Немересі: Ата, мен сыртта балалармен ойнап келемін.
Атасы: Ұлыстың ұлы күні мінекей, келіңіз, төрге шығыңыз.Сол мінекей(отырып жатады) ойбай жалғызсырап, кемпір жоқ, өзіңіз білесіз, осы мына наурызға қарсы келе ма деп ойлап едік, балалар жібермеді ма не хат хабар жоқ әйтеуір сол біле алмай жатырмыз.
Құдағи: Иә, ауылдың жағдайы белгілі ғой өзіңізге!
Атасы: Сол әлгі анау Түркістандағы баланың жанында ғой, білесіз ғой құдағи, немерелердің Дарында оқуы бар дегендей(келіні дастарханға заттарды тасиды). Шәйіңді жөнде келін!
Келін: Наурыз құтты болсын апа.
Құдағи: Бірге болсын балам.
Қалалық: Ахмет ата, Ахмет ата!
Атасы: Ау, ол кім тағы, қазір, ойбай, әйтеуір мінекей тағы біреу не ғылды ма, Жалғасты іздеп келді ма, ол кім ей?
Келіні: Ақтұмар апа?
Құдағи: Иә?
Келіні: Менің дайындаған наурыз көжем дұрыс шықпай жатыр, осы сіздікі дәмді болады ғой, қалай дайындайсыз
Құдағи: Ой балам-ай, әлі жассың ғой, «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген. Ол наурыз көжені дайындау үшін қазақтар қазы-қарта, жал-жайаны асады, соның сорпасына тоғыз түрлі дәм салады, оның ішіне бидай, тары, күріш, кеспе, тұз, май, айран солардың барлығы есептей келе тоғыз түрлі ас болады, содан наурыз көже шығады.
Келіні: Ақтұмар апа, осы айтады ғой, наурыз кезінде бір-бірімен ұрсысқандар табысу керек, реніштерін ұмыту керек деп жатады ғой, сонда мен түсінбеймін, ренжіткен адам сұрау керек па кешірім әлде екеуі бір-бірінен сұрай бере ма?
Құдағи: «Білмегенді кешіре білмесең, білгендігің қайда» деген балам,сондықтан өзің барып кешірім сұрасаң да артық болмайды, ол өзіңнің жақсылық, адамгершілігіңді көрсетеді айналайын.
Келіні: Анау біздің ауылдағы дене шынықтырудан сабақ беретін Бота деген спортшысымақ қыз бар ғой
Достарыңызбен бөлісу: |