«Қош келдің Жаңа Жыл» жаңа жыл кешінің 9 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі



бет1/5
Дата10.05.2020
өлшемі23,98 Kb.
#66964
  1   2   3   4   5
Байланысты:
қош келдің жаңа жыл
правила Прямая речь, 3933 v32610 72392070

«Қош келдің Жаңа Жыл» жаңа жыл кешінің

9 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі 

 

 1- ЖҮРГІЗУШІ:       Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан доңыз жылы мерекесімен құтықтаймыз.Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.



2-жүргізуші: 

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге

 

1-жүргізуші

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды  маңайды.

“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ  дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.




  1. жүргізуші :

Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

 

2- ЖҮРГІЗУШІ

Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отыра құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Мұқашева Бибігүл Ақбалақызына береміз.


1- ЖҮРГІЗУШІ Енді ортаға,әрине жаңа жылдың сәні Аяз Ата мен Ақша қарды ортаға шақырамыз.
Аяз Ата: Уа, балаларым Армысыңдар! 

Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл. 365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін. Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!

 

Ақшақар:  Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2019 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық отбасымызға амандық, денімізге саулық әкелсін!

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет