ТАЙПАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ(§25)

  1. Қазақтардың саяси ұйымы: рулар

  2. Қазақ мемлекетінің жетекшілері: беделді рулар

  3. Жүздің ішіндегі мәселелер шешілген жалпы жиналыс: құрылтай

  4. Шежіредегі қазақтар аталды: Алаш

  5. Ұлы жүздің арғы атасы: Ақарыс

  6. Орта жүздің арғы атасы: Бекарыс

  7. Кіші жүздің арғы атасы: Жанарыс

  8. Ұлы жүздің негізгі мекендеген жері: Жетісу мен одан батысқа қарай аймақтар

  9. Ұлы жүз шығыста көшіп қонды: Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайға, Іле өзеніне

  10. Ұлы жүз солтүстікте көшіп қонды: Балқашқа дейін

  11. Ұлы жүз оңтүстікте көшіп қонды: Солтүстік Тянь-Шань қыраттарына дейін

  12. Ұлы жүздің жазғы жайылымдары орналасты: Алатауда

  13. Ұлы жүз рулары: жалайыр, дулат, үйсін, шапырашты, албан, суан, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ысты

  14. Моңғол әскерінің атақты әскербасылары шыққан Ұлы жүз руы: жалайыр

  15. Ұлы жүздің Жетісуды мекендеген аса ірі тайпасы: дулат

  16. Жетісуда біраз уақыт саяси үстемдік орнатқан дала тайпасы: үйсіндер

  17. Ұлы жүздің мифтік түпкі бабасының аты: Үйсін

  18. Ұлы жүзге атын берген тайпа: үйсін

  19. Орта жүздің мекендеген жерлері: Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан

  20. Орта жүз рулары: арғындар, қыпшақтар, найман, уақ, керей, қоңырат

  21. Арғындар мекендеген аумақ: Сарыарқа

  22. Арғындардан батысқа қарай орналасты: қыпшақтар

  23. Қыпшақтар мекендеген аумақ: Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін

  24. Наймандар мекендеген аумақ: Қазақстан шығысы, Алтайдан Жетісу Алатауына дейін, бүгінгі Қызылорда облысы аумағына дейін

  25. Ортағасырлық қыпшақтардың тікелей ұрпақтары: қазіргі қазақ қыпшақтары

  26. Керейлер көшіп-қонған аумақ: Солтүстік, Солтүстік-шығыс Қазақстан

  27. Керейіттер ұрпақтары: керейлер

  28. Керейлермен туыстас тайпа: уақ

  29. Уақтар мекендеген аумақ: Қазақстан солтүстігі, Торғайдан Алтайға дейін

  30. Қоңыраттар иеленген аумақ: Орта жүздің оңтүстігі

  31. Ортағасырлық жазбаларда кунграт деп жиі аталған ру: қоңырат

  32. Кіші жүз мекендеген аумақ: Батыс Қазақстан

  33. Кіші жүз 3 ірі тайпалық одақтан тұрды, олар: әлімұлы, жетіру, байұлы

  34. Алты ата Әлімұлы рулары: шекті, төртқара, шөмекей, кете, қаракесек, қарасақал

  35. Жетіру рулары: табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы, рамадан

  36. Кіші жүздегі ең көп бірлестік Байұлы рулары: шеркеш, ысық, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, тана, жаппас, беріш, есентемір, таз, адай

  37. Байұлы руларының ата-тегі: Қадырқожа

  38. Қазақтардың этнос ретінде ұйымдасуы мен бірлесе өмір сүру тәртібін реттеді:

қазақтардың ру-тайпалық жүйесі
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖІКТЕЛУІ(§26)

  1. Қоғам 2 әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйек және халық

  2. Әлеуметтік сатының жоғарғы сатысы: ақсүйектер

  3. Ақсүйектердің бірінші тобына енді: Шыңғысханнан тарайтын төрелер

  4. Ақсүйектердің екінші тобына енді: Мұхаммед пайғамбар мен ислам насихатшыларының ұрпақтары қожалар

  5. Жүзік жүйеге кірмеген рулар: төре, қожа

  6. Шыңғыс хан ұрпақтары төрелер аталды: сұлтан деп

  7. Қазақ қоғамындағы ең ықпалды саяси күш: сұлтандар

  8. Сұлтан сөзі білдірді: жоғары билік пен оның иесі, әмірші

  9. Орталық Азияда сұлтан сөзі Шыңғыс хан ұрпағының атағына айналды: Әбілхайыр хандығы уақытынан бастап

  10. Қазақ хандығы мен моңғол империясында хан мен мұрагер бола алды: Шыңғысхан ұрпақтары

  11. Қазақ сұлтандары билеуші бола алды: Хиуа, Бұхар хандықтарында

  12. Төрелердің таңбасы мен ұраны: арқар

  13. Сұлтанды соттай алды: аға сұлтан немесе хан

  14. Тән жазасынан босатылғандар: сұлтандар

  15. Сұлтандық артықшылықтың сыртқы белгісі: ақ киіз

  16. Хан сайланды: тек сұлтандар арасынан

  17. Әлеуметтік иерархия шыңында орналасты: хан

  18. Мұхаммед пайғамбар мен ислам насихатшыларының, Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Әлидің Фатимамен некесінен тараған ұрпақтар: қожалар

  19. Шыңғыс хан ұрпақтарынан қожалардың айырмашылығы: біріңғай генеология болған жоқ

  20. Ру-тайпа басшылары: билер

  21. Түркілік – бек, моңғолдық – нойон, араб-парсылық – әмірге тең лауазым: би

  22. Билер қолындағы биліктер: әскери, сот, әкімшілік

  23. Әдеттік құқықтың білгірлері: билер

  24. Әдеттік құқықтар бойынша жүргізілетін сот: билер соты

  25. Хан жанындағы билер кеңесіне кірді: ықпалды билер

  26. Көп мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам: бай

  27. Қазақ қоғамындағы ерекше рөл атқарған кәсіпқой әскери адамдар: батырлар

  28. Рудың әскери бөлімдерін басқарды: батырлар

  29. Батырлардың бедел, билігі байланысты: шайқастардағы ерлігіне, күшіне, ептілігіне, шыныққандылығына

  30. Батырлардың қоғамдық салмағы анықталды: әскери өмірдегі орнымен, хан- сұлтанға жақындығымен

  31. Батырлардың даңқы шығуы байланысты: әнші-ақындарға

  32. Батырлардың ел ішіндегі беделін көтерді: ақындар

  33. Бітімгерлік мәселесін қараған: ақсақалдар

  34. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы белгілі орын иесі: ақсақал

  35. Елші, бітімгер рөлін атқарған: ақсақал

  36. Хан, сұлтанның сол жағындағы құрметті орынды иеленді: ақсақал

  37. Қазақтардың қатардағы көшпелі адамдары: қара халық

  38. Қара халық құқығы: мұраға қалдыру, куәгер болу, жиындарға қатысу

  39. Кінәлінің малын бірлесе айдап кету: барымта

  40. Әрбір мүшесінің құқықтарын қорғайтын негізгі бірлестік: ру

  41. Әрбір қазаққа тиесілі міндет: әскери

  42. Қазақ қоғамындағы еріксіз адамдар: құлдар мен күңдер

  43. Куәгер ретінде сөйлей алмады: құлдар

  44. Құл келтірген зиянды өтейді: құлдың қожайыны

  45. Қазақ қоғамындағы жоғары сословиеге кіргендер: сұлтандар мен қожалар

  46. Мұсылман аристократиясы: қожалар

  47. Қазақ қоғамы иерархиясы басында тұрды: хан

  48. Жоғары сословиеден бір саты төмен тұрғандар: Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын – би, батыр, ақсақал, байлар

  49. Қоғамның төменгі сатысында тұрды: көшпелілер

  50. Қоғамдағы құқықсыз топ: құлдар мен күңдер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет