Қош, бастауыш мектеп! (Бастауышпен қоштасу салтанатты кеші)



бет2/2
Дата21.05.2022
өлшемі18,4 Kb.
#144373
1   2
Байланысты:
бастауыш қоштасу сценарий
дүниетану ҚМЖ 27.11.2020
Апайларға сыйлыққа гүл тапсыру.
Ән: «Ұстазға мың алғыс» 4 - сынып
Ән: «Ұстазым.» хор
Анель: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болмақ сіздің баршаңызда.
Бастауышпен қоштаспақ түлектерің,
Гүл жайнап тұрған жоқ па ортамызда.

Аружан: - Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
Демалысын шәкірттердің жаздағы
Тілейікші қызықты боп өткенін.

БИ: Жастар биі
Жұлдыз: Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа әділдікке, көп нәрсеге үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс.
Алғашқы ұстаз еңбек ететін бастауыш мектеп сені киелі демеске болама?

Алғашқы ұстаз шәкіртері туралы арнауларын оқып береді. Естелік қоңырау ұсынады.
Мұғалім: - Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды, - дегендей Шаршағанды басатын, сарайыңды ашатын, тұла - бойыңдағы енжарлықтың бәрін қашыратын қоңырау деген ғажайып құрал бар бұл патшалықта.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 4 сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларына тапсырылады.

Қоңырау ұзақ соғылады.

Мұғалім::- Аяқтап кешті, мектепті
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап жазды қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!
Мұғалім: -- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан:----------------------------------------- береміз.
Соңы: Бәрі шар, гүл ұстап би біткенде шығады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет