5В010800-«Дене шынықтыру және спорт »мамандығы үшін
«Таңдаған спорт түрі бойынша спорттың жаттығу процесін басқару (бокс)» пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (ОББӨЖ) ұйымдастыруға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2021 ж.
Кіріспе
Әдістемелік нұсқау «Таңдап алған спорт түрінің жаттықтыру әдістемесі (бокс)» оқу пәнінің негізгі мазмұны мен құрылымын анықтайды. Бұл оқу пәні 5В010800 - «Дене шынықтыру мен спорт» мамандығы бойынша кәсіби мамандарды даярлауға арналған пән болып табылады.
Пәнді оқып-үйрену мақсаты – бокс бойынша маманданушы студенттерге жаттығу процесін басқару және озық педагогикалық-жаттықтырушылық тәжірибе кезінде спортшыларды дайындау арқылы қазіргі білімдер беру, жаттықтырушыларға қажетті жаңадан енгізілген кәсіптік біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.