Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну
Артық баяндау қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділіккежол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұны жоспарға сай рет – ретімен жүйелі баяндау қажет
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдан тиісті қорытынды жасау
Реферат жазуда не ескеріледі? Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан басталады
2. Керек жағдайларды оқытушысымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал
3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға тақырыптардың өзара сабақтастығы тануда дағдыланады.
4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
5. Пайдаланған деректер материалдар, әдебиеттердің тізімі қайдан алған, қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.
6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен тапсырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
7. Студенттің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару
- студенттің өздік жұмыстарын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу
- студенттің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.
- өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалды хабарларды енгізу.
- студенттердің алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.