Сабақ жоспары «А»-деңгейлі бала- Әбен Еділ «В»-деңгейлі бала- рахметова Жансұлу



Дата26.08.2017
өлшемі59,35 Kb.
#28853
түріСабақ
4 «Б» сыныпта өткен «Лессон стади» бойынша өткізілген сабақ жоспары

«А»-деңгейлі бала- Әбен Еділ

«В»-деңгейлі бала- Рахметова Жансұлу

«С»-деңгейлі бала- Жүсіпбек Айдана

Бақылаушы мұғалімдер- «А»деңгейлі- Искакова Р.А

«В»деңгейлі- Валеулина А.М



«С»деңгейлі-Шанашова

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты: Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру; судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін, судың еріткіш екенін, өсімдіктердің суды сіңіруі мен буландыруы туралы алған білімдерін пысықтау; оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдері мен күнделікті өмірден білетіндерін қорыту; су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту.

Түрі: Жаңа білімді меңгеру

Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (сыныпты 4топқа бөлу )

 Психологиялық ахуал қалыптастыру     
Мұғалім: Табиғаттағы барлық жылу-күннен 2мин

                      Өмірдегі барлық жылу – анадан.

     - Балалар, мен сендерге бүгінгі сабағымыз қызықты, әсерлі өтіп, сендерге ұнасын деп өз бойымдағы жылулықты сыйлаймын! Сәттілік тілеймін!
(оқушылар хормен)   Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз!

                                     Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!

-Рахмет! Мен сендердің жылулықтарыңды сезіп тұрмын. Ендеше сабағымызды бастайық.

Миға шабуыл:

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын:


 Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)
Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін
Жуады, 

Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)


Отқа жанбас, Суға батпас. (Мұз)

Тама-тама тас тескен. (Тамшы)



-Жақсы дұрыс таптыңдар, ал енді біз сендермен қар, мұз, жаңбыр, тамшы болып топтарға бөлінеміз.



Жер бетіндегі тіршілік судан тұрады. Адам баласының ағзасының өзі 80% пайызы судан тұрады.

-Су туралы не білеміз?(түссіз.мөлдір. жұққыш,еріткіш.иіссіз)



Слайд «Су туралы ақпарат»

  1. Судың қандай физикалық түрін білесіңдер?

  2. МҰЗ. СҰЙЫҚ.БУ

Слайд «Су» 7мин

  1. Жер неге су әлемі деп аталады?

Слайд «Су туралы таңғажайып деректер»

Жердің 4/3 бөлігін су алып жатыр.

-Жақсы балалар біз сендермен су туралы білімімізді жинақтадық.

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

-Су. Табиғаттағы су айналымы туралы ұғым қалыптастырамыз.



- Слайд «Табиғаттағы су айналымы»

-Ал енді бүгінгі жаңа сабағымызға мақсат қоя аламыз ба?

Таб.су айн. туралы ұғым қалыптастырамыз. Судың адам өміріндегі маңызы туралы,пайдасы туралы білеміз.
Ой толғаныс

-Балалар, жаңбыр қайдан келеді деп ойлайсыңдар?

-Жақсы, дұрыс айтасыңдар. 3мин

-Ал енді бәріміз бейнежазбаға қарайық,



Бейнежазба көрсету

-Сендер топқа бөлініп отырсыңдар. Ал енді балалар қазір өзара ақылдасып, топ ішінен бір топбасшыны сайлайсыңдар. (4 топбасшысы сайланады)

-Ал енді мына су ханзадасының қалпағы топ басшысына бұйырады.

Топ ережесін есімізге түсірейік:

1.Тыныштық сақтау

2. Сабақта белсенділік таныту

3. Бір-бірімізді тыңдау

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 40-42 бетін ашып, мәліметтерді қарап шығайық.

-Бейнежазба көргендерің бар, оқулықтан оқыдыңдар, «Қалам әдісі»бойынша бір-бірлеріңе айтасыңдар.

10мин

- Енді алдарыңа қарасаңдар № 1 деген қалта бар. Сонда тапсырма бар. Сол тапсырмаларды постерге саласыңдар.

1 топ: Су- ғажайып зат.

2топ: Су-табиғатта ең көп таралған зат. 10 мин

3 топ: Судың кереметі

4 топ: Бұлттың түзілуі немесе табиғаттағы су айналымы

Постерларын тақта алдында қорғайд



Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық

Арықпен бірге ағайық

Көлшік болып жиналып, 2мин

Күнге қолды бұлғайық

Күн көзімен құрғайық

Орнымызды табайық
Миға шабуыл:

-Сұрақтарға жауап

1. Су көп қайнаса не болады?

2. Су қайнағанда ғана буға айнала ма, әлде басқа жағдайлар бар ма? 5мин

3. Су қайда кетті деп ойлайсыңдар?

4. Салқын бөлмеде су қайнаса, әйнекте не пайда болады? (әйнек буланады, яғни булану конденсация деп аталады)

Біраздан кейін күн шықса, әйнектегі бу не істейді? кеуіп кетеді, бөлме ішінде де су айналымы жүреді.


Жуан-жіңішке сұрақтар

  1. Егер табиғатта су айналымы болмаса, жаңбыр жаумаса не болар еді? И (өсімдіктер бәрі кеуіп кетеді, таза ауа аз болады)

  2. Қыста табиғатта су айналымы бола ма?

  3. Судың қандай пайдасы және зияны бар?


Рефлексия «иә» «жоқ»

р/н

Сұрақтар

иә

жоқ

1

Су – ақ түсті.







2

Су – еріткіш.







3

Булану дегеніміз- сұйықтықтан буға айналу.







4

Табиғаттағы су айналымы – өзендегі судың қозғалысы.







5

Тұман – бу күйіндегі құбылыс.







6

Булану – тек қана мұхиттарда ғана жүреді.







7

Су ылғи да бір формада болады.







8

Фильтр арқылы суды тазартуға болады.








9

Су – иіссіз.









Диктафоннан су туралы өлең тыңдату.

-Топбасшылар өз тобындағы балалардың білімдерін бағалайды. 3мин


-Балалар сабақ бойы не үйрендіңдер? Сабақ сендерге ұнады ма?

Қандай деңгейде қатыстыңдар?



-Қазір өздерің бұлтта көңіл күйлеріңді жаңбыр тамшылары арқылы белгілейсіңдер.
Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет