Бақылау сұрақтарына жауап береңіз



Дата09.04.2023
өлшемі36,32 Kb.
#174053
Байланысты:
Топырактану .Арыстан


  1. Бақылау сұрақтарына жауап береңіз:

  1. Минерал деген не?

  2. Минералдардың физикалық қасиеттеріне не жатады?

  3. Қаттылық қасиетін қалай түсінесіз?

  4. Моос шкаласына қандай минералдар кіреді?

  5. Қаттылықты анықтаудың басқа әдісіне не жатады?

  6. Жылтырлықтың түрлері?

  7. Тау жыныстары деген не?

  8. Пайда болуына байланысты тау жыныстары қандай топтарға бөлінеді?

  9. Магматикалық тау жыныстары деген не? Олардың негізігі өкілдерін атаңыз.

  10. Қандай тау жыныстарын шөгінді деп айтамыз? Олардың пайда болу жағдайлары қандай?

  11. Шөгінді тау жыныстарының негізігі өкілдерін атаңыз.

  12. Метаморфты тау жыныстары деген не? Негізгі өкілдерін атаңыз?

1) Минерал деп тұрақты химиялық құрамды, өзіне тән морфологиялық белгілері және әр түрлі физикалық қасиеттері бар, табиғи денені айтамыз.
2) Минералдардың физикалық қасиеттеріне оның түсі, кристаллдарының пішіні, мөлдірлігі, қаттылығы, тығыздығы, жымдастығы, бөлінуі, жылтырлығы, радиобелсенділігі және т.б. жатады.
3) Минерал қаттылығы – минералдардың сыртқы механикалық әсерге қарсы тұру дәрежесі. 
4) апатит , тальк , кальцит , флюорит, гипс
5) Қаттылықты анықтау үшін берілген минералдың таза жерін Моос шкаласындағы минералдың үшкір шетімен тырнайды. Егер Моос шкалаласындағы минерал берілген минералдан жұмсақ болса, ол онда өзі үгіліп, із қалдырады. Моос шкаласының минералы зерттеген минералдың үстінде анық тырналған жер байқалатындай межеге жету керек. Содан кейін минерал Моос шкаласындағы минералды тырнай ма екен, соны анықтайды.

6)) жылтырлық түрлері:алмазды-өте жарық, жылтырайды, алмаз ұшқыны сияқты (сфалерит, киноварь);
шынылы-шыны бетінің жылтырлығы сияқты (кальцит, тау хрусталы);
жібекті- жібек жібінің жылтырлығына ұқсайды (асбет, гипс);құлпырма-әр түрлі жарықта өзінің қарқындығын кемпірқосақты реңінде өзгереді (слюда, тальк);
майлы – минералдың беті май немесе парафин жағып қойған сияқты (кварц, күкірт);күңгірт –көмескі, минерал беті жылтырамайды.
7) Тау жыныстары дегенiмiз – алқап және қабат болып орналасатын, бiр немесе бiрнеше минералдардан құрылатын, дербес геологиялық дене.
8) Барлық тау жыныстары, пайда болуына байланысты үш топқа бөлiнедi: магмалық, метаморфты, шөгiндi. Тау жыныстарының 16 км тереңдiлiкке дейiнгі қабаттында жобалап алғанда: магмалық жыныстар 60%, метаморфты- 32%, шөгiндi тау жыныстары 8% болады.


9) Магмалық тау жыныстары.Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз
10). Шөгінді тау жыныстары[1] — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. 
11) Химиялық шөгінді тау жыныстарға гидрототықтар (бокситтер), фосфаттар (фосфориттер), кремнийлі (яшма, диатомит), карбонатты (әктас, доломиттер), тұздар (гипс, тас тұзы, калий тұзы) жатады.
12) Метоморфты тау жыныстары, жер қыртысынын кейбiр тереңдiгінде өтетiн, жоғары қысыммен температураның әсерiмен магмалы және шөгiндi жыныстардың қайта кристалдануымен терең өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет