«Астана Медицина Университеті» АҚ
Биохимия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: К витамині
Орындаған: Көпжасар Е.Н.
Тобы: 222 ЖМ
Тексерген: Идырысова А.А.
Астана 2016
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Негізгі көздері
Күнделікті норма
Гиповитаминоз
Қолдануы
Дозалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
К витамині майда еритін, аз мөлшерде бауырда жиналып, сақталатын витамин болып табылады. Ол күн сәулесінде және негіздік растворларда ыдырайды.
Ең бірінші рет 1929 жылы қанның ұюына әсер ететін фактордын бар болуы сипатталды. Даниялық биохимик Хенрик гам майда еритін витаминді еркешелеп, 1935 жылы оны қанды ұю қабулетіне сәйкес К витамині (koagulations vitamin) деп атады. Биохимиктің бұл жұмысы үшін оған 1943 жылы Нобель сыйлығы берілді.
К витаминін антигеморрагиялық немесе коагулянтты витамин деп атауға болады.
Сонымен қатар К витамині сүйектің түзілуіне және қалпына келуіне зор әсерін тигізеді. Ол остеокальцин – кальций криссталдануы жүретін, сүйек ұлпасының синтезін қамтамасыз етеді.
К витамині көбіне тамақ арқылы енеді және ішек микроорганизмдерімен аз мөлшерде синтезделінеді. Тамақ арқылы түсетін бұл витаминнің сіңірілуі өт арқылы жүреді.
Биологиялық активтілік кезіндегі синтетикалық препарат табиғи К1 витаминінің қызметін сақтайды.
Жалпы К витамині атауы өзіне химиялық қасиеттері, құрылысы және организмге әсері ұқсас болып келетін органикалық заттарды қосады (К1 витаминен бастап К7 витаминіне дейін).
К1 витамині – өсімдіктерде синтезделетін және өсімдік жапырақтарында болатын зат.
К2 витамині – көбіне адам организмінде аш ішектің микроорганизмдерімен (сапрофитті бактериялар) және жануарлар бауыры жасушаларымен синтезделетін зат. К витаминін ағзаның барлық ұлпаларда кездестіруге болады.
Химиялық табиғаты бойынша К витаминінің екеуі де нафтихинон болып табылады. К1 витамині 2-метил-фенил-1,4-нафтохинон, ал К2 витамині – 2-метил-3дифарэнзил-1,4-нафтохинон болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |