1.1 Пәнді оқытудың мақсаты Маманданушы студенттерге жаттығу процесін басқару және озық педагогикалық-жаттықтырушы тәжірибе негізінде спортшыларды дайындау арқылы заманауи білім беру, жаттықтырушыларға қажетті жаңадан енгізілген кәсіптік біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері
Бокс арқылы дене шынықтыру;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ағартушылық жұмыстар жүргізу;
Дене-күш, ерік-жігер қасиеттерін, дене жұмысын атқаруға қабілеттілігі деңгейін, жоғарғы спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында біліктілігі мен дағдысын арттыру;
Денсаулықты көп жылдар бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру мен спорт саласына баулу, еңбек пен күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларды дамыту.