Конвергенцияны зерттеу үшін зерттелушіні көз алдындағы 40-50 см қашықтықтағы балғаға қаратады да, оны біртіндеп жаймен мұрнының қырына жақындату кезінде көздерінің ішке қарай жылжуын және қарашықтарының өзгергендігін бақылайды. Конвергенцияның әлсізденуін анықтады.
10
Аккомодацияны зерттеу үшін зерттелушінің көзін шексіз алысқа қаратып, содан кейін балғаны не басқа затты алма-кезек әр көз алдына бірнеше сантиметр қашықтықта ұстап, соған тесіле қарауын талап етеді. Бұл кезде көз бұршағы арқылы, алыс-жақынды айқын көру үшін айнала көлемінің (сферасының) өзгерту уақытында аккомодация кезінде көз қарашығының кішірейгендігі көрді. Аккомодацияның әлсізденуін анықтады.