1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші; Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Касенов Айтжан Нажуұлына береміз.
1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалаң
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан доңыз жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін.