сопылық
Сопылықтың көрнекті өкілі: Қожа Ахмет Йасауи
Қазақтар сыйынып баратын басты қасиетті орын: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
«Кіші қажылық» болып есептеледі: Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне бару
18 ғасырда ежелгі дін қалдықтарының қалғанының дәлелі: хандарды жылқымен бірге жерлеу
Қазақтар арасында мұсылман діншілдігі артты: ХІХ ғасырда
Қазақтар баратын «үлкен қажылық»: Мекке
Қоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын топтық тәжірибе: дәстүр
Өмірлік кезеңдерге байланысты салттар: туу, үйлену, өлім, ас беру
Нышандық мәні бар бірқатар қалыптасқан іс-әрекеттер: ғұрып
Топ, адам немесе қоғам қабылдаған мінез-құлықтың қалыптасқан бейнесі: әдет
Ұрпақтан ұрпаққа берілетін түсініктер мен ғұрыптар жиынтығы: дәстүр
Ана мен балаға байланысты салттар: жүктілік кезіндегі тыйымдарды сақтау, бала туғаннан кейінгі «40 күндік», шілдехана, бесіктой
Балаларға байланысты салттар: есім қою, нәрестені қырқынан шығару, тұсаукесер, атқа мінгізу, сүндеттеу, көз тиюден сақтау жоралғылары
Үйленуге байланысты салттар: құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, үйлену тойы
Жерлеу, еске алу салттары: жерлеуге дайындық, көңіл айту, қайғыру, еске алу жоқтаулары, молданың дұға оқуы, жерлеу рәсімдері, еске алу-қайғыру кезеңдері – үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы
Өндірістік салттар: қымызмұрындық, қойларға ен салу жоралғысы, тасаттық, асар
Құрбандық шалып, жаңбыр сұрау салты: тасаттық
Үй салғанда өзара көмек беру салты: асар
Достарыңызбен бөлісу: |