Ортогональ проекциялау. Перпендикуляр және көлбеу. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш.
Анықтама: Берілген нүктемен жазықтықтағы нүктені қосатын және осы жазықтыққа перпендикуляр емес кез келген кесіндіні көлбеу деп атайды.
1-суретте: B’ – көлбеудің табаны; A’ – перпендикулярдың табаны. АА’= a (перпендикуляр); AB’=b (көлбеу)
1-сурет
A’B’=b’ (көлбеу мен перпендикулярдың табандарын қосатын кесіндіні көлбеудің ортогональ проекциясы дейді.)
Үш перпендикуляр туралы теорема:
Жазықтықта көлбеудің табаны арқылы оның проекциясына перпендикуляр өтетін түзу сол көлбеудің өзіне де перпендикуляр болады. (2-сурет)
Кері теорема: Егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда ол көлбеудің проекциясына да перпендикуляр.
2-сурет
Анықтама:
Көлбеу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз көлбеу мен оның осы жазықтыққа түсірілген проекциясы арасындағы бұрыш.
3-суретте: АВ – көлбеу, A’B– көлбеудің проекциясы
көлбеу мен жазықтық арасындағы бұрыш
3- сурет
Теорема:
Көлбеу мен жазықтық арасындағы бұрыш осы көлбеу мен берілген жазықтықта жатқан кез-келген түзу арасындағы бұрыштан аспайды.
Дәлелдеуі: (4-сурет)
Айталық, AB – π жазықтығына жүргізілген көлбеу болсын. A’B – оның ортогональ проекциясы, c – В нүктесі арқылы өтетін π
4-сурет жазықтығына тиісті түзу.
Яғни, ABA’ бұрышының ABC бұрышынан кем екенін көрсету керек.
Ол үшін с түзуі бойынан A’B -ға тең BC кесіндіні аламыз.
Демек, АBA’ және ABC үшбұрыштарында АB қабырғасы ортақ болады,
A’B = BC және AA’ < AC. Сәйкесінше, ABA’.
Достарыңызбен бөлісу: |