«Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағатының сценарийі



бет1/6
Дата29.03.2022
өлшемі55 Kb.
#137198
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
концерт

«Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағатының сценарийі


Мақсаты:
Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген зал, қазақы үй, ұлттық бұйымдар, ленталармен жасалған шаңырақ.

Өту барысы:


( Сахнада тігілген үй, дастархан жайылып тұрады, жан жағында көрпеше, дастарханда бауырсақ, шайнек, кесе, құрт, шелпек, рулет, қымыран)
(Даланың музыкасы шығып тұрады(құстар шегіртке)
Келіні: (баласына ән айтып ұйықтатып жатады) ән:
Өмірде қандай жақсы бала деген,
Өтеді қызық дәурен баламенен,
Жаныңнан табылатын,көрмесем сағынатын,
Недеген қандай ыстық бала деген
Жаныңнан табылатын,көрмесем сағынатын,
Недеген қандай ыстық бала деген
Көзіңнен айналайын қара қозым
Жүректі елжіретер қара көзің
Көзіңнің қарасынан айналдым баласынан
Ұшатын қанатымнан қара қозым
Көзіңе қарай бердім,жаныма балай бердім,
Келеді қарай бергім ,қарай бергім
Мммммм
Атасы: Күтпеген жерден қызық болды-ау құдағи (құдағи күледі, келін баласын оятып жатады) .Жүріңіз, әлгі не деуші еді қазақта құда келді дегенше, құдағи келді дегенше, жарық келді десейші, өзіменен жақсылық алып келді десейші.
Келіні: Амансыздар ма, амансызба апа, келіңіз төрлетіңіз (дастарханға қоятын заттарды дайындап жүреді)!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет