Желілік деңгей. Арналық деңгей Хаттамадары, пакеттердің тасымалдануын тек
берілген типтік топологиялы желіде орындайды. Бір жағынан, типтік топологияға
пакеттерді тасымалдау процедурасының қарапайымдылығын сақтау үшін, ал екінші
жағынан еркін топологияларды қолданушыға рұқсат беру үшін, қосымша желілік деңгей
енгізіледі. Бұл деңгейде «желі» деген тар ұғым енгізіледі. Тар ұғым бойынша желі
дегеніміз, стандартты типті топологияларының біреуіне сәйкес бір-бірімен байланысқан
және сол топологияға белгіленген, пакеттерді тасымалдау үшін арналық деңгейдің бір
Хаттамаын пайдаланатын компьютерлердің бірлестігі. Осылайша, желі ішінде
хабарламаларды тасымалдауды арналық деңгей реттейді. Ал пакеттерді, желі арасында
тасымалдаумен желілік деңгей айналысады. Пакеттерді желілік деңгейде жеткізуді
ұйымдастыру кезінде «желі нөмірі» ұғымы қолданылады. Желілік деңгейде адрес ретінде,
осы желідегі желінің нөмірі және осы компьютерлер нөмірінен тұратын жұп
қолданылады. Желілік деңгейде қолданылатын адрестер мен арналық деңгей адрестері
(МАС-адрестер) бір-бірінен ерекшеленетіні белгілі.
Желілер бір-бірімен желіаралық байланыстар топологиясы туралы ақпаратты
жинайтын және соның негізінде тағайындалған желіге желілік деңгей пакеттерін
жібереді. Бір желідегі жіберушіден, екінші желідегі қабылдаушыға хабарлама жіберу
үшін, әр-кезде сәйкес келетін маршрутты таңдап, желілер арасында кейбір мөлшердегі
транзитивті тасымалдаулар жүргізу керек. Ең жақсы жол таңдау проблемасы
маршрутталу деп аталады, және оның шешу жолы желілік деңгейдің басты тапсырмасы
болады.
Желілік деңгейде хаттамадардың екі түрі анықталады. Біріншісі, соңғы түйіннің
мәліметтері бар пакеттерді маршрутизаторлар арасында және маршрутизаторларға
тасымалдау ережесін анықтайды. Желілік деңгейдің Хаттамадары жайлы айтқанды, дәл
осы хаттамадарды айтады(имеет в виду). Бірақ, желілік деңгейге маршрутты
ақпараттармен алмасу Хаттамаcы деп аталатын басқа түрлі хаттамадарды жиі
жатқызады. Осы хаттамадардың көмегімен маршрутизаторлар желіаралық байланыс
топологиясы туралы ақпараттар жинақтау үшін бір-бірімен өзара әрекеттеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |