§53.Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері
Материалдық мәдениет тұрады: жәдігерлерден(адам жасаған зат) және технологиялардан (жәдігерлерді жасау тәсілі)
Материалдық мәдениетке жатады: баспана, киім, әшекей, қару-жарақ, қолданбалы өнер заттары, тағам, ыдыс-аяқ
Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы: киіз үй
Халық жасаған материалдық құндылықтар жиынтығы: халықтың материалдық мәдениеті
Киіз үйдің ағаш қаңқалары: кереге, шаңырақ, уық
Бөлшектенетін торлы қабырғалар: кереге
Киіз үйдің дөңгелек төбесі: шаңырақ
Шаңырақты ұстап тұратын иілген күмбездік: уық
Киіз үйге кіретін жерде орналасады: жақтау
Кереге сыртынан тұтылады: ши
Шидің сырты жабылады: киіз жабындар
Киіз үйдің киіз жабындары: туырлық, үзік, түндік, киіз есік
Киіз үйдің ағаш бөліктері жасалатын талдар: тал, қайың, қарағаш, көктерек
Керегенің торларын бекіту үшін пайдаланылады: бау, қайыс
Киіз үй күмбезі әшекеленеді: бау-басқұр, шашақтармен
Киіз үй кеңістігі бөлінеді: 5-ке
Киіз үйдің кеңістіктері: ошақ, қонаққа арналға орын, еркектерге және әйелдерге арналған бөлік, босаға
Киіз үйдің орталығы: ошаққа арналған орын
Кіретін жерге қарсы орналасады: төр
Қонақтарға арналған құрметті орын: төр
Төрден оңға қарай немесе кіреберістен солға қарай орналасты: еркектерге арналған орын
Төрден солға қарай шымылдықпен бөлінген бөлікте орналасқан: әйелдерге арналған орын
Әйелдерге арналған орында тұрады: керуерт
Төрға қарама-қарсы есіктің жанындағы кеңістік: босаға
Тұрмыстық қажеттілік үшін киіз үйлердің көлемі: 4-5 қанат
Балалар мен әйелдерді алып жүру үшін пайдаланылған киіз үй: дөңгелекті
Ғалам моделі: киіз үй
Киіз үйдің төбесі: аспан
Шаңырақ: күн
Үйдің дөңгелек кеңістігі білдірді: жерді
Аса маңызды қолөнер түрі: ағаш өңдеу
Қазақтарда дамыған қолөнер түрлері: зергерлік, қару-жарақ жасау, былғары өңдеу, сүйектеу, тас қашау
Аспап, металл ыдыс, ертеде қаруды жасады: ұста
Үй кәсіпшілікерінің ішіндегі негізгісі: киіз басу
Жүнді дайындау арқылы жасалатын үрдіс: киіз басу
Еденге төсеу үшін пайдаланылды: текемет
Қабырғаға ілініп, жерге төселетін киіз: сырмақ
Сырмақтың текеметтен айырмашылығы: алуан өрнектермен безендіріледі
Қабырға кілемдерінің жасалу тәсілдері: тұскиіз құрастыру, жапсыру, кестелеу
Әйелдердің тағы бір кәсіпшілігі: ши төсеніштер тоқу
Әйелдердің дәстүрлі кәсіпшіліктері: тоқымашылық пен кестелеу
Тоқылған бірнеше жолықтан дайындалады: алаша
Сәндік қолданбалы өнердің ең ежелгі түрі: өрнек
Қазақ халқында ХІХ ғасырға дейін басым болды: өрнек салу өнері
Өрнек түрлері: геометриялық, өсімдіктектес, жануартектес, антропоморфты
Қазақ қолданбалы өнерінде сақтардың аң стилінен шығатын жетекші өрнек түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |