Келін: Ата, Ақтұмар апа, келіңіздер, наурыз көже ішеміз.
Атасы: О-о бисмилла, келін құй көжеңнен!
(осы кезде ене мен немерелері кіріп келеді, үйдегілер қуанып кетеді). Енесі: Кел, жүріңдер балам.
Атасы: Ей бәйбіше, қош келдің! Сенен хат-хабар болмағанға келмейді ме деп едім. Менің немерелерім де келіп қапты ғой.
Енесі: Қош көрдік, сендерге тосын сый болсын деп, бір жағынан мына немерелерде ауылды сағындық деп қоймаған соң, осында жол тарттық.
Келіні: Қош келдіңіз, апа!
Енесі: Қош көрдік, балам!
(немерелері флешмоб билейді;билеп болған соң сырттан қалалық кіріп келеді). Құдағи: Оу балалар, жақсы биледіңдер, енді бір әннен шырқап жіберсеңдерші!
(Ақсәулем хормен) Қалалық: О-о-о апа, қош келдіңіз. Жүріңіздер, көрші үйде наурыз болып жатыр.
(Келіннен басқасының барлығы көрші үйге наурыз тойлауға кетеді, көрші үйде түрлі ұлттың биі болып жатады: Түркмен биі, өзбек биі, қазақ биі). Құдағи: Ал жолдастар, өзіміздің байырғы салтымызды жаңғыртып, қыздарымыз бен ұлдарымызды бір айтыстырмадық па?
(Барлығы қоштайды ортағы айтысшылар шығады ) Атасы: Әп бәрекелді, ағайын жүріңдер, наурызды біздің шаңырақта жалғастырайық, келін де наурыз көже дайындап, күтіп отыр.
(Артта тауықтардың даусы шығып тұрады, мұғалім кіріп келеді) Мұғалім: Мен қазір келем. Иә Айгүл! Сәлем, қалың қалай?
Келін: Сәлем, жақсы!
Мұғалім: Неге маған жақтырмай қарайсың?
Келін: Кім саған жақтырмай қарап тұр? Қойшы енді!
Мұғалім: Мен саған татуласуға келдім, наурыз кезінде ұрсысуға, айқайласуға болмайды.
Келін: Жарайды! Түймедей нәрсені түйедей қылмай-ақ қояйықшы енді.
Мұғалім: Мен саған татуласқанымыздың құрметіне күй тартып берейін
(күй тартады, келін дастарханды жинай бастайды). (Барлығы қайтадан жаңағы үйге бірге URKER НАУРЫЗ әнін шырқап келеді, мәз-мейрам болып кіреді). Қалалық: Ата, мейрамда бір бата беріп жіберсеңізші!
Атасы: Балам-ау! Әлібай ата тұрғанда, менің бата бергенім ұят болар. Әлібай ата келіңіз, қол жайып бата беріп жіберіңіз.