Қос-қорған – 2018 «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық сайысы Мақсаты


Баяндама «Ұлы Даланың жеті қыры» Жамалиддин Арзиматов



бет2/4
Дата16.05.2023
өлшемі277,95 Kb.
#176908
1   2   3   4
Байланысты:
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ойыны

Баяндама «Ұлы Даланың жеті қыры» Жамалиддин Арзиматов

Енді тікелей сайысымызға көшсек. Сайысымызға қатысушыларды іріктеу мақсатында мына сұрақтарды қоямын және оған жауап берген оқушылар сайысымызға қатысады:



  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған уақыт.

  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.

  3. Қазақстан жерін ерте темір дәуірінде мекендеген тайпаларды ата.

  4. Қазақ хандығы құрылған жыл.

  5. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар.

  6. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жарияланған мерзім.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген алты оқушыны екі топқа бөлу үшін тақтадағы стикерлерді пайдаланамын. Стикерлердің артқы жағына топтардың аттары жазылған және осыған қарап оқушылар екі топқа бөлінеді.

Оқушылар топқа сіңісіп алғанша 6ә-сынып оқушысы А.Рахимовтың орындауындағы «Туған жер» әнін тыңдап аламыз.
Ән: «Туған жер» Асадулла Рахимов

Енді сайысымызға көшсек. Сайысымызда жеті тақырып берілген. Әр тақырыпта 7 сұрақтан бар. Әр бір дұрыс сұраққа 10 ұпайдан беріледі. Егер берілген сұраққа сол сұрақ берілген топ жауап таба алмаса, кезек екінші топқа өтеді және қарсылас топтың сұрағына жауап тапқаны үшін сол топқа 15 ұпай беріледі. Сұрақтар топтарға кезекпен беріліп отырады. Сайыс соңында ұпайлар қосылып көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.


Сайыс тақырыптары

  1. Атқа міну мәдениеті

  2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

  3. Аң стилі

  4. Алтын адам

  5. Түркі әлемінің бесігі

  6. Ұлы Жібек жолы

  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны

Алғашқы тақырып бойынша сайысымызды бастамастан бұрын қазақ халқы бұрынна ардақтап, жеті қазына қатарына қосқан жылқы туралы өлеңге кезек берсек.


Өлең «Ат туралы» Абдуахапов Абдужалил, Сунатуллаев Қадиржан.

«АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбының сұрақтары.



  1. Ашамайға мінгізу дәстүрі туралы не білесің? (ер баланы атқа мінуді үйрету дәстүрі)

  2. Ашамайға мінгізу дәстүрін бала неше жасқа толғанда жасайды? (ер бала 3 жасқа толғанда)

  3. Ашамай деген не? (атқа баланы үйрету үшін арнайы істелген ердің қарапайым түрі)

  4. Қазақстанда ат қай дәуірде қолға үйретілген? (энеолит дәуірінде)

  5. Қазақстанда ат сүйектері өте көп табылған ескерткішті ата. (Ботай ескерткіші)

  6. Ат жарыстарын өткізетін алаң қалай аталады? (иппадром)

  7. Қазақтың ұлттық қандай ат ойындарын білесің? (бәйге, жорға жарыстыру, қыз қуаркөкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар)

«ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ» тақырыбының сұрақтары.



  1. Қазақстанда тау-кен ісі мен металлургия қай дәуірден бастап дамыды? (қола дәуірінен)

  2. Қазақстанның ежелгі металлургия орталықтары: (Орталық және Шығыс Қазақстан)

  3. Қазақстан тарихындағы алғашқы метталлург тайпаларды ата: (Андронов тайпалары)

  4. Қазақстандағы ежелгі металлургтер қоланы қай металлдар қоспасынан алған? (мыс пен қалайы)

  5. Қазақстанда темір өндірісі қай дәуірден басталған? (б.з.б ҮІІІ-ҮІІ ғғ.)

  6. Темір дәуірінде Қазақстанда қандай тайпалар өмір сүрді? (сақ, сармат, қаңлы, үйсін, ғұн)

  7. Қазақстан тарихында алғаш академик ғылыми дәрежесін алған ғалым, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, даңқты металлург. (Қ.И.Сатпаев)

«АҢ СТИЛІ» тақырыбының сұрақтары:

  1. «Аң стилі» қай тайпаларға тән: (сақ тайпаларына)

  2. «Аң стилі» атауының пайда болу себебі: (бейнеленген өрнектер аң түрінде бейнеленгендіктен)

  3. «Аң стилі» дамыған дәуір (темір дәуірі)

  4. «Аң стилінде» негізінен қай аңдар бейнеленген (жыртқыш аңдар)

  5. Ғалымдар «Аң стилінің» дамуын қанша кезеңге бөледі? (3 кезеңге)

  6. «Аң стилінің» кезеңдерін ата: (архаикалық, классикалық, құлдырау кезеңдері)

  7. «Аң стилі» кезеңдерінің өзара айырмашылықтарын атап беріңіз: (архаикалық кезеңде жануарлар бейнелері толық бейнеленбеген, үйлесімсіз, классикалық кезеңде жануарлар өте керемет бейнеленген, бір-біріне үйлесімді, құлдырау кезеңінде жануарлардың кейбір бөліктері ғана бейнеленген)

Үш тақырып бойынша топтар сұрақтарға жауап берді. Ортада кішігірім үзіліс жасап, келесі «Алтын адам» тақырыбымыз бойынша сұрақтарға жауап беруді бастамастан бұрын 6ә-сынып оқушысы С.Ахатованың орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың «Алтын адам» өлеңін тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет