Қосаман Дархан Қосаманқызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
Байғанин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау
Мақсаты:
білімділік – оқушылардың етістік тақырыбынан алған білімдерін бекіту, түрлерін ажырата
білуге үйрету,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
тәрбиелік – туған жерді, елді сүюге, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу;
дамытушылық – ой өрісін кеңейту, білім, білік, дағдысын,шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап, графиктік диктант.
Оқытудың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, ән-музыка
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, слайдтар, суреттер
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,оқушылардың, бөлменің сабаққа даярлылығын
тексеру.
ІІ.Психологиялық даярлық.
Мұғалім: Биыл қазақша қандай жыл? (Интербелсенді тақтадан жарысқан жылқыларды көрсе-
тіп, не көргендерін сұрау).Бұдан қандай ой түйдіңдер, сабағымызға қандай қатысы бо-
луы мүмкін? Сабақ үш топтың арасында сайыс түрінде өтеді. Топқа бөліну үшін мына
үш түрлі жылқы бейнеленген суреттерді таңдаңдар. Суретте топтың аты жазылған.
(«Құлагер», «Сұңқар», «Тарлан» Топ жетекшісін сайлап, үшеуіне бағалау парағын
беру. Олар өз тобының мүшелерін сабаққа қатысымына, жауабына қарай ұпай беріп,
бағалап отырады ).
Сайыс алдында топ мүшелері бір-біріне жылы лебіз білдіріңдер.
ІІІ. Қызығушылығын ояту. (Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, түрімен
таныстыру үшін алдымен интербелсенді тақтадағы өлең шумағын оқу).
Туған елім секілді сая бағым,
Әлдиледің, өсірдің, аяладың.
Өз қолымды жеткіздің өз аузыма,
Енді қалай мен сенен аянамын, - деп өздеріңнің ұстаздарың ақынСерікбай ағай туған елін, жерін жырға қосқан. Осы өлеңнің тақырыбы не?(Туған елі, туған жері, яғни біздің ауыл жайлы) Туған десек, есімізге қазақтың кең даласы, сол кең далада желмен жарысқан Балалар, біз қандай тақырыпты өттік.Осы өлең шумағындағы асты сызылған сөздер қандай сөздер? (Етістік) (Күннің жадын жазу, сабақтың тақырыбын жариялау, мақсатымен таныстыру).
ІҮ. Теориялық кезең. Етістік тақырыбы бойынша «Сөздік қор»
5 минутта 63-тен артық сөз жазу (ереже, мысал).
Дәптерлерін алмастыру, сөздерді санау.
Әр топтан ең аз сөз жазған, ең көп сөз жазған бір-бір оқушыға оқыту.
Кестеге сөз санын жазу.
«Құлагер» тобы: Етістіктің шақтары
«Сұңқар» тобы: Етістіктің рай категориясы
«Тарлан» тобы: Есімше
Ү. Топтық жұмыс.
а) интербелсенді тақтадағы оқы, келме, сөйле деген етістіктерден (ауызша):
«Құлагер» тобы: есімше жасау
«Сұңқар» тобы: көсемше жасау
«Тарлан» тобы: тұйық етістік жасау
ә) интербелсенді тақтадағы етістіктерді түрлендіру (ауызша):
«Құлагер» тобы:.Көрген деген есімшені ауызша оңаша, ортақ тәуелдеу.
«Сұңқар» тобы: .Оқыған деген есімшені ауызша септеу.
«Тарлан» тобы: Айтып деген көсемшені ауызша жіктеу.
ҮІ. Сергіту сәті. «Зымыран» сұрақтар:
«Құлагер» тобы:
Отыр, тұр, жатыр, жүр қандай етістіктер?
Болжалды келер шақ жасайтын есімшенің жұрнағы
Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрі.
Келгенге деген есімше қай септікте тұр?
Тұйық етістік табыс септікте тұрып қандай қызмет атқарады?
«Сұңқар» тобы:
Нақ осы шақ қандай етістіктер арқылы жасалады?
Жедел өткен шақтың жұрнағы.
Талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі.
Берерде деген есімше қай септікте тұр?
Көсемше жіктеліп келіп қандай қызмет атқарады ?
«Тарлан» тобы:
Қалыптасқан дағдылы іс-әрекетті білдіретін осы шақтың түрі .
Мақсатты келер шақтың жұрнағы .
–са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.
Сөйлеуден деген тұйық етістік қай септікте тұр?
Есімше атау септікте тұрып заттанып қандай қызмет атқарады?
ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.203-жаттығуды орындау.
1. Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
2. Топ жетекшілеріне тапсырма: Берілген сөйлемдердегі етістіктерге сатылай кешенді
талдау жасау (тақтаға).
«Құлагер» тобы: Көгілдір аспан жиегіндегі өркеш-өркеш жоталар қаз тізілген
түйелердің өркешін елестетеді.
«Сұңқар» тобы: Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің төсегінен алыстай
бердім.
«Тарлан» тобы: Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып кетіппін.
ҮІІІ. «Жоғалған сөздер» ойыны
Тапсырма:
1.Көп нүктенің орнында түсіп қалған сөздерді тауып,ауызша тұлғасына талдау.
2.Әннің атауы
3. Авторлары кім?
4.Әнді орындау
«Құлагер» тобы:
Жазира, жасыл кілем өрнектеген ,
Туған жерге, дариға, жер ... ..... , сар жайлауым!
Кең өлкем, ....... бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем, сар жайлауым!
(«Саржайлау» М.Мақатаев, Н.Тілендиев)
«Сұңқар» тобы:
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп . . . . . . . , көп күлем.
Айдарымнан сипап . . . . . самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
(«Атамекен» Қ.Мырзалиев, Е.Хасанғалиев)
«Тарлан» тобы:
Күндіз-түні бір . . . . . . ,
Дала кезген шапқылап .
Құмар едім өзіңе
Бала кезден, Ақбұлақ.
Әнге . . . . . маңайды
Асып-тасып жатасың. («Ақбұлақ» Бәкір Тәжібаев)
ҮІІІ. Сабақты бекіту. Графикалық диктант ( үлестірме)
У 1-нұсқа
Есімше
Көсемше
Болжалды келер шақ
Тұйық етістік
Қалау рай
Х
0 барармын қараған айтуға сөйлеймін барғым келеді
У 2-нұсқа
Есімше
Көсемше
Ауыспалы осы шақ
Тұйық етістік
Қалау рай
Х
0 барамын қарайтын шегелеу сөйлеймін алғың келеді
У 3-нұсқа
Есімше
Көсемше
Мақсатты келер шақ
Шартты рай
Жедел өткен шақ
Х
0 айтқан алмақшы барғалы келдің барсам
У 4-нұсқа
Есімше
Көсемше
Бұрынғы өткен шақ
Жедел өткен шақ
Шартты рай
Х
0 келетін барыппын айтқалы көрсең келді
ІХ. Шығармашылық жұмыс.
Мұғалім: Серікбай ағайларың «Базарлы мекен - Байғанин» деген өлеңін:
Жарысқа қосқан дарын алып бәйге,
Шаттық ән аспанында қалықтайды.
Кеудесін жыр кернеген ақындары
Жырлаудан туған елді жалықпайды, - деген жолдармен түйіндеген екен, сендер де қабілеттеріңе қарай туған жер тақырыбына өлең шағарыңдар, шағын мәтін, мақал-мәтел жазыңдар. Сонымен сабақты қорытындылаймыз.
ХІ. Бағалау. Топ жетекшілерінің тыңдап, оқушыларды бағалау. Жеңген топты құттықтау.
ХІ.Үйге тапсырма. 205-жаттығу. Морфология бөлімін түгел қайталау.
Бағалау парағы « » тобы
№
|
Аты-жөні
|
Сөздік
қор
|
Топтық
жұмыс
|
Зымыран сұрақтар
|
Сатылай кешенді
талдау
|
Жоғалған
сөздер
|
Графикалық
диктант
|
Қорытын-
ды баға
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ү. Топтық жұмыс.
а) Оқы, келме, сөйле деген етістіктерден (ауызша)
1-топ: есімше жасау.
2-топ: көсемшежасау.
3-топ: тұйық етістік жасау.
ә) Берілген етістіктерді түрлендіру (ауызша):
1-топ. Көрген деген есімшені ауызша оңаша, ортақ тәуелдеу.
2-топ. Оқыған деген есімшені ауызша септеу.
3-топ. Айтып деген көсемшені ауызша жіктеу.
ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.203-жаттығу
Тапсырма: (жазбаша)
Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
Берілген сөйлемдердегі етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.
1-топ
Көгілдір аспан жиегіндегі өркеш-өркеш жоталар қаз тізілген түйелердің өркешін елестетеді.
ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.203-жаттығу
Тапсырма: (жазбаша)
Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
Берілген сөйлемдердегі етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.
2-топ:
Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің төсегінен алыстай бердім.
ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.203-жаттығу
Тапсырма: (жазбаша)
Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
Берілген сөйлемдердегі етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.
3-топ.
Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып кетіппін.
ҮІІІ. «Жоғалған сөздер» ойыны
1-топ:
Жазира, жасыл кілем өрнектеген ,
Туған жерге, дариға, жер . . . . . . . . , сар жайлауым!
Кең өлкем, ....... бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем, сар жайлауым!
ҮІІІ. «Жоғалған сөздер» ойыны
Әннің атауы
Авторлары кім?
Көп нүктенің орнында түсіп қалған сөздерді тауып,ауызша тұлғасына талдау.
2-топ:
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп . . . . . . . , көп күлем.
Айдарымнан сипап . . . . . самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
ҮІІІ. «Жоғалған сөздер» ойыны
Әннің атауы
Авторлары кім?
Көп нүктенің орнында түсіп қалған сөздерді тауып,ауызша тұлғасына талдау.
3-топ:
Күндіз-түні бір . . . . . . ,
Дала кезген шапқылап..
Құмар едім өзіңе
Бала кезден, Ақбұлақ.
Әнге . . . . . маңайды
Асып-тасып жатасың.
Достарыңызбен бөлісу: |